Қазақ КҮресі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы ш ымкент 2019ж (075. 8) Ббк 75. 715 я7


Төрешілер ұжымы және төрешілер ұжымының құрамы



бет23/27
Дата03.04.2024
өлшемі0.59 Mb.
#497535
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Қазақ күресі

4.5. Төрешілер ұжымы және төрешілер ұжымының құрамы.



  1. Төрешілер ұжымының құрамын қазақ күресі федерациясының нұсқауымен және жарысты жүргізіп ұйымдастыру орталығының бекітуімен белгіленеді.

  2. Төрешілер ұжымына енетіндер: бас төреші, оның орынбасары, бас хатшы және кілемнің жетекшісі, кілемдегі төреші, қапталдағы төреші, секундометрдегі төреші, таблоның төрешісі, бақылаудағы төреші (бір кілемгеге үш адамнан), дәрігер, хабарлайтын төреші (информатор), жарыс коменданты.

  3. Кілемнің бригадалық құрамына төмендегі төрешілер ұжымы кіреді: кілем жетекшісі (бас төрешінің орынбасары), кілемдегі төреші, қапталдағы төреші, секундометрдегі төреші, хатшы, таблодағы төреші, бақылаудағы төреші, хабарлайтын төреші.

Белдесуге кілем жетекшісі, бір кілемдегі төреші мен бір қапталдағы төреші төрелік жасайды. Әр қайсысы балуандардың әрекеттерін өздігінше бағалайды және түсініксіз жағдай туғанда жарыс тәртібіне сай жауап береді. Мұндай сәтте кілем жетекшісі кілемдегі төрешімен қапталдағы төрешінің басым болған шешімін айтады. Үш төрешінің шешімі қабылданып, қайта талқыланбайды.
4. Төрешілердің жарыс ережесін білуі және төрешінің киімі болуы міндетті.
Төрешінің киімі: төрешілік дәрежесіне сай көк көйлек, қызыл(бір түсті) галстук, қара шалбар және қара шұлық киеді.

Бас төреші.



  1. Бас төреші қазақ күресі федерациясының және жарысты ұйымдастырушы ұйымының бекітіп келіскен жарыстың тәртібі мен ережесіне сүйене отырып, ережеге сай өтуіне жетекшілік етеді.

  1. Бас төрешінің міндеті:

  • Жарыс орнының дайындығын, спорттық құрал-жабдықтардың жаңа ережеге сай дайындығын тексеріп, қабылдау актысын толтырады.

  • Топтағы мықты спортшыларды жеребе тастап тарату.

  • Егер жарыс бірнеше татамиде болатын болса, төрешілер бригадасын кілемге бөледі.

  • Жарысты жүргізудің жоспарын құру және айналымдағы кездесу тәртібін тексеріп бекіту.

  • Салмақ өлшеуге бригада тағайындау.

  • Әрбір кездесуге төрешілер тағайындау және олардың жұмыстарын бақылау.

  • Жарыс басталар алдында төрешілер ұжымына жиналыс өткізу (бағдарламаны және төрешілер ұжымының жұмыс тәртібін хабарлау) және күнделікті жарыс аяқталғанда (жарыстың өтілген деңгейін талқылап бекіту), сонымен бірге жарыс уақытында бақылаумен болады.

  • Төрешілер ұжымының әрбір мүшелерінің төрешілігіне 5 - ұпайлы жүйеде баға береді.

  • Бекітілген уақытта жарысты өткізген ұйымға хаттаманы және есеп беру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет