Қазақ филологиясы кафедрасы қазіргі қазақ тілінің ҚҰрмалас сөйлем синтаксисі пәні


Тест№ 1. Есімше арқылы жасалған төменде берілген сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін анықтаңыздар



бет3/6
Дата16.05.2024
өлшемі45.86 Kb.
#501295
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
ZOEWIWSZHASK15052024225952

Тест№ 1. Есімше арқылы жасалған төменде берілген сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін анықтаңыздар:

1

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас


2

Шартты бағыныңқылы сабақтас

3

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

4

Амал бағыныңқылы сабақтас

5

Себеп бағыныңқылы сабақтас

6

Салыстырмалы сабақтас

1. Таң ата көзі ілінген Қиялхан жай түскеннен бері, тұңғыш рет түс көрді.


2. Осы екпінмен лекітіп етпетінен құлағанша, ол бұл жерден безе беруге бел байлаған.
3. Асығыс аттарына қонғандықтан, Ителгі жігіттерінің қолында шоқпар да, сойыл да жоқ.
4. Тау іші бұрынды-соңды болмаған бір сұрқай сұсты күйге енгендей, өзгеше бір қоңыржай жуастықпен мойынсұнады нөпір нөсерге.
5. Садақбайдың сықпыты бейне кісі өлтіргендей түтігіп отырған соң, оның жүрегі дауаламаған.
6. Әлдекім бас салып тұншықтырғандай, өз-өзінен булығып үстіндегі шекпенді ауырсына сілкіп жіберді.
7. Бір қызығы бағанадан бері сорғалап тұрғанымен, көзін дымдап ашытқан емес.
8. Тасты ықтап отырғандықтан, бұл үйді аңырақайдан соққан аңызық шала алмайтын.
9. Қыз әкесі мені көрмегендей, сол жас қабірге тесілген қалпы меңірейіп тұра берген.
10. Бәкен бәрін жап-жақсы түсінгенімен, кемпірқосақтың неден пайда болатынын түсінбей-ақ қойды.
11. Қасқырлар қамалап қоймаған соң, шанадан түсіп қалған бір бау шөпті өртепті.
12. Дастархан басында төрт көздері түгел жиналған соң, Нұрке кемпір алақанын жайып бата берді.
13. Суы қанша мөлдір болғанымен, күндіз-түні қап-қара болып тұнып, уайым уыстап жататын.
14. Мен әкем-шешемнен бес жасымда қалғанымен, сонда да аштан өліп, көшштен қалғаным жоқ.
15. Мен жұмысшы болғанымен, қазір өндіріс бастығы есебінде сөйлеймін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет