Аягөз ауданының 2014 жылдың 1 сәуіріндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары



Дата22.02.2016
өлшемі15.91 Kb.
#1913
Аягөз ауданының 2014 жылдың 1 сәуіріндегі

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Өнеркәсіп. 2014 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан өнеркәсібінде қолданыстағы бағамен 1048,4 млн.теңгенің өнімдері өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 80,0% құрады.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2209,7 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімі деңгейінен 4,1%-ға артық.

Барлық шаруашылық категориялары бойынша 3224,7 тонна мал мен құс (тірі салмақпен) сойылып сатылып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,0% құрады. 7366,9 тонна сүт (2013 жылдың 1 сәуіріне қатысты 106,8%), 783,5 мың дана жұмыртқа (102,9%) өндірілді.



Негізгі капиталға инвестиция жұмсау. 2014 жылдың 1 сәуіріне негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 3830,4 млн.теңгені құрап, 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 304,1% құрады немесе 2570,9 млн.теңгеге артты.

Тауар айналымы. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 1980,0 млн.теңгені құрап, 2013 жылдың 1 сәуіріне қатысты 111,2% құрады немесе 200,0 млн.теңгеге артты.

Шағын кәсіпкерлік. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне тіркелген шағын кәсіпорындар саны 143 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 87, белсенділері 70 бірлік.

Денсаулық сақтау. Алғаш анықталған науқастардың ішінде туберкулез ауруымен ауыратындар саны 11 немесе өткен жылға қатысты 100,0% -ды құрап отыр.

Құқық бұзушылық. Құқық қорғау органдары бойынша үстіміздегі жылдың 1 сәуіріне 176 қылмыстық іс тіркелген. Бұл 2013 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 5,4%-ға жоғары. Ашылу деңгейі 50,7%-ды құрап, өткен жылға қатысты 113,4%.

Еңбек нарығы. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 327 адам. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 0,8% болып, былтырғы жылдың сәйкес кезеңі деңгейіндей.

Жыл басынан бері 100 адам жұмысқа орналастырылды, бұл көрсеткіш өткен жылдан 6 адамға аз. 2014 жылдың 1 сәуіріне 163 жаңа жұмыс орындары ашылып, 2013 жылдың 1 сәуірімен салыстырғанда 100,0%.



Еңбекақы. 2014 жылдың 1 сәуіріне жұмыскерлерге есептелген орташа айлық жалақы 79547 теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 5,7%–ға жоғарылаған.

Қаржы. 2014 жылдың 1 сәуіріне ауданның шаруашылық жүргізуші субьектілерінен 609,2 млн.теңгенің салықтары мен төлемдері аударылды, бұл қаржы болжамының 111,9%-ы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет