Қазақ халқының қалыптасуы және қазақ хандығының құрылуы



бет5/5
Дата11.10.2023
өлшемі171.45 Kb.
#480407
1   2   3   4   5
2 5267185941482584737

Қорытынды

Осы күнге дейін «қазақ» терминінің шығу тегі туралы нақты түсіндірме жоқ. Ежелгі Алтай мен Сібір халықтарының тілдерінде «қазақ» термині – берік, мықты, алып дегенді білдіреді. Дешті Қыпшақта ІХ-Х ғасырларды «қазақ» сөзі азат, ерікті деген мағынада қолданған. Керей мен Жәнібек сұлтандар билік құрған қарай қазақ термині этнонимге, яғни халықтың атауына айналды. Есен Бұға қайтыс болғаннан кейін, Моғолстан хандығы бұрынғы күш қуатынан айрылып, оның көптеген тайпалары Қазақ хандығына қосылды.Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын саяси және экономикалық тұрғыдан нығайта түсу қажеттігін түсінді. Сөйтіп қалалар қалпына келтіріліп, жаңа жайылымдар игеріліп, сауда саттық пен қол өнер дамып қазақтардың біртұтас аумағы құрылды.Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқыныі тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол қлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. Осы күнге дейін «қазақ» терминінің шығу тегі туралы нақты түсіндірме жоқ.

Қолданылған әдебиеттер

  • Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы.-Алматы “Сардар”,2014-520 б(51,52,53,54 беттер)
  • Қазақстан (Қазақ ел) тарихы.-4 кітаптан тұратын оқулық.Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 2 кітап(160-192 беттер)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет