Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының



Pdf көрінісі
бет14/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
annotation23044

М. Қашқари 
Қазіргі қазақ тілі 
ата 
ата 
апа 
апа 
алп 
алып 
атан 
атан 
ахсак 
ақсақ 
ахшам 
ақшам 
арслан 
арыстан 
Тон ыш болды 
Тон ыс болды 
оң іш 
оң, дұрыс іс. 
іңір 
іңір-жарық 
пен 
қараңғылықтың 
түйісетін сәті 
ол ет асды 
ол ет асты 
ол қағунды ойды 
ол қауынды ойды 
ат ағсады 
ат ақсады 
таныш-біліш 
таныс-біліс 
көлук 
жүк артатын көлік 
сенің көзіктің кәлді 
сенің кезегің келді 
бір тілім ет 
бір тілім ет 
ет қақланды 
ет қақталды 
Қазіргі қазақ тілінде өзгеріссіз сақталған орта ғасырдағы кейбір жекелеген 
түркі сөздері мен сөйлемдерін ғана мысалға алдық /50/. 
Көптеген зерттеушілердің пікірінше, қазіргі қазақ тілі басқа түркі халық-
тары тілдеріне қарағанда ежелгі түркі тіліне көбірек ұқсайды, сондықтан ке-
лешекте қазақ тілі барлық түркілердің біртұтас тілінің негізін құра алуы 
мүмкін. Зерттеушілердің пікіріне құлақ салайық: «Ертедегі түркілер тұрмы-
сының көптеген іздерін сақтап қалған қазақ тілін мен ерекше ұнаттым. Қазақ 
даласы менің халық тіліне деген сүйіспеншілігімді мүлде қалыптастырды, оған 
мен тілдік зерттеу үшін нағыз таптырмайтын документ ретінде қарай 
бастадым» Н.И.Ильминский (1822-1892 ж.). «Ғылыми, әдеби тілдік және та-
рихи тұрғыдан қарағанда қазақ тілі – түркі тілдерінің ішіндегі өте әсем, өте бай 
тілдің бірі» (И.Бенцинг – востоковед). 


121 
«Қазақтардың тілі – исламның бүлдіргіштік әсеріне ұшырамай, түпкі таза 
түрін – түркі сипатын сақтап қалған тіл. Рас, мұнда да бірен-саран жат 
сөздердің енгені байқалады. Бірақ, ол сөздер… қазақ тілінің үндестік заңына 
бағынып, бірыңғай халық тілінің қорына қосылған. Қазақ тілінің осы тазалығы 
мен табиғилығы, сондай-ақ көп таралғандығы бұл тілдегі мұраларды менің 
көбірек жинап оған әдебиет нұсқаларынан құрастырған жинақтардың толық бір 
томын арнауыма себеп болды. Оның үстіне қазақтың басқа бауырластарына 
қарағанда сөзге тапқырлығы мен шешендігі де маған әсер етті /51/. 
…Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл 
жоқ. Түрік тілімен сөйлеймін деген түрік балалары күндерде бір күн айналып 
қазақ тіліне келмекші. Қазақ тілін қолданбақшы. Осы күнде-ақ айналып келе 
жатыр. Татардың әдебиет тілі жыл-жыл сайын қазақ тіліне жақындап келеді. 
Күндерде бір күн түрік түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі 
қазқ тілі болса, сөз жоқ, түрік елінің келешек тарихында қазақ ұлты төрден 
орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік» /52/. 
Мағжанның ойын бүгінгі заманда қолдаған мадьяр ғалымдары Қоңыр 
Мандоки, К.Карпат (АҚШ-та тұрады), Хироаки Фужие (Жапония) және түрік 
ғалымдары мен үкімет қайраткерлері. Олардың ішінде Түркия президенті 
Тұрғыт Өзал да болды. 
Қазақ тілі туралы зерттеушілердің пікірлерін толық келтіру себебіміз, олар 
бүкіл өмірін түркі тілінің мәртебесін көтеруге жанын салған, тіл білімінің 
негізін қалаған ғұлама М.Қашқаридың ой-ағымарынан бастау алады. Сонымен 
қатар кешегі кеңес дәуірінде өз жерінде шетқақпай көрген қазақ тілінің кең 
қанат жаюы үшін насихаттау мақсатын көздедік. Сосын, ХХІ ғасыр түркі 
халықтарының қуаты мен гүлдену ғасыры болуға тиіс деген Т.Өзалдың сөзіне 
қосылып, М.Қашқаридың бөтен халықтарға арнап айтқанына (қазіргі уақытта 
да маңызын жоймаған) жол берейік: «Олардың (түркілердің) садақ оғынан 
жараланудан сақтану үшін зерделі адамға барынша лайықты, барынша қолайлы 
іс – олардың жолын ұстау. Олар (түркілер) сіздердің қайғыларыңызға құлақ 
ассын десеңіз, олардың жан-жүрегін жаулап алғыңыз келсе, жол біреу-ақ: 
солардың тілінде сөйлеу» /53/. 
Түркі тілдес халықтардың этникалық тарихын және олардың мекендеген 
жерлерінің тарихи географиясын зерттеуде М.Қашқаридың «Диуани» еңбегінің 
алатын орны ерекше. 
Болған талай қалалар да, халық та, 
Уақыт көмді бәрін жердей табытқа, 
Болған талай аулыңыз, тайпаңыз, 
Енді соның ізін тауып, байқаңыз /54/. 
Міне, М.Қашқари өзінің еңбегінде замандасының өтінішін орындап, сол 
заманғы және ертеректегі түркі тайпалары (қай тілде сөйлейтіні, қандай тер-
риторияны мекендейтіні, әдет-ғұрыптық ерекшеліктері, этникалық терминдер 
және т.б.) жайында мәлімет береді. 
Тәуелсіз жас қазақ мемлекетінің бүгінгі ахуалы түркі (оның ішінде қазақ) 
халықтарының бұрынға көшіп-қону жолдары мен шекарасын айғақтайтын 
М.Қашқаридың этнологиялық зерттеулерінің баға жетпес маңызын одан бетер 


122 
арттыра түседі. Кешегі советтік империяның құрамында болған халықтардың 
ұлттық және ұлтаралық қатынастарының қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелері 
көптеген, соның ішінде жоғарыда аталған, түйінді жайлардың шешілуін қажет 
етеді. 
Орталық Азия халықтарының этногенездік дәстүрлі концепциясы Орталық 
Азияның ежелгі халықтары мен орта ғасыр, жаңа заман және қазіргі ха-
лықтардың тарихи сабақтастығын жоққа шығаратын салыстырмалы тіл 
білімінің этно- және глоттогенетикалық құрылыстарына сүйенеді. Тек орыс, 
армян, грузиндер және т.б. ғана қағажу көрген жоқ. Орталық Азиның түркі 
халықтары – өзбек, қазақ, қарақалпақ т.б. әрдайым қайдан келгені белгісіз, 
кейін пайда болған және тарихы жоқ ел ретінде қарастырылады. Шынында да, 
жоғарыда аталған халықтардың барлығы жеке этникалық құрылымдар ретінде 
кейін басы біріккені белгілі. Бұл – Орта ғасырларда ғана жеке этнос болып 
қалыптасқан және өзіне тән тілі бар орыс, грузин және тағы басқаларға да 
бірдей жағдай. Бірақ, бұл жай тілі жөнінен де, аталуы жағынан да ата-
бабаларынан тым алшақ, түрлі этникалық кешендердің өзара сіңісуі мен 
араласуы, зор әлеуметтік ілгерілеушілік әлемінің барлық халықтарына бірдей 
қатысты. Бірақ, француздар тарихын Галлия тарихынан бөлек, испандар та-
рихын Иберия түбірлеріне байланыссыз қарастыру ешкімнің ойына келмейді. 
Бүгінгі таңда түркі тілдес халықтар Орталық Азияның ежелгі тұрғындары – 
сақтар мен ғұндардың антропологиялық және мәдени типінен шыққандығын 
әлемдік ғылымда дәлеледенген. Осы ретте тегімізде өзге халықтармен қайсыбір 
тоқайласулардың, араласулардың болғандығын жоққа шығаруға болмайды. 
Қалай десек те, түркі тектес халықтар, сырттан келген келімсектер емес, 
Орталық Азияның байырғы тұрғындары болып табылады. Орталық Азиядағы 
сақтар, ғұндар, үйсіндер, түріктер мен қыпшақтардың тарихы – Орталық 
Азияның керемет көне мәдениетін жасаушылардың тікелей ұрпақтары 
екендіктерін әлемге танытқан, қазір осы жерді мекендейтін халықтардың ата-
бабаларының тарихы. 
Ежелгі түркілер тамырын Дунай мен Амур өзендерінің аралығындағы кең 
байтақ жерді мекендеген әр түрлі тайпалардан алады. Олар бірде ішіндегі ең 
мықты тайпаның атын жамылып үлкен тайпалық одақтарға бірігіп, бірде қайта 
тарап жатты. Бір ғана жалпыға ортақ тілі және бір ғана жазба мәдениеті бар 
тайпадан жоғары этникалық қауымдастық құрылған және қағанаттың 
шығыстағы және бастыстағы соғыстары кезінде Орталық Азия территориясына 
әкелінген әр түрлі этнографиялық аборигендердің (сақ-ғұн элементтері) өзара 
қым-қуыт араласқан Х-ХІІІ ғасыр аралығындағы Қарахан мемлекеті түркі 
тілдес халықтардың қалыптасуында аса зор маңызды орын алады. Бұл үрдістің 
нәтижесі ретінде этникалық құрамы күрделі және шығу тегі әр түрлі 
тайпалардың жиынтығы М.Қашқаридың шежіресінде көрсетілген. 
М.Қашқари өз шығармасын «Түрік» атымен атап және сол еңбегінде 
«Түрік» жөнінде егжей-тегжейлі тоқталып, мадақталған. М.Қашқари былай 
дейді: «Түркі халықтары, негізінен, жиырма тайпа. Әрбір тайпаның бірталай 
ұсақ рулары бар. Олардың саны Ұлы Тәңірдің өзіне ғана аян. Мен солардың 
негізгілерін ғана жаздым. …Рұм өлкесінен тараған тәртіп бойынша шығыстағы 


123 
түркі тайпаларының тұратын мекен-жайларына дейін анықтап жаздым. Рұмға 
бәрінен жақын орналасқан тайпа бажанақ, онан кейін қыфшақ, оғұз, иәмәк, 
башғырт, басмыл, қай, ябаку, татар, қырқыз тайпалары. Қырқыздар Шынға 
жақын орналасқан. Онан бері жігіл, тохси, яғма, оғрақ, жарұқ, жомұл, ұйғұр, 
таңұт, хытай тайпалары. Хытайды Шын деп атайды. Онан соң тауғаж. Бұларды 
Машын дейді. Бұл тайпалар оңтүстік пен солтүстіктің арсында өмір сүреді. 
Олардың мекен-жайларын картада арнайы көрсеттім» /55/.
Негізгі 20 тайпаның орналасуы туралы бағалы ескертуінен басқа М.Қашқари 
көрсеткен дөңгелек картада аталған тайпалардың, сол сияқты көптеген басқа да 
түркі тайпаларымен қатар, түркі емес тайпалардың да өмір сүрген жерлері 
туралы тыңғылықты деректер келтіреді, бұл деректер бүгінгі күні кейбір 
дәлсіздіктері болмаса (ол көшірген жазушының кінәсінен болуы мүмкін), 
жалпы алғанда ақиқат болып шықты. Оның нақты, айқын нұсқаулары түркі 
тайпаларының көшіп-қонған жерлерін өлке, облыс, қала бойынша (мысалы, 
Тараз, Талас-Жамбыл, Испиджаб-Сайрам және т.б.) өзендерге қарап (Іле, Ертіс, 
Иамар (Объ), Итиль – Волга – Еділ) анықтауға мүмкіндік береді. 
Түркі тайпаларының жағрафиялық орналасуы туралы деректерден басқа 
М.Қашқари осы тайпалардың тіл мәселесіне үлкен мән береді. Осы орайда 
түркілер сол кездің өзінде «таза көшпелілер» болмағанын, көшпелі мал ша-
руашылығын отырықшылық-егіншілік, қала өмірімен байланыстырғанын 
растайтын М.Қашқаридың кейбір мәліметтерінің маңыздылығын ерекше атап 
өткіміз келеді. «Қала тұрғындары хакан – түркі тілінде сөйлейді», – деп жазды 
ол /56/.
Алтай, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстанның бай ортағасыр-
лық қала мәдениетін археологтар ашып отыр. Ежелгі дәуірдің өзінде көшпелі 
және отырықшы тұрғындарды бір-бірінен бөлек қарастыру дұрыс емес. Бұған 
дәлел – М.Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түркі» атты еңбегі. 
Тағы бір қызықты жайт – Испиджабтан (Сайрам) Баласағұнға дейінгі ара-
лықтағы Аргу өлкесінің барлық қалалары тұрғындарының тілін Махмұд 
шұбалаңқы, шұбар тіл дейді. Қалалардағы тұрғындардың ішінде түркілер сан 
жағынан басым бола тұра, олармен бірге қатар өмір сүрген хотандықтар, ти-
беттіктер, таңғұттар, соғдылар және тағы басқалардың әсері болған деп 
түсіндіреді. Қалаларда мәдени және тарихи дәстүрлердің көтерер жүгі тым 
ауыр, сондықтан да көшпелі өмір сүретін, қалалықтармен үнемі араласа бер-
мейтін түркілер ғана ең таза, әрі дұрыс тілді сақтап қалды /57/. 
«Диуанида» ХІ ғасырдағы түркі мәдениетінің деңгейі туралы бағалы 
мәліметтер қамтылған. Сөздікте экономикаға, егін шаруашылығына, әскери 
ғылымға, өнеркәсіпке, қол өнеріне, медицинаға, кеңсеге және т.б. қатысты 
көптеген терминдер бар. Сөздер (ал, сөздің жинақтайтыны белгілі) сияқты 
терминдер де қоғам өмірін бейнелейді. Әр кезеңге тән термин сөздер болады. 
Терминдер тарихы ата-баба өміріне үңілуге көмектеседі. Халықтың күнделікті 
тұрмыс-тіршілігі терминдерде көрініс тапқан. 
М.Қашқари сонымен қатар түркі этнонимдерінің бірінші этимологы болды. 
Этникалық терминология, топонимиканың (жер-су аттары) шығу тегіне 
қатысты мәселеге бүгінгі таңда (ұлттық және ұлтаралық қатынастардың қазіргі 


124 
даму жағдайына байланысты) аса маңызды назар аударылады. Түрлі ғылым, 
соның ішінде гуманитарлық білім жүйесін дамыту үшін этнонимдер мен 
топонимдерді зерттеудің маңызы орасан. Қайсы бір территорияны бұрын 
қандай тайпалар мен халықтар мекендеді? Қайсы бір этноним нені білдіреді? 
Мыңдаған жылдарға созылған талай айтыс-пікірталастарды өрбіткен осы 
сұрақтар тарих үшін маңызды. Этнонимдерді зерттеуден проф. А.С.Чикобова 
«мәдениет және оның тарихы тұрғысынан тіл таңбалары иеленетін мәндер 
сферасы» /58/ деп атаған түрлі маңызды мәселелер туындайды. 
«Диуани лұғат ат-түрк» этнонимдері түркілердің тайпалық және рулық 
құрамы туралы, олардың аталуы мен шығу тегі туралы түсінік береді. 
М.Қашқаридың этникалық терминдерінің көпшілігі басқа да көне ес-
керткіштерде кездеседі және осы күнге дейін сақталып жеткендері де аз емес. 
М.Қашқари этнонимдік мұраның этимологиясын қызықты талдайды немесе 
олардың шығу тегін түсіндіретін түрлі аңыздармен дәлелдейді. Мысалы: «Түрік 
– Тәңір жарылқаушы Нұһ пайғамбардың ұлының есімі. Бұл есімді оған Тәңірдің 
өзі қойған. Оның ұрпақтары да түрік деп аталады». Махмұд түрік сөзінің 
мағынасын жеке есімге әкеліп саяды. Ал, ол түріктің шығуын былайша 
түсіндіреді: «Ұлы Тәңір айтады: Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды Түрік 
деп атап, күншығысқа қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, 
түріктерімді қарсы аттандырдым». 
Бұл жағдай түріктердің басқалардан ерекше екенін көрсетеді. Сондықтан 
Түріктерге Тәңірдің өзі арнайы ат қойған. Жер жүзінің ең биік, ауасы таза 
бөлігіне қоныстандырып, «өз қосыным» деп атаған. Оған қоса түріктер көрікті, 
өңдері ұнамды, жүздері мейірімді, әдепті, үлкендерді құрметтей білетін 
кішіпейіл, уәделеріне берік тұратын мәрт және сол сияқты көптеген жақсы 
қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар» /59/. 
«Түрік» сөзінің шығу төркіні туралы жорамалдардың көптігіне қарамастан 
бұл (басқа да этнонимдер) сұраққа әлі күнге дейін тұщымды жауап 
берілмегенін айту ләзім. Біз «түрк» сөзін «күш, қуат» мағынасында түсінетін 
Ю.Неметтің этимологиясын қолдаймыз /60/. М. Қашқаридың өзінде де «түрк» 
термині әскер мағынасында – күш пен қуат символы ретінде семантикалық 
қызмет атқарады. Басқа да мысалдар келтіруге болар еді, бірақ, біздің 
мақсатымыз – «Диуани» ономастикасының этимологиясын, мәнін ашу (бұл тіл 
мамандары мен этнографтардың және т.б. міндеті) емес, тек қана этно-
нимдердің дүниетанымдық функциясын сөз ету (соның ішінде этностың сана-
сезімі мен оның аталуы арасындағы қатынас және қоғамның әлеуметтік-
экономикалық дамуымен байланысы). Этникалық сана-сезімнің маңызды 
көрінісінің бірі өзін-өзі атау болып табылады /61/. 
М.Қашқари түркілер жайында мақтанышпен және масаттану сезімімен 
айтады. Осыдан-ақ біздің түпкі ата-бабаларымыздың Отанға, өзінің шығу 
тегіне, аталуына деген патриоттық, махаббат сезімі қаншалықты биік деңгейде 
болғанын көре аламыз. Этникалық өзін-өзі атау этникалық сана-сезімнің қандай 
да бір құрамдас бөліктерімен байланысты. Осылай болғанда этникалық 
қауымдастықтардың өзін-өзі атауын тексеру этникалық сана-сезімінің, оның 
құрылымдары мен қызметтерінің мәселелерін зерттеуге қосымша материал 


125 
беруге тиіс. М.Қашқаридың этимондарға айырықша ден қоюы кездейсоқ емес, 
себебі, олар мәдени код, дүниетанымның белгілі бір тәсілін құрайды. Жалпы 
оның шығармасында адамның ойлауы мен жүріс-тұрысы, әмбебап құрылысы 
туралы жан-жақты түсініктер берілген. 
Сонымен, М.Қашқаридың дүниетаным айшықтарын белгілейтін бірталай 
мәселелерді қамтуға тырыстық. Қаншалықты жүзеге асқанын оқушы қауым 
саралай жатар. 
Әрине, М. Қашқаридың шығармашылығында теориялық сипаттағы фило-
софия жоқ (бұл кемшілік емес), қалың бұқараның қажеттілігі мен мұқтажда-
рына сай халық даналығынан нәр алған практикалық имандылық философиясы 
мол. 
Бұл арада сөз соңын қалдырған мұрасы алда әлі зерттеулерді қажет ететін 
М.Қашқаридың өшпес өсиет-өлең жолдарымен бекітуді жөн көрдік: 
Махаббат маған күш береді! 
Тамшы су тама-тама тау жарар 
Ел ішінде сенің даңқың жайылсын! 
Тіліңе абай бол! 
Әдебиеттер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет