Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


Хайуанаттар туралы ертегілер



Pdf көрінісі
бет14/115
Дата29.04.2023
өлшемі2.48 Mb.
#473003
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   115
Ой өріс

Хайуанаттар туралы ертегілер – ең көне жанр. Оның тегі – алғашқы 
қауым адамдарының анимистік, магиялық және тотемистік ұғымдарымен 
және аңшылық кәсібімен байланысты. Бұл ертегілер іштей үш топқа 
бөлінеді: этиологиялық, классикалық және мысал (аполог) ертегілер. 
Алғашқысы – ежелгі мифтің өзгеріп жеткен түрі. Олар аң мен құстардың 
пайда болуы, олардың сырт бітіміндегі, мінезіндегі ерекшеліктердің неден 
болғаны жайында әңгімелейді. Мысалы, “Қарлығаштың құйрығы неге 
айыр?”, “Түйе неге жылдан құр қалған” сияқтылар. Мұндай ертегілер келе-
келе балаларға арналып айтылатын болған, бірақ өздерінің бұрынғы 
танымдық сипатын түгел жоғалтпаған. Екінші түрі – классикалық ертегілер. 
Бұлар ежелгі наным-сенімдерді көркем түрде жаңғыртып, жаңа мағынада 
пайдаланған. Сюжеттік құрамы мен поэтикалық пішіні жағынан әлемдік 
фольклорға тән типологиялық сипатта болып келеді. Кейіпкерлері 
аллегориялық мәнге ие болғандықтан көркемдік деңгейі айтарлықтай жоғары 
деуге болады. Бұлар да бірте-бірте балалар үшін айтылатын болады да, әрі 
танымдық, әрі сейілдік қызмет атқарады. Үшінші түрі – мысал ертегілер 
(аполог). Бұлардың мақсаты – моральдық қағиданы, әдептілікті уағыздау, сол 
арқылы көзделген ойды немесе тұжырымды дәлелдеу. Бұл ертегілерде де 
аллегория бар және ол белгілі бір афоризм арқылы анықталады. Сюжеттік 
құрамы жағынан алғанда мысал ертегілер көбінесе шығыстық фольклор мен 
әдебиетке жақын, оның көбісі үнді, араб, парсылардың әйгілі кітаптарында 
кездеседі. 
Қиял-ғажайып ертегілер де – ең көне жанрдың бірі. Мұнда сонау 
матриархат заманында пайда болған ұғымдар мен нанымдар көркем функция 
атқарады, сондай-ақ әр дәуір болмысының элементтері көрініс табады. 
Ертегінің бұл түрі, жалпы, бүкіл көркем фольклорға ықпал етіп, олардың 
қалыптасуына араласқан. Мұндағы кейіпкерлер айқын үш топ құрайды: 
басты қаһармандар, олардың көмекшілері және қарсыластары. Басты 
қаһарман – көп жағдайда кенже бала (жалғыз бала), сондай-ақ әлеуметтік 
статусы төмен адамдар (тазша, жаман, қойшы) болып келеді. Алғашқысының 
негізінде минорат салты жатса, екіншілері ертегінің демократиялық мәнісінен 
әрі утопиялық мақсатынан туындаған. Бас қаһарманның дос-көмекшілері 
көбінесе ғажайып кейіпкерлер, керемет қасиетке ие адамдар, немесе пірлер, я 
болмаса оның жан серігі – аты, әйтпесе басқа бір құдіретті зат болады. Оның 
қарсыластары –бір жағынан, мифологиялық құбыжықтар да, екінші жағынан, 
әр түрлі әлеуметтік топ өкілдері. Қиял-ғажайып ертегілердің тұрақты
жүйеленген композициясы және гиперболалық баяндау стилі бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет