«Қазақ әйелі» концептіcінің бейвербалды амалдар арқылы берілуі



бет2/6
Дата03.08.2023
өлшемі57.47 Kb.
#475930
1   2   3   4   5   6
Қазақ әйелі

Биғайшаның бетіне қызыл ойнап, қас-қабағын кере, көзін төңкере тастады. (Ж.Шаштайұлы. Жала мен нала. 56-б.)
Қазақ халқының да қарым-қатынас жасау мәдениеті ұлттың рухани мәдениетін, оның таным, талғамын бейнелейтін коммуникацияның бейвербалды амалдарына да бай деуге болады. Мысалықос қолдап амандасу, иіліп сәлем салу, төс қағыстыру, бет шымшу, ернін сылп еткізу, жаулығымен көзін сүрту, алдына қамшы тастау. т.б. кинемалар қазақ халқына тән ұлттық болмысты танытатын бейвербалды элементтерге жатады. Көркем мәтінде көрініс тапқан ұлттық сипаттағы кинемалардың мән-мазмұнын саралай келе, тілімізде жиі кездесетін осындай бейвербалды элементтерді қолдану басымдылығына орай ер кісілерге, әйелдерге тән және ортақ кинемалар деп арнайы бөлген С.Бейсенбаеваның пікіріне қосыламыз [36, 13 б.].
Мысалы, ер адамдар қарым-қатынасында «малдас құрып отыру», «төс қағыстыру», «қамшы тастау», «мұртынан күлу», «сақалын шошайту», «сақал­мұртын сипау» т.б. ишараттары жиі көрініс берсе, ал «бетін шымшу», «шашын жаю», «шашын жұлу», «орамалын бұлғау», «қос бүйірін таяну», «ернін сылп еткізу» т.б. әйелдерге тән кинемалар болып есептеледі. Ал «қол бұлғап шақыру», «жағасын ұстау», «басын изеу», «мұрнын шүйіру» сияқты ым-ишарат түрлері ортақ болып келетіні анық.
Түрлі әлеуметтік топ пен жыныстар арасындағы қарым-қатынастың тілдік немесе жоғарыда келтірілгендей тілдік емес факторларын көркем мәтін аясында кейіпкерлердің көңіл-күйін, ішкі сезімін, түрлі жағдайға көзқарасын алуан түрлі психологиялық ерекшеліктерін нақты бейнелеу үшін авторлар өзге көркемдік тәсілдермен қатар түрлі кинесикалық элементтердің көмегіне де жүгінетінін байқауға болады. Сонымен бірге күнделікті өмірмен қатар көркем шығармаларда кездесетін этномәдени элементтер коммуниканттардың әлеуметтік және биологиялық белгілеріне байланысты кинетикалық жүріс-тұрысы мен мінез-құлқының ұлттық ерекшелігін зерттеп-білуге мүмкіндік береді.
Ұлттық мәдениетімізді, ұлттық дүниетанымымыз бен таным-талғамымызды айқынырақ танытатын ым-ишараттар, олардың ішінде қазақ әйеліне тән кинесикалық элементтер қазақ жазушыларының шығармаларында молынан ұшырасады. Әйтсе де, қазақ этносы өкілінің қайталанбас қасиеттерін білдіретін қайсыбір кинемалардың кей жағдайда әйел мен ер кісіге, үлкен-кіші қауымға ортақ болатынын да ескерген жөн деп есептейміз. Мысалы, күнделікті өмірде үлкен маңызға ие сәлемдесу әр халықтың тілінде әр түрлі болып келуімен бірге коммуниканттардың әлеуметтік, биологиялық, т.б. сипаттары мен қатынас формаларына орай сараланып, ерекшеленіп тұрады.
Сәлемдесудің белгілі, қалыптасқан вербалды түрлерімен бірге бейвербалды амалдары да қолданылады:


Сол уақытта Абай үлкен ықылас білдіріп, айрықша бір тағзыммен төсін басып, қатты дауыстап:
– Ассалаумағалейкүм!.. – деп сәлем берді (М.Әуезов. Абай жолы).
Ер адамдар қос қолдап, төс қағыстырып амандасса, қыз балалар мен әйелдер бір-бірімен құшақтасып, сүйісіп немесе қол алысып амандасуы мүмкін. Сондай-ақ қазақ халқының әдет-ғұрпында жас келіндердің ата-ене, қайын ағалары немесе жасы үлкен кісілермен тізесін сәл бүгіп, қолын айқастырып тізесінің үстіне қойып, басын иіп сәлемдесу дәстүрі бар. Мысалы,

Үшеуі де қабырғаласып өте берген Есенейдің пәуескесіне беттерін бұрып, бір тізелеп сәлем етті (Ғ.Мүсірепов. Ұлпан.).

Ұлпан үлкендерге бұрылып бір тізелеп сәлем еттіШынар да соны істеді, ұяла-ұяла, бетін жаулығымен бүркемелеп сәлем етті (Сонда).
Көп уақыттан бері көріспеген жақын, туыс адамдардың бірі екіншісінің мойнынан құшақтап немесе мойнына асылып сағынышы мен қуанышын білдіретіні белгілі. Мұндай қимылдар қыз бала не жас әйел тарапынан немесе жасы кіші бала мен оның шешесі, әкесі, атасы-апасы арасында жиі кездеседі. Аталған ишарат түрі сондай-ақ жақын адамына еркелеу мәнін де білдіреді. Мысалы, Орысша киінген әйел таныған сайын келіншек тесірейе қарап, дәл қасына келе бергенде:


- Бауырым, жиен-ау, сені де көретін күн бар екен! – деп, ұшып түрегеліп, мойнынан құшақтай алды (Ж.Аймауытов. Ақбілек).

Салтанат сыңғырлай күліп, мойныма асыла құшақтады да, тостақты ерніме тақады (Д.Исабеков. Гауһартас).
Сыйлас құдағилар арасындағы сәлемдесу этикеті де ұлттық әдет-ғұрыпты танытатын бейвербалды амалдардан тұрады. Мысалы,


Құдағи! – деп жайраңдай күліп Жаниша келді. Қос құдағи әуелі қолдарын ұшынан ұстасып, құлаштарын екі жағына үш-үштен керіп барып құшақтасты (Ғ.Мүсірепов. Ұлпан).
Ері, баласы, жақыны, туысы қайтыс болған әйелдің қара жамылып, жоқтау айтуы – халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Қайғы-қасіреті мен шерлі көңілін жақынын жоғалтқан әйел бетін жырту, бетін тырнау, шашын жаю, шашын жұлу, қос бүйірін таяну сияқты паралингвистикалық амалдар арқылы білдіріп, қайтыс болған ерінің, баласының, туысының жақсы, асыл қасиеттерін жоқтау жырына арқау еткен. Мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет