Қазақ халқының қалыптасуы және қазақ хандығының құрылуы



бет2/5
Дата11.10.2023
өлшемі171.45 Kb.
#480407
1   2   3   4   5
2 5267185941482584737

Оның үстіне әлсіреген Ақ Орда және Көк Орда мемлекетіне бағынудан қалып, өзара билікке таласқан және ұсақ ұлыстарға билік жүргізуге дағдыланып алған маңғыт мырзалары таққа отыр­ғызу үшін қалыптасқан кәнігі саясаткерді емес, ел бас­қарудың айла әрекеттеріне әлі де қаныға қой­маған сарыауыз балаң жасты іздестірді. Мұндай таңдау Шайбан тұқымы, он жеті жастағы Әбілқайырға түсті. Осылайша, енді Дешті Қыпшақтағы таққа Әбіл­қайыр отырды. Оны хан сайлаған белсенді он сегіз тайпа негізінен татар-өзбек қауымдастығына жататын байырғы шайбандық тайпалар еді. Рас, олардың арасында, жоғарыда айтып кеткеніміздей, кейінірек қазақты құраған наймандардың кейбір рулары, өкіреш наймандар, қоңырат тайпасының үлкен бөлігі бар еді. Олар да мұндай әрекетке амалсыздан, өздерінің көшу жолдары Өзбекстан (шығыс деректерінде Қыпшақ даласы осылай аталды) аймағында жатқандықтан барды.

  • Оның үстіне әлсіреген Ақ Орда және Көк Орда мемлекетіне бағынудан қалып, өзара билікке таласқан және ұсақ ұлыстарға билік жүргізуге дағдыланып алған маңғыт мырзалары таққа отыр­ғызу үшін қалыптасқан кәнігі саясаткерді емес, ел бас­қарудың айла әрекеттеріне әлі де қаныға қой­маған сарыауыз балаң жасты іздестірді. Мұндай таңдау Шайбан тұқымы, он жеті жастағы Әбілқайырға түсті. Осылайша, енді Дешті Қыпшақтағы таққа Әбіл­қайыр отырды. Оны хан сайлаған белсенді он сегіз тайпа негізінен татар-өзбек қауымдастығына жататын байырғы шайбандық тайпалар еді. Рас, олардың арасында, жоғарыда айтып кеткеніміздей, кейінірек қазақты құраған наймандардың кейбір рулары, өкіреш наймандар, қоңырат тайпасының үлкен бөлігі бар еді. Олар да мұндай әрекетке амалсыздан, өздерінің көшу жолдары Өзбекстан (шығыс деректерінде Қыпшақ даласы осылай аталды) аймағында жатқандықтан барды.

Қазақ халқының қалыптасуы сандаған ғасырларға созылған ұзақ этникалық үдерістерден тұрады. Оның соңғы кезеңіне назар аударар болсақ, Алтын Орда ыдырай бастағанда қарауындағы түркітілдес халықтар үш түрлі үлкен этноқауымдастыққа бөлініп кетті. Олар - татарлар, өзбектер және ноғайлар қауымдастығы еді. Алғашқылар Қазан, Қырым және Астрахан хандықтарында ықпалды болған болса, ал екіншілер Көк Орда мен Ақ Орда аймағында басым болды. Алайда «өзбек» атанғандардың өздері де іштей үш этноқауымдастыққа бөлініп өмір сүрді. Ноғай ұлысы аймағындағылар «маңғыттар» аталса, ал бұрынғы Көк Орда аймағындағылар - «татар-өзбектер» (шайбандықтар), ал байырғы Ақ Орда аймағындағылар «өзбек-қазақтар» атауларына ие болды.

  • Қазақ халқының қалыптасуы сандаған ғасырларға созылған ұзақ этникалық үдерістерден тұрады. Оның соңғы кезеңіне назар аударар болсақ, Алтын Орда ыдырай бастағанда қарауындағы түркітілдес халықтар үш түрлі үлкен этноқауымдастыққа бөлініп кетті. Олар - татарлар, өзбектер және ноғайлар қауымдастығы еді. Алғашқылар Қазан, Қырым және Астрахан хандықтарында ықпалды болған болса, ал екіншілер Көк Орда мен Ақ Орда аймағында басым болды. Алайда «өзбек» атанғандардың өздері де іштей үш этноқауымдастыққа бөлініп өмір сүрді. Ноғай ұлысы аймағындағылар «маңғыттар» аталса, ал бұрынғы Көк Орда аймағындағылар - «татар-өзбектер» (шайбандықтар), ал байырғы Ақ Орда аймағындағылар «өзбек-қазақтар» атауларына ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет