АЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Алшынбаев К.И., Қуанышов С.Ә.,Шыршықбаев С.А.
ҚАЗАҚ КҮРЕСІ
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы
Ш ымкент 2019ж
УДК 796(075.8)
ББК 75.715 я7
Т78
Оқу құралы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің ғылыми кеңес мәжілісінде (Хаттама №3, 30.10.2019ж.) талқыланып баспаға ұсынылды.
Рецензент: Оңалбек Ж.К. п.ғ.д., профессор
Жолдасбеков А.А. п.ғ.д., профессор
Қарақов А. п.ғ.д., профессор
Қазақ күресі (оқу құралы). -Шымкент 2019ж. -160 бет
ISBN 978-9965-897-31-3
«Қазақ күресі» атты оқу құралында қазақ күресінің техникалық, тактикалық элементтерін ұтымды орындау жолдары, дене қасиеттерін жетілдірудің және оны ұйымдастырудың қағидаларын дамытудың жолдары қарастырылған.
Оқу құралы қалың оқырманға, жоғары және орта оқу орындарындағы студенттер мен дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары үшін арналған.
УДК 796(075.8)
ББК 75.715 я7
ISBN 978-9965-897-31-3
Кіріспе
Қазақстан Республикасының келешек даму стратегиясындағы басымды бағыттардың қатарына Қазақстандық барлық қоғам өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатының жақсаруы және білім беруді жетілдіру мәселері жатады. Бұл жайында ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан -2030» дамуы жоспарында баяндалған.
Бүгінгі күн жағдайынды қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуы табысты болуы үшін денсаулығы мықты және де дене күштері жетілген тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.
Нарықтық экономика кезеңінде тұлға мен қоғам дамуына өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын нығайту өте қажетті және жоғары дәрежеде дене тәрбиесі жағынан даярлау аса маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Демек, проблемены шешу жолдарының бірі спорт ойындарын қолдану арқылы оқушылардың бойында дене қасиеттерін тәрбиелеу болып табылады.
Осы оқу құралында болашақ спортшылар дайындайтын арнайы спорт мектептерінде немесе еліміздің намысын көтеріп жүрген күресші спортшыларға қатысты патриоттық тәрбие мәселесі арнайы ғылыми-зерттеу жұмысы ретінде қарастырылмаған және де бұлар туралы мұрағат құжаттары, озық тәжірибелер тарихи-педагогикалық тұрғыда зерделенбеген.
Бұл айтылғандардан көп ұлтты Қазақстанда отанын, елін сүйетін, ел мәдениетін, салт-дәстүрін құрмет ұстап, әрқашан патриоттық сезімде болатындай мектеп оқушыларының тәрбиесіне көңіл бөлу қажеттелігі мен бұл тұрғыда спорт мектептерінде спортшыларды дайындауда арнайы, жеткілікті дәрежеде назар аударылмайтындығы арасында және арнайы спорт мектептеріндегі қазақ-күресі арқылы болашақ спортшылармен жұмыс барысында оларға отансүйгіштік бағытта тәрбие жүргізуге мүмкіншіліктің молдығы мен бұл бағытта арнайы теориялық және әдістемелік тұрғыда зерттеудің болмауы арасында қарама-қайшылық бар екендігі айқындалды.
Спорт мектептерінде оқитын балалар мен жасөспірімдердің дене қасиеттерін, қажеттілігін тәрбиелеу;
«Дене қасиеттері» «жылдамдыққа төзімді болу» ұғымдарына мәндік сипаттама берілді;
Жас ерекшеліктерін ескеріп оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі жасалынды;
Оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал жасайтын спорттық және ұлттық ойындарды тиімді қолданудың педагогикалық шарттары анықталды;
Оқушылардың жас-ерекшелігін ескере отырып дене қасиеттерін
тәрбиелеудің әдістемесі жасалынды;
жағдайында оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуде ұлттық және
спорттық ойындарын тиімді қолдануға байланысты ғылыми-әдістемелік
нұсқаулар ұсынылды;
профиліндегі коледждерде лекция оқу барысында, спорт мектептері мен
қазақ күресі залдарында іс-әрекетінде қолдануға болады.
- дене қасиеті – тұлғаның мәдениеттілігіне бағытталуын анықтайтын және
жас еректшеліктерін есепке алуға негізделген белсенді спорттық іс
әрекетте тәрбиеленетін интегративтік қасиет;
- Жаттықтырушы мен жас спортшының өзара байланысты іс-әрекеттері
ретіндегі дайындықтың барлық кезеңдеріндегі қозғалыс әрекеттерінің
мәндік сипаттамсын бейнелейтін дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі;
Оқу құралының негізгі мақсаты студенттердің спорттық шеберлігін арттыруға көмектесу, сонымен бірге оқытушы- жаттықтырушыға, төрешіге, шараларға қатысты білік – дағдылдарды игере түсуге жәрдемдесу, дене шынықтыру және спорт бойынша әр түрлі құрлымдық мекемелерге студенттерді қазақ күресінен кәсіби – педагогикалық, жаттықтырушылық және ұйымдастыру жұмыстарына дайындау.
Оқ құралдары негізінен дене шынықтыру және спорт мамандықтарына спорт түрлері бойынша жаттықтырушы мамандарға және 050108 «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарының студенттеріне арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |