Қазақ филологиясы в15. 110 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде педагогикалық зерттеу



бет2/50
Дата20.05.2022
өлшемі295.85 Kb.
#458423
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
аза филологиясы в15. 110 аза тілі мен дебиеті п нінде педаг

Бірлескен және топтық жұмыс Бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай: 1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады. 2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді. 3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады. 4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады. 5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастық арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген. Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Топтық жұмысбарысында мынадай дағдылар дамиды: Қарым-қатынас: жазбаша және ауызша әңгімелесу, тыңдау, ым мен қимылды пайдалану; Өзін-өзі таныту: үстемдік танытпай, топтағы жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі сенімді болу; Басқаларды қолдау: топтың қызметіне үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді қатысу үшін шиеленіскен жағдайларды шешу; Басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу. Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет? Топтағы оқушылардың саны оқушылар арасындағы сонымен қатар, оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты барынша тиімді қамтамасыз етуі тиіс. Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе теңдікті орнату маңызды. Мысалы, көптеген шағын топтар немесе жұп шектеулі қысқа уақыт (мысалы, шамамен 5 минут) барысында тиімді жұмыс істей алады. Аздаған үлкен топтарда оқушылардың көңілі басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, мұғалім бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсетуі керек. Сабақ аяқталған соң мұғалім оқушыларды топтағы жұмыс үдерісі жайлы және оның нәтижелері туралы ойланулары үшін түрткі жасау керек. Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады.
Сабақ-мұғалімнің шығармашылығы. Оқыту процесінде барлық оқушыларды белсенді қатысуы мен өзара қарым –қатынасқа түсуі бізге байланысты. «Пассивті» оқушыдан «активті» оқушы жасау үшін интерактивті оқыту технологияларының элементтерін қолдану қажет. Өзін-өзі реттей білетін, жаңалыққа құштар ұстаз заман ағымына қарай өзгере алатын болуы керек. Мұғалім тағдыры-үнемі , өмір бойы іздену, оқу-тоқу. Үнемі ізденіс үстінде жүретін мұғалім жаңа мектеп моделін шығаруына өз үлесін қосады. Себебі білікті ұстаз өз сабағына оқушыларды тегіс қатыстыра алады. Егер сабағын балалардың қызығушылығы арттыратындай етіп құрастырса, оқушының оқуға деген ынтасы да пайда болады, әр сабаққа бала өз қалауымен барады. Бұның бәрі тек біздіің өзіміздің қолымызда және балаларды қолдап, мадақтап отыру қажет. «Оқушы – толтыратын құмыра емес, тұтататын алау», - деп Д.Хорвард айтқандай, шәкірттерімізге сапалы білім беру, біздің міндетіміз. Нарықтық экономиканың сұраныстарын қанағаттандыруға және экономиканың, дамуына сай жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін мұғалімде жұптық, топтық жұмыстарды пайдаланып, оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажет. Осылай оқушылардың білім жетістіктерінің деңгейін көруге болады деп есептеймін. Қорыта келе, іздену, тиімді әдістерді тауып, пайдалана білу, сабақ барысында үнемі түрліше әдістерге сүйеніп отыру керек екендігін қазіргі таңда әр оқытушы түсінеді. Ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов былай деген екен «жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолда білу арқылы ғана жетуге болады. Сонымен қатар, бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, табанда өзі қажет әдісті тауып, пайдалана білу керек» (А,1928, 32 бет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет