Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет7/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   143
Кітап Тәрбие

Қазақ халқының тілі, ділі, салт-дәстүрлері - оны зерттеуде әдіснамалық арқау болады. Қазақ тілі жалғамалы тіл болғандықтан басқа тілдерден енген "кірме сөздер" (мысалы: волость-болыс, самовар-самауырын) және тілдер тоғысуы арқылы байып, қалыптасқан бай тіл және байып, дами беретін қасиетті тіл. М. Жұмабаевтің сөзімен айтсақ, " Қазақ тілінде қазақтың сары даласы, біресе желсіз түндей ашық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі - бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. Осы күні түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ" (М. Жұмабаев. Педагогика. -А., 1992).
Көне түркі жазба ескерткіштері, кейінірек нұсқа болып, бізге жеткен қыпшақ тіліндегі жазба ескерткіштер ("Кодекс Куманикус"), одан кейінгі қазақ тілінің түрік тілдерінен даралана (өз ерекшеліктерімен өзгеше дамуы байқалған) бастауы кезінде пайда болып, этнопедагогика тарихында алтын арқау болып қалған. "Қорқыт ата кітабы", әл - Фарабидің 200 кітаптық еңбектері, Қожа Ахмет Яссауидің "Диуани хикмат" ("Даналық кітабы"), Махмұд Қашқаридың "Диуани лұғат ат-түрік" ("Түрік тілінің сөздік кітабы") одан кейінгі ұлы тәлімгер Мұхамед Хайдар Дулатидың "Тарихи Рашиди", "Жаһаннама" кітаптары - қазақ тілінің және этнопедагогикалық ойдың дамуын көрсететін тарихи құндылық болып табылады.
Қазақ этнопедагогикасының методологиялық тірегі - ұлттық әдебиет десек, сол ұлттың әдебиеттің ауыз әдебиетінің жалғасын жазу әдебиетімен жалғастырып, жазу әдебиетінің негізін қалаған Абай, Ыбырай шығармалары қазақ халқының ұлттық әдебиетінің өркендеуінің бағдаршамы болды да, қазақ әдеби тілін қалыптастырды.
Қазақ этнопедагогикасының тарихи негіздерін зерттеу методологиясында (әдіснамасында) біз қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық, синтаксистік, графикалық ерекшеліктерін ескеріп, оны зерттеу тәсілдерінде, іс-әрекетте қолданамыз. Мысалы: Көне түрік тілінде сөз басында қолданылатын "й" дыбысы, кейін қазақтың дамыған тілінде "ж" дыбысы болып, (йоқ-жоқ) "ч" дыбысы, "ш" дыбысы болып (челек-шелек, қачан-қашан), л, д, т дыбыстары ассимиляцияланып (дослар-достар), жеке сөздер не жуан, не жіңішке дыбыстардың үндесуімен сингармонизациялық үндестік тауып, кейде "й" дыбысының дифтонгтік әсермен түсіп қалуы (ауызша: келейатып-жазбаша: кележатып) т.б.
Қазақ тілінің жазу мәдениетінде руна жазуы, араб жазуы, латын жазуы, кирилица жазуы тарихи кезеңдерге байланысты өз кезінде пайдаланылды, соңғы жазу - кирилицаны (1940 жылдан бері қазақ тілі жазу мәдениетінде) ұлт оны өзінің ана тіліне лайықтап, қазақ тілі емлесі ретінде пайдаланып келеді. Қазақ этнопедагогикасының тарихын этнографиямен, жазу мәдениетімен байланыстыра зерттегенде біз осы жазу қолданыстарын жан-жақты зерттеп, жазу мәдениетінің белгісі ретінде қарастырамыз.
Қазақ тілі - қазақ ұлтының ұлттық тілі, Қазақ Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады. Қазақ тілі республикалық барлық мектептерде, жоғары оқу орындарында міндетті оқу пәні ретінде оқытылады, сондықтан қазақ этнопедагогикасының тәрбиелік мәнін пайдалануда біз қазақ тілін жан-жақты пайдаланамыз.
Қазақ тілі Москва Мемлекеттік Университетінде, Петербург мемлекеттік университетінде т.б. жоғары оқу орындарында Өзбек, Қырғыз, Түрік мектептерінде, Түркия, Польша, Швеция, Германия, Болғария, Венгрия т.б. мемлекеттерде, әсіресе түркі тілдес мемлекеттерде оқытылады, бұл жағдайда этнопедагогикалық шығармалар осы аты аталған жоғары оқу орындарымен қатар ірі-ірі мемлекеттерде де қазақ тілінде тәрбиелік іс-әрекетте қолданылып, этнопедагогикалық мәнін арттырып келеді.
Қазақ тілінің тәрбиелік (этнопедагогикалық) мәні оның әуезділігі мен үйлесімділігіне де байланысты. Дүниежүзіндегі тілдердің ішінде қазақ тілі ең әуезді, әсерлі, үйлесімді тіл болып табылады.
Қазақ халқы шешен халық. Әрбір шешендік сөз тыңдаушыны тәрбиелейді, оған ана тілінің ақықтарын, асылдандыра үйретеді. Ал ақындық (көбінесе жатқа айтушылық) өнері тәрбиеленушінің ойын, тілін дамытумен бірге, оның қазақи қасиеттерін қалыптастырады. Соның бәрі ана тілінің (яғни қазақ тілінің) қарымдастығына байланысты. Тіл ұрпаққа шешендікті де, тіл өнерінің барлық жанрларын да үйретеді.
Ұлттық тәрбиенің негіздерін біз ұлттық ділмен (болмыспен) рухани негіздерімен, ұлттық әдеппен, ұлттық ерекшеліктерімен (менталитетімен) байланыстырамыз.
Қазақ халқының ұлттық болмысы оның иманды, қонақжай, ержүрек, өнерпаз, шешен, намысты халық екенін көрсетеді.
Қазақ халқының имандылығын оның әдебі мен қайырымдылық дәстүрлерінен, кісілік бейнесінен көреміз. Имандылық дінмен де байланысты. Мұсылман дінін өз діліне сіңіре қалыптастырған халық имандылық рәсімдерін толық орындау әрбір перзенттің парызы деп есептейді.
Кең даланы молынан иемденген халықтың қонақжайлылығы ұлттық тұрмысқа (көшпелі, жер шалғайлы, мал шаруашылықты тіршілік т.б.) байланысты. "Құдайы қонақпыз" деп, келген адам ұлтына, жынысына, тегіне, жасына, нәсіліне қарамай, ауылдағы кез келген үйге қонақ болған. Қонақ күту, қонақты шығарып салу рәсімдері (мал сою, сыбаға беру, ат мінгізіп, шапан жабу) әрбір отбасының жағдайына қарай, мүмкіндігінше толық орындалатын болған.
Қазақ халқы ержүрек, батыр халық оған көптеген батырлық жырлар және батырлық жәдігерлер дәлел бола алады. Батырлар елі осынша кең далаға ерлігінің арқасында еге болғандығы қазақ этнопедагогикасында тәрбие құралы ретінде пайдаланылады.
Қазақ халқы өнерпаз, әнші, ақын халық. Қол өнерінен бастап, барлық өнерді жастарынан үйренуді талап ете білген халық "ер жігітке жетпіс өнер де аз", жігіт "сегіз қырлы, бір сырлы" болу керек деп түйеді.
Қазақ ұлтының әрбір өкілінің ақындық бейімділігі бар. Ол өз ойынан өлең шығармаса да, қазақтың қара өлеңдерін жатқа біледі.
Мысалы: қазақ халқының осы бейімділігі "қонақ кәде" рәсімінде пайдаланылады.
Қазақ халқының "дала мәдениеті" оның саналуан өнерпаздық, әдептік ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл үрдіс қазақ этнопедагогикасының (ұлттық тәлім-тәрбиесінің) тәрбиелік құралы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет