Қазақ даласына Ислам діні таралуының мәдени, тарихи және рухани бастаулары


«Тіллә-Қари» және «Ширдар» медреселерін



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата06.10.2023
өлшемі1.12 Mb.
#479945
1   2   3   4   5   6   7   8
лекция3 Қазақ даласына ислам дінінің келуі

«Тіллә-Қари» және «Ширдар» медреселерін
салдырушы қазақтың
батыры Жалаңтөс екендігін жазады. Сонымен қатар, ғалым
«Бұқарадағы «
Көкілташ» медресесінің салынуы
» атты
мақаласында да аталған медресенің салыну тарихын қазақтан
шыққан Көге деген адаммен байланыстырады. Қазақ жұртының діни
тарихы, рухани мәдениеті Орта Азия халықтарымен ортақ
байланыста болып, тығыз дамыған. Мұны тарихшы ғалым
Н.Нұртазина «Народы Туркестана: проблемы Ислама, интеграции, 
модернизации и деколонизации на рубеже ХІХ-ХХ веков» атты
монографиялық еңбегінде Түркістан жұртының (жалпы Орта Азия 
халықтарының) діни сенімі мен рухани байланыстары ортақ, 
бірлікте болғандығын ғылыми түрде дәлелдейді. Сондықтан
қазақтың діни ілімі мен дін тарихы туралы сөз қозғалғанда, Орта 
Азияның ірі діни ошақтары болған Бұқара, Самарқан, Хиуамен
байланысты қарастырылады.


ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ҚОЖАЛАРДЫҢ ИСЛАМ ДІНІН 
ТАРАТУДАҒЫ ОРНЫ
Қазақ халқының құрамында генеалогиялық қатынасқа түспейтін, үш жүздік құрылымға енбейтін топтар төрелер мен 
қожалар орын алады. Қожалар үш жүзге кірмейтін рулар ішінде өздерінің болмыс-мінезімен, әдет-ғұрпымен дараланған
субэтникалық топтың бірі. Қожалар тобы тарихи-табиғи процесс нәтижесінде қалыптасқан этнос құрылымының элементі
болып табылатын этникалық жүйе ретінде қазақ ұлтының бір бөлігіне айналғанына да көптеген ғасыр өтті. Этностың
құрылымындағы мұндай даралану Л.Н.Гумилев бойынша, субэтнос болып табылады.
Қожалар елдің рухани өмірінде мұсылмандық мәдениеттің ең жоғарғы қызметшісі, сондықтан да Орта Азия мен қазақ халқы
арасында мұсылман дінін таратып уағыздаушы, әрі Мұхаммед пайғамбардың алғашқы халифтарының ұрпағы болып
есептеледі.
Заманды өзгертетін, немесе қоғамның тұрақтылығын ұстап тұратын күштердің бірі рухани байлық, оның негізі берік сенімді
орнықтыратын дін. Қазақ халқында, көшпелі ортада Алланың бірлігіне, имандылыққа бас июге, мұсылмандықты уағыздаушы
молдалар және қазақ халқының құрамындағы дін иелері ретінде танылған субэтникалық топ-қожалар екендігі белгілі. Олар
Кеңес өкіметі орнап, Коммунистік партия үстемдік еткен кезеңде де, қоғам өмірінде мұсылмандықты, құран оқуды, шариғат
негіздерін насихаттап, оларды халыққа таратып, мұсылмандықты барлық ортада іске асырушылар ретінде танылды.
Қазақ даласындағы мұсылман дін иелері ишандар және олармен қоса қожалар болды. Сондықтан да олар қазақ қоғамында
жоғарғы топ иерархиясын құраған.
Ишандар және олардың қазақ даласындағы ықпалы олардың діни ілімі болды. Олар ел өмірінде әлеуметтік топты құра
отырып мұсылман дінінің имандылық-тәрбиелілік қасиеттерін үгіттеп, мешіт салдырып, медреселер ашты.
Ишандар туралы В.В.Бартольд өз зерттеуінде, «олар суфизм жетекшілері, Түркістан өңірінде бұл атау «шейх, пір, ұстаз
(яғни оқытушылар)» және оған қарама-қарсы «мүрид» мағынасында қолданылған» десе, онан әрі анықтағанда «ишан»-Орта 
Азиядағы суфизм жетекшілеріне берілетін атақ, ол мұрагерлік ретінде әкесінен баласына өтіп отырды


ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙ КЕЗЕҢІНДЕГІ ИСЛАМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет