Зерттеу базасы: Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Павлодар педагогикалық университеті.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың мәндік сипаттамасы талданды; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзіреттілігінің мазмұны, сондай-ақ «арнайы құзыреттілік», «болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру» ұғымдары нақтыланды.
2. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудағы жобалар әдісінің мүмкіндіктері анықталды.
3. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды.
4. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды.
5. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі мен педагогикалық шарттарының тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жолмен тексерілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында оқу процесіне мыналар енгізілді:
- 5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу жоспарына сәйкес пәндер бағдарламаларына (базалық пәндер (БП) циклындағы «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»; кәсіптендеру циклындағы (КП) («Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі», «Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту әдістемесі», «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі» (ТК) қосымшалар;
- оқу құралы:
Бастауыш мектепте жобалар әдісін пайдалану.
- электрондық оқу құралы:
Білім беруде жобалар әдісін қолдану.
-әдістемелік ұсынымдар:
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Оқу пәндері мазмұнын жобалау» атты әдістемелік ұсыным.
- элективті курс:
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру.
- семинарлар және дөңгелек үстелдер:
1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы.
2. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістемесі.
Зерттеу нәтижелері мен қорытындылары, «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру» атты элективтік курстың оқу-әдістемелік кешені болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау жүйесінде қолданыс таба алады.
Достарыңызбен бөлісу: |