Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚҰРАЛЫ-ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ



бет2/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143
Кітап Тәрбие

1.ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚҰРАЛЫ-ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ
Қазақ халық педагогикасының ғылыми теориясы
Қазақ халық педагогикасы (қазақ этнопедагогикасы) - нысанды ақиқат заңдылықтарын бейнелейтін, дәлелді теориялық жүйеде түзілген ілімдердің философиялық қисынды қүрылымын көрсететін, яғни халық педагогикасы мен ұлттық педагогикалық өнегелерді зерлеп, дәлелдеп баяндайтын ғылым.
Біз ғасырлар бойы халық қалыптастырған осы қазақ этнопедагогикасын жоғары оқу орындарында оқытудың теориялық негіздерін саралау үшін, ең әуелі оның ғылыми-теориялық алғышарттарын жүйелеп, көрсете білуіміз қажет болды.
Қазақ этнопедагогикасының ғылыми негіздері қазақ халқының этникалық болмысының тарихи қалыптасуына, халық педагогикасының ұлттық ерекшеліктеріне байланысты жүйеленіп тұжырымдалды.
"Этнос" (ру, тайпа, ұлт) және "педагогика" (оқыту, тәрбиелеу, дамыту туралы ғылым) сияқты екі сөзден құралып, «этнопедагогика» деп аталатын бұл ғылым - белгілі бір ұлттың (нақтылай алсақ, қазақ ұлтының) ғасырлар бойы өмір тәжірибелері арқылы жасаған тәрбиелік, дүниетанымдық тарихи құндылығы болып табылады.
Қазақ халық педагогикасының ғылыми алғышарттары: Қазақ халық педагогикасы (қазақ этнопедагогикасы) - қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін айқындап, оның өмір тәжірибесі арқылы тәлім-тәрбиелік, дүниетанымдық құралы ретінде қалыптасқан ғылым. Яғни әрбір халықтың немесе ұлттың өз ерекшеліктеріне сәйкес тәлім-тәрбие жүйесі қалыптасқан. Ол "қалыпты" ешбір "ғаламдастыру" бұза алмайды.
2. Этнопедагогика жалпы ұқсастығымен дүние жүзіндегі барлық халықтар мен ұлттарға тән ғылымның атауы болғанмен, ол жеке бір халықтың, не ұлттың, өзіне тән тәлім-тәрбиелік (педагогикалық) ерекшеліктерді айқындап көрсетеді. Ол ерекшеліктер әрбір халықтың ауыз әдебиетінен, салт-дәстүрінен, тұрмыс-тіршілігінен айқын көрінеді. Сондықтан этнопедагогика туралы "жалпылық" түсініктер мен тұжырымдар бұл ғылымның этникалық мәні туралы жалпылау ұғымды білдіреді.

  1. Жеке халықтың немесе ұлттың (этностың) этнопедагогикасын (яғни ұлттық педагогикасын) ғылым ретінде дәлелдеу үшін, біз ең әуелі сол халықтың, не ұлттың этностық болмысын, тілін, тәлім-тәрбиелік құралдарын жан-жақты зерттеп, жүйесін айқындап, бұл этнопедагогика сол ұлттың өзіне тән ғылым екендігін дәлелдеп, өз атымен атаймыз. (Мысалы, "Қазақ этнопедагогикасы").

  2. Ғаламдағы алты мыңнан аса ұлыстар мен ұлттардың әрбірінің өзінің ұлттық (этностық) ерекшеліктері бар. Олар ғылыми жағынан зерттеліп, айқындалмаған, сондықтан олардың бәріне ғылыми жеке-жеке анықтама беру мүмкін емес. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап зерттеліп, ғылыми жағынан дәлелденген қазақ этнопедагогикасы ғылым ретінде қалыптасты да, пән ретінде оқу-тәрбиеісінде қолданылмалы құндылыққа айналды.

  3. Қазақ этопедагогикасы - ғаламдағы барлық өркениетті елдердің этнопедагогикалық құндылықтарын бойына сіңіріп, этникалық ерекшеліктерімен айқындалып, дами беретін ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылым.

Осындай ғылыми-теориялық алғы шарттары толымды айқындалған этнопедагогика ғана сол ұлттың (этностың) халықтық педагогикасы (этнопедагогикасы) мәнінде ғылымдық атауға ие бола алады. Қазақ этнопедагогикасы (қазақ халқының ұлттық педагогикасы) - ғылыми ұлттық мәні дәлелденген. педагогикалық мазмұны айқындалған ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет