Денсаулық – кез келген тірі организімнің толық және оның барлық
мүшелерінің өз қызметін толық орындай алатын жағдайы; аурудың,
жайсыздықтың болмауы.
Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Демі бардың — емі бар» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі.
Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.
Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы және т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының және ұйқы ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, салауатты өмір салтын ұстануына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Денсаулықты зерттейтін ғылымдарға: диетология, фармакология, биология, эпидемиология, психология (денсаулық психологиясы, даму психологиясы, эксперименттік және клиникалық психология, әлеуметтік психология), психофизиология, психиатрия, педиатрия, медициналық әлеуметтану және медициналық антропология, психогигиена, дефектология және басқалар жатады.
«Денсаулықты нығайту» - адамдарға өзденсаулығын бақылауды арттыруға және оны нығайтуға мүмкіндік беру үрдісі.
В.М. Бехтерев пікірінше, жеке тұлға-бұл өзінің жеке психикалық құрылымы бар, ақыл-ой мен психикалық қасиеттердің бірлігінде, өзінің мінез-құлқы мен жеке іс-әрекетін басқаруға қабілетті
сыртқы жағдайларына белсенді қатынасы бар адам.
Оның пікірінше, денсаулықты нығайтудың негізгі тармақтары мыналар:
1.Тұлғаның дұрыс дамуының бірінші және маңызды шарты ағзаның табиғаты, оның әкелерінің мұрасы немесе тұлғаның дамуына негіз болатын антропологиялық ерекшеліктері болып табылады. Биологиялық тұқым қуалаушылық ұрпақтан ұрпаққа адам тұлғасының сыртқы түрлерін,
оның ішкі ұйымдастырылуының негізінде жатқан биохимиялық процестерді, темперамент пен мінез-құлықтың ерекшеліктерінде көрініс табады.
2. Тағы бір фактор ұрықтану және адам ағзасының даму жағдайларына байланысты. Ұрықтанудың және ұрықтың дамуының қолайсыз жағдайлары ұрпақтардың дегенеративті ерекшеліктеріне
әкеледі, олар ақыр соңында тұлғаның ыдырауына және оның құлдырауына әкеледі. Мұндай нәтиженің себептері ата-аналардың нашар тұқым қуалаушылығы, маскүнемдік немесе олардың екеуінің де немесе біреуінің физикалық кемшіліктері, ұрықтану және жүктілік кезінде
ананың ауруы, сондай-ақ жүктілік кезінде ауыр физикалық және
психикалық сәттер болуы мүмкін. Егер ағзаның табиғи дамуы нашар білінсе және бала ерте жастан бастап бірқатар жұқпалы ауруларға осал
болса, жеткілікті және дұрыс тамақтанумен қамтамасыз етілмеген болса, онда тұлғаның толық даму процесі, оның жетілуі қандай да бір шамада
кідіріп қалады.
3. Экономикалық жағдайлар – тұлғаның дамуына әсер ететін басты
себептердің бірі. Сәтсіз экономикалық саясат халықты өмір сүру үшін,
өмір сүру құқығы үшін күреске мәжбүр етеді. Қолайсыз экономикалық
жағдайлар, соның ішінде халықтың жеткіліксіз тамақтануы ағзаның
физикалық әлсіреуіне, оның аурулармен сарқылуына, психиканың және жеке тұлғаның дұрыс, толыққанды дамуының бұзылуына, психикалық аурулардың таралуына әкеп соғады.
4. Маскүнемдік – тұлғаның бұзылуына нақты қауіп төндіретін ең
ауыр факторлардың бірі. Ішімдік сезімдер саласын әлсіретеді, адамның
адамгершілік, зияткерлік және еріктілік қасиеттерін төмендетеді, адамның
негізгі қағидаларын түбірімен бұзады және сонымен қатар жан ауруларын,
азғындау мен қылмыстың дамуына әкелетін маңызды себептердің бірі
болып табылады. Бұл ретте Бехтерев, халық арасында маскүнемдікпен
күрес мемлекеттік бюджет өзінің тірегін халықтың спирттік ішімдіктерді
тұтыну есебінен алынатын үлкен кірістен байланысты болғанша әлсіз
болып қалатындығын атап көрсетеді.
5. Гигиена ережелеріне сәйкес еңбекқор, орташа және ұзақ өмір
сүру- бұл адам ұмтылуы қажет мақсат. Гигиена ережелері бойынша өмір –
ең жақсы моральдық идеалдарды жүзеге асыруға арналған құралдардың
бірі, өйткені ол үздіксіз ақыл-ой және моральдық өзін-өзі жетілдіруге
мүмкіндік береді, ол үшін дене әл-ауқаты қажетті шарттардың бірі болып
табылады. Онсыз ең басты нарсе қол жетімсіз – жан мен дененің үйлесімі.
Қоғам, ең алдымен, тұлғаның өмір сүруі үшін сау жағдай жасау туралы
алаңдауы тиіс. Адамдардың дене және психикалық денсаулығын
қамтамасыз етуде мемлекет басты жауапкершілікті өзіне алуға міндетті.
Мемлекеттің бақылауымен және белсенді қатысуымен салауатты өмір
салтын насихаттау ғана емес, сондай-ақ қажетті сауықтыру іс-шаралары
да жүзеге асырылуға тиіс. Олардың арасында Бехтерев психогигиена және
психикалық аурулардың алдын алу, денсаулықты қорғау мәселелеріне аса
маңызды мән береді.
6. Болашақ тұлғаның негізі мектепке дейінгі жаста қалыптасады
және ең алдымен баланың өмірінің алғашқы күнінен бастап дұрыс және
ұтымды тәрбие берумен байланысты. Дұрыс қойылған тәрбие мінездің
дамуында ғана емес, дене және психикалық денсаулықты нығайтуда да
үлкен рөл атқарады. Тәрбие, өзі үшін де, айналасындағылар үшін де
тәуелсіз, белсенді, бастамашыл, ақылға қонымды жеке тұлғаны
қалыптастыруы керек. Тұлғаның адамгершілік тәрбиесі барлық қоғамдық
құндылықтарға, борыш пен жауапкершілікке әлеуметтік махаббат пен
жанашырлық, шындық пен құрмет сезімін дамытуды көздейді. Ақыл-ой
дамуының дұрыс бағыты да назардан тыс қалмайды. Дененің дұрыс
дамуы үшін дұрыс тамақтану қажет, сондай-ақ жеке тұлғаның ақыл-ой
дамуы үшін оған рухани азық беру қажет. Адамды еңбекке, тәртіпке, дене
жаттығуларына және гигиенаға үйретудің маңызы даусыз. Дене тәрбиесі дененің нығаюына ғана емес, сонымен қатар адамның энергетикалық әлеуетін, оның айқындығын, беріктігін және ерік-жігерін дамытуға ықпал етеді. Қолайлы тұқым қуалаушылыққа және одан әрі қолайлы өмірлік
жағдайларға қарамастан, жан ауруы ерте балалық шақта қалыптасқан
жағымсыз тәрбиелік жағдайлардың әсерінен дами алады. Үлкендердің
жаман үлгілері балаларда зиянды әдеттердің қалыптасуына ықпал етеді
және уақытылы тәрбие күшімен жойылмаған жағдайда, олардың жан
тепе-теңдігін жоғалтуына, ақыл-ой жағдайының дамуына, жан ауруының
түрлі формаларына әкеп соғады. Психикалық денсаулық адамның сыртқы
өмір жағдайларына бейімделу мүмкіндіктерін қалыптастыруды
қиындататын, гигиенаның негізгі ережелерін бұзу, тым қатал тәрбиелеу
салдарынан жиі бұзылады.
7. Надандық, жетілмеушілік және білім берудің жетіспеушілігі –
тұлғаның толық емес дамуының басты шарттарының бірі. Бехтерев
айтуынша, сауатсыздық – бұл ақыл-ой соқырлығы, ал білімсіз халықтың
жеке тұлғасы жануарлар тіршілігінің көріністерінен сәл жоғарырақ
болады. Ол ұтымды оқытуға сүйенуі тиіс ең жалпы және негізгі
шарттарды тұжырымдайды. Ол келесідей болуы тиіс:
* жалпыға бірдей және тегін;
* білім алушының жасына, физикалық жағдайына және
организмінің дамуына байланысты;
* білім алушының психикалық жағдайының ерекшеліктерін
ескеретін;
* қатаң жекеленген;
* дайын оқыту үлгісі нысандары негізінде емес, сыни ойлау және
қоршаған шындыққа тәуелсіз қарым-қатынасы бар жеке тұлғаны дамытуға
негізделген.
8. Жеке тұлға – әлеуметтік болмыс. Әрқашан және барлық жерде ол
биоәлеуметтік жағдайлардың өнімі болып табылады және өзінің шығу
тегі, бір жағынан, ата-бабалардан алынған биологиялық мұраға, ал екінші
жағынан – қоршаған ортаның әлеуметтік жағдайларына, әлеуметтік тұқым
қуалаушылыққа міндетті, осының арқасында бұрынғы ұрпақтың өмірлік
тәжірибесін алу ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Әлеуметтік ортасыз жеке
тұлға болмайды және бола алмайды. Адам туылған күнінен бастап
тәрбиеленеді: отбасының, туыстары мен жақын адамдарының ортасында,
мектеп ортасында, өз жолдастарының арасында, кейінірек адам өзінің
өмірлік тәжірибесін кәсіби ортада алады.
Тұлғаның ішкі келбеті көбінесе қоғам, оның мүдделері, әдет-ғұрыптары және басқа да қоғамдық ұстанымдармен анықталады.
Тұлғаның мінез-құлқы қоғам заңдарына бағынады. Тұлғаның өзіндік дамуы оның көзқарастары мен ұмтылыстарындағы, сонымен бірге басқалардың мүдделерін, әсіресе
қоғам мүдделерін бүтіндей бұзбайтын толық еркіндікпен қамтамасыз етіледі.
Тұлғаның дұрыс дамуы мен әлеуметтік денсаулығы елдің мемлекеттік әл-ауқатының негізі болып табылады. Қоғамдық өмірдің қанағаттанғысыз жағдайлары адамның психикалық денсаулығын бұзады. Қоғамдық қызмет жоқ жерде, жеке тұлғаның толық дамуы да жоғалады.
Егер ол болмаса, онда бұл бекершілікті, әрекетсіздікті, адамгершілік және физикалық азғындауды, ақыл-ой мен физикалық құлдырауды тудырады; тұлға өз дамуында тоқтайды, қоғамның пассивті мүшесі болады.
Дұрыс ұйымдастырылған қоғамдық қызмет өзін-өзі басқару
негізінде толыққанды, салауатты даму және тұлғаны тәрбиелеу үшін ең
жақсы мектеп болып табылады. Бұл тек жария сын және қоғамдық
бақылау жағдайында ғана мүмкін. Ар-ождан, сөз, баспасөз, одақтар,
жиналыстар бостандығы, адам құқықтарына қол сұғылмаушылық –
осының барлығы еркін жеке тұлғаны қалыптастырудың қажетті алғы
шарттары. Жеке тұлғаның бостандығы үшін күрес және оның дұрыс және
сау дамуы үшін күрес. Әлбетте, жеке еркіндік пен жергілікті өзін-өзі
басқару жалпы қоғамның мүдделерімен қатаң келісілуі тиіс.
9. Әрбір адам – белсенді, қайраткер, болашақ жасаушы. Тұлғаның
жетілуі кейде тез, кейде баяу, бірақ өмір бойы оның соңғы шегіне дейін
тоқтаусыз жүреді. Адам өмірінің әрбір сәті – бұл жеке тұлғаның
көрінісінің жоғары формаларына көтерілу кезеңі ғана. Бұл адам өмірінің
қалыпты дамуының негізгі заңы. Тұлғаны жетілдірудің шекарасы жоқ
екенін мойындау керек. Біздің барлық күш-жігеріміз адамзат
қоғамдастығының мүдделеріне сәйкес өзінің жеке басын үздіксіз
жетілдіруге бағытталуы керек. Ауруханалар денсаулықты нығайтуда,
аурулардың алдын алуда және оңалту қызметтерін көрсетуде маңызды рөл
атқарады. Осы қызмет түрлерінің кейбірі ауруханалар жұмысының негізгі
бөлігін құрады, алайда өмір салтына байланысты аурулардың, сондай-ақ
созылмалы аурулардың таралуының өсуі медициналық ағарту,
пациенттерге созылмалы ауруларды жүргізуде немесе дәлелді кеңес беруде белсенді рөл атқаруға мүмкіндік беру мақсатында ақпараттандырудың тиімді стратегиялары сияқты қызмет түрлеріне неғұрлым ауқымды және жүйелі көзқарасты талап етеді.
Тұтынушылардың күтулерінде болып жатқан өзгерістерді, сондай-ақ
үздіксіз қолдауды қажет ететін созылмалы аурулары бар пациенттердің
өсіп келе жатқан санын, сондай-ақ стационарлардың персоналы жиі
физикалық және эмоциялық жүктемелерге ұшырайтын фактіні ескере
отырып, ауруханалар өз қызметінде пациенттер мен қызметкерлер үшін
денсаулықты нығайту бойынша екпінді қызметтерді ұсынуға баса назар аударуы қажет.