Қазақ халқының санамақтарының әдістемелік идеялары Гульбаршын Санамақ



бет2/10
Дата02.01.2022
өлшемі100 Kb.
#452725
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазақ халқының санамақтарының әдістемелік идеялары.doc 5-топ

Бақдаулет
Г.С.Виноградовтың орыс санамақтарына байланысты «Басқа бiрде-бiр жанрда жұмбақ сөздер санамақтардағыдай көл-көсiр, алуан түрлi және шебер пайдаланылған емес», – деген пiкiрi барлық халықтар санамақтарына ортақ. Ғалымдардың пайымдауынша жұмбақ сөздердiң шығу тегi сонау алғашқы қауымдық құрылысқа тiреледi. Ол кезеңде шаруашылықтағы құралдардан бастап, аң-құс, табиғат құбылыстарының көпшiлiгi тура аталмай, шартты атауларға ие болған. Санамақтарда сол дәстүрдiң сарқыны бар. Балалар тiрлiгiнде ол әлi күнге сол дәрежесiнде көрiнiс тауып келедi, – деген ғылыми пайымның дұрыстығын қазақ санамақтарының табиғаты да дәлелдейдi. Сонымен бiрге жұмбақ тiлдiң лексикалық қоры тек символдардан ғана тұрады десек, дұрыс болмаған болар едi. Олардың арасында басқа тiлдерден ауысқан кiрме тiркестер де кезiгедi. Қазақстанның Ресей құрамына қосылғаннан кейiнгi кезеңдегi халықтар жақындастығына байланысты қазақ балаларының репертуарына орыс тiлiндегi санамақтар саны молая түскен. Бұл санамақтардың қала балаларына ешқандай жұмбақтық мәнi болмаса, орыс тұрғындары орыс тiлiн шала бiлетiн ауыл балалары үшiн жұмбақ-санамақ (заумная считалка) ретiнде таралған. Және олар көп дыбыстық өзгерiстерге ұшырап, «күрделi өңдеуге» түскен. Они, Вани, Туфли Вани. Васкаризм. Оңшыл, молшыл Гологоншыл, Кошкин дом Вышел вон, – деген сияқты санамақтардан орыс тiлi мен қазақ тiлiнiң артикуляциялық ерекшелiктерi араласып қойыртпақ болып кеткен. Және мұндай санамақтарды балалар жатсынбай, жатырқамай әуестiкпен қолданады. Бұл да бала психикасына тән ерекшелiктердiң бiрi. Санамақтардың лексикалық қоры тек сан есiмдер мен жұмбақ (заумные) сөздердiң молдығымен ғана ерекшеленбейдi. Олардың құрамын зат есiмдер мен қысқа етiстiктi тiркестер толықтырады, ал басқа сөз таптары өте аз ұшырасады. Қазақ санамақтарының көлемi әртүрлi болғанмен, өте ұзақ емес, екi жолдан 12-13 жол мөлшерiнде болып келедi. Санамақтар көп жағдайда реттiк сандармен басталып, дами келе «сен тұр, сен шық», «сен кiр, сен шық» деген тәрiздi белгiлi тiркестермен аяқталады. Санамақтың өлең құрылысындағы сөздер логикалық жүйеге қатаң бағына бермейдi. Оның себебiн ғалымдар балалардың психологиялық ерекшелiктерiнен iздейдi. Санамақтар тiркесiнiң көп нұсқалы (варианты) болып келетiндiгi де бұл жанрдың өзiндiк бiр ерекшелiгi. Қазақ санамақтарының ұйқасы көбiнесе, шұбыртпалы, толымды болып келедi. Жұмбақ сөздi санамақтар. Санамақтар құрамындағы жұмбақ сөздiң шығу тегi көне рулық қоғамдағы түсiнiкте жатқанымен де, балалар репертуарындағы бұл санамақтар негiзiнен дыбыстық-үйлесiм принципіне негiзделген. Яғни дыбыс ұйқасын қуалаған балалар дәстүрлi жұмбақ санамақтардағы жұмбақ сөздердi жөндеп, түрлендiрiп әкеткен және оның сан алуан жаңа нұсқаларын туғызған. Мәселен, қазақ саусақ санау ойынында кезiгетiн «бiрлан, чiрлан, отыс, қатыс, отыс» деп келетiн саусақ аттарының жұмбақ баламасы санамақта былай болып түрленедi: Бiрлан, сырлан Қабылан, қатыс, Мiрлан отыз Сен – тұр,сен – шық. Бiздiңше, мұндағы аздаған дыбыстық өзгерiстердiң өзiн айтпағанда «Қабылан, мiрлан» сөздерi дыбыс қуалаушылықтан туған. Мұндай дыбыс қуалаушылыққа назар аударсақ, жұмбақ санамақтарда аттым, баттым, они-вани; әлдiр-бәлдiр, алдай-балдай; екi-бекi т.б. сияқты бiр дыбысы ғана өзгерiп, қайталанып келiп отыратын сөздердi жиi кезiктiремiз. Мұның өзi жұмбақ сөздердiң балалар репертуарында ұзақ сақталуының басты себебi – олардың психологиялық ерекшелiктерiне байланысты екендiгiн көрсетедi. Жұмбақ сөздi санамақтар, әрине, кiлең мағынасыз сөздерден құралмайды, олардың iшiнде реттiк сан есiмдермен, немесе ұйқас үшiн алынған мағынасы айқын сөздермен араласып келетiндерi де мол. Жалпы алғанда, қазақ санамақтарының бұл түрiнiң көп үлгiлерi әлi жете жиналмаған. Оларды iждаһаттап жинап, әлi де саралай түсу – келешектiң iсi. Сюжеттi санамақтар. Санамақтардың бұл түрiнiң өзегi сан араласып келетiн шағын сюжетке құралады. Композициялық құрылысы жағынан келгенде бұл санамақтар көбiнесе реттiк сан есiмдермен басталып одан әрi драмалық шағын сюжетпен немесе дамытыла баяндалып (повествование) келетiн мәтiнмен өрбидi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет