Аяпбергенова гульсум сагындыковна


Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері



бет7/48
Дата11.04.2024
өлшемі4.5 Mb.
#498402
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
ayapbergenova-g-s-phd-s-sp (2)

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:
- философиялық деңгейде: тұтас педагогикалық үдерісті дамыту тұжырымдамасы ретіндегі білім берудегі диалектикалық-материалистік тәсілдеме (В.И. Загвязинский, В.С. Ильин, В.В. Краевский, А.М. Новиков және т. б.); тұлғаның іс-әрекеттегі тұтас даму процесінің тұжырымдамасы (Б.Г. Ананьев, Ю.К. Бабанский, П.Я. Гальперин, А.Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Н. Ф. Талызина, Э. Г. Юдин және т. б.); адам тұлғасын жоғары құндылық ретінде анықтайтын және адамның әлеуметтік даму процесін өзіндік мақсат ретінде қарайтын аксиологиялық тұғыр (М. С. Каган, Д. С. Лихачев, В. А. Сластенин, Е. Н. Шиянов және т. б.);
- жалпы ғылыми деңгейде: білім беру процесі мен әрекет құбылыстары арасындағы өзара байланысты зерттеудегі жүйелі-құрылымдық тұғыр (С.И. Архангельский, В.П. Беспалько, Н.М. Борытко, М.С. Каган, В.В. Краевский, Н.В. Кузьмина, Н.К. Сергеев және т. б.); білім беру процесінде тұлғаның дамуына іс-әрекеттік тәсілдеме (В.П. Беспалько, А.А. Вербицкий, Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, В. В. Загвязинский, И. П. Иванов, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн және т. б.);
- нақты-ғылыми деңгейде: тұлғалық-бағдарланған білім беру парадигмасымен шартталатын ізгілендіру және білім беруді ізгілендіру идеялары (И.В. Бестужев-Лада, А.А. Бодалев, Е.В. Бондаревская, Б.С. Гершунский, Б.М. Неменский, В.В. Сериков, В.А. Сластенин және т. б.); оқу іс-әрекеті теориясы (П. Я. Гальперин, В.В. Давыдов, М.В. Кларин, А.Н. Леонтьев, И.Я. Лернер және т. б.); білім берудегі құзыреттілік тұғыр идеялары (В.И. Байденко, Т.Ю. Базаров, А.Г. Бермус, В. Гутмахер, Г.Е. Исаева, Э.Ф. Зеер, И.А. Зимняя және т. б.).
- технологиялық деңгейде: жобалық оқыту саласындағы теориялық идеялар (П.П. Блонский, П.Ф. Вахтерова, П.Ф. Каптерева, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий және т. б.), жоғары мектептегі студенттердің жобалық іс-әрекеті бойынша құзыреттілік тұғырлар (В.И. Загвязинский, В.П. Ларина, В. А. Пупков, И. Э. Смирнованың және т. б.) құрайды.
Қойылған міндеттерді орындау үшін зерттеу әдістері қолданылды: теориялық: зерттелетін мәселенің әзірленуінің жай-күйін және дәрежесін анықтау үшін зерттеу мәселесі бойынша отандық және шетелдік авторлардың философиялық, психологиялық-педагогикалық дереккөздерін талдау және жалпылау, нормативтік-құқықтық құжаттарды талдау, жобалар әдісін пайдалану бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің құжаттарын оқып үйрену; эмпирикалық: студенттермен, педагог-практиктермен, жоғары оқу орны оқытушыларымен сауалнама жүргізу, бақылау, әңгімелесу; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша құрылымдық-мазмұндық модель мен педагогикалық шарттардың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік тексеру; мәліметтерді математикалық тұрғыдан өндеу және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет