Қазақ мемлекеттік қыздар


ЭТНОПЕДАГОГИКА МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕПАЛДЫ БАЛАЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



бет4/17
Дата10.06.2016
өлшемі1.29 Mb.
#126244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

ЭТНОПЕДАГОГИКА МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕПАЛДЫ БАЛАЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Балабаева А.И. – п.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазмемқызПУ),

Төлтаева Д.А. – тәрбиеші (Сырдарья ауданы, №6 «Ботагөз» санаториялық балалар бақшасы)


Әлемдік өркениет деңгейіне көтерілуге талпынған кез-келген елдің, ұлттың өз мақсатына жету жолындағы басты қаруы – ұлттық рухани құндылықтарды негізге ала отырып, әрбір жеке тұлғаның білім алуын қамтамасыз ету. Сол себептен де Қазақстан Республикасында білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Қазақстандағы білім жүйесінің ұлттық ерекешеліктерін ескере отырып, әлемдік стандартқа сәйкестендіру қағидасы шығармашылықпен жұмыс істеуді бүгінгі күннің негізгі міндеттеріне айналдырып отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» деп көрсетілген.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында білім беру мәселесіне ерекше көңіл аударып, 12 жылдық білім жүйесіне көшуде ұлттық мектептің үлгісін құра отырып, өсіп келе жатқан жас ұрпақты шығармашылыққа тәрбиелеу қажеттігін атап көрсетті.

Қазіргі кезеңде егеменді еліміздің ертеңі - өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Ендеше білім беру саласының басты міндеті - өскелең ұрпақты шығармашылыққа тәрбиелеу екені айқын.

Тұлғаның шығармашылық әрекетін қалыптастыру - өте күрделі үдеріс. Сондықтан оны баланың жас кезінен бастаған дұрыс. Мұнда мектепалды даярлықтың маңызы зор.Мектепалды балалардың шығармашылық әрекеттерін қалыптастыру қазіргі заман педагогикалық теориясы мен практикасының даму кезеңінде өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Мектепалды балалардың шығармашылық әрекетін этнопедагогика материалдары негізінде қалыптастырудың маңызы ерекше. Қай заманда болмасын адамзаттың басты міндеттерінің бірі - өсіп келе жатқан жас ұрпақты ақылды да саналы, тәртіпті де еңбексүйгіш, өзінің ұлттық салт-дәстүрін құрмет ететін ұрпақ тәрбиелеу екені көпке мәлім.

Ұрпақ тәрбиесінде этнопедагогика материалдары баланы шығармашылыққа тәрбиелеу құралы екені сөзсіз. Этнопедагогика материалдарын мектепалды дайындығының оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану және этнопедагогика материалдары негізінде оқушыларды тәрбиелеу мәселесі бірнеше ғылыми-педагогикалық еңбектерде зерттелген.

Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында тәрбиедегі ең басты бағыт: «Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлары негізінде жас ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған бай тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек».

Этнопедагогикалық білім беру – этнопедагогика материалдарын мектепке дейінгі балалардың меңгеруі, қазіргі жағдайда халықтың аса бай тәрбие беру тәжірибесін шығармашылықпен пайдалану шеберліктері мен дағдыларына ие болу және халықтың рухани мәдениетіне бағалы көзқарас жүйсі мен нәтижесі болып табылады.

Мектепалды балаларды шығармашылыққа тәрбиелелуде этнопедагогикалық білім берудің мақсаты ұлттық сана-сезімді, өз халқының тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне біртұтас көзқарас қалыптастыруға тиіс.

Шығармашылық қабілет барлық адамдарда бірдей емес. Өзінің еңбегіне, қандай қиын болса да, шығармашылықпен қарайтын адамдарды жиі кездестіруге болады. Шығармашылықтың іске асу жағдайы көп ретте материалдық, моральдік, танымдық факторларға байланысты. Жеке тұлға шығармашылықта толығынан көрінеді. Шығармашылық іс-әрекет – бұл өзінің жеке тұлғалық қасиетін тереңірек, жаңа қырынан көрсете білу. Бұрын да шығармашылық іс-әрекеттер аспектілерін психологиялық тұрғыдан қарастыру басым болса, бүгінгі таңда шығармашылықтың философиялық-әлеуметтік теориясын жасауға баса мән беріліп отыр.

Даму бар жерде шығармашылық та бар. Іс-әрекет тіршілік етудің, әлеуметтік белсенділікті көрсетудің амалы. Шын мәнінде таным субъектінің объектіге қарым-қатынасы, бірақ ол шығармашылық мүмкіншілікті кең көлемде көрсете алмайды. Тек еңбек әрекеті ғана адамның шығармашылық мүмкіншілігінің ауқымын толық аша алады. Еңбек өмірлік кажеттілікке айналғанда ғана адам болып қалыптасады, еңбек шығармашылық сипатқа ие болады. Бұдан біз табиғатында шығармашылықтың әлеуметтік мәнін көреміз, ол жеке бастың жан дүниесімен шектелмейді, оның нәтижесі практика жүзінде қолданылады.

Шығармашылықта материалдық және рухани үдерістердің диалектикасы орын алады, ол танымдық және практикалық іс-әрекетті қамтиды. Шығармашылықтың әлеуметтік жағын қарастыра отырып, сонымен бірге жеке бастың қасиеттері мен дарынын, рухани-психологиялық ахуалын, оның біліктілігін естен шығармаған жөн. Шығармашылық үрдістің, ішкі механизмін тереңірек меңгеру, адамның шығармашылық мүмкіншілігінің мәнін түсінуге көмектеседі.

Белгілі философ Ә.Нысанбаев адамның шығармашылық мүмкіндігін оятудың маңызының зор екенін көрсете келіп, негізгі үш түріне тоқталған. Біріншіден, еңбек шығармашылығы өндірістегі жекелеген қызмет түрлерін ғана емес, өндірістің барлық салаларын түгел қамтиды. Міндет әрбір жұмыс орнындағы адам шығармашылықпен еңбек етуге мүдделі болып, оған жауапкершілікпен қарауы керек. Екіншіден, жұмысқа барлық уақытта да еңбекке қанағаттану сезіміне байланысты қарау. Өзінің мамандығына көңілі толған адамның еңбегі де сапалы болады. Үшіншіден, шығармашылықпен еңбек етудің басты көрсеткіштері өнертапқыштық саналады. Шын мәнінде, өзіне сеніп тапсырылған техниканың еңбек операцияларын, өндіріс технологиясын ұдайы жетілдіріп отыру ісіне барынша ат салыспау мүмкін емес. Бұдан шығатын қорытынды адамның субъект ретінде қалыптасуына кедергі болатын қайшылықтардан арылудың құралы, оның толық және сенімді ақпарат алып тұруы болып табылады. Сонда ғана бұл ақпараттар адамның өзінің шығармашылық қуатын оятуға, сөйтіп тұлға ретінде қалыптасуына, сонымен бірге өзінің жаңаша жұмыс істеуіне мүдделілігін арттыруға бағыттайды. Өйткені, осы аталғандар адамның өзін-өзі танытуға ұмтылысымен сипатталады.

Ғалымның пікіріне қосыла отырып, мектепалды балаларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іс-әрекет түрлерін үйлестіре жүргізгенде ғана мүмкін болады деп санаймыз. Өйткені, біріншіден, мектепалды бала үшін еңбек шығармашылығы ойында, еңбекте, оқудағы іс-әрекет үстінде көрінеді. Осы әрекеттердің қайсысын болса да мектепалды бала аса жауапкершілікпен орындайды. Екіншіден, мектепалды баласының өз еңбегіне қанағаттану сезімі оның сабақтағы материалды меңгеруіне байланысты болады. Үшіншіден, шығармашылықпен еңбек етуге талаптанады. Оған мектепалды балаларының өз шығармашылығымен еркін тақырыпқа құрастырған ертегілерінен, мәтін мазмұнына сәйкес қиялы бойынша салған суреттерінен, өткен тақырыпқа ұқсас өлең, тақпақ айтып беруінен, логикалық тапсырмаларды орындауынан, анаграмма, ребус құрастыруларынан, мақал-мәтел, жаңылтпаш айтып беруінен, жұмбақтарды шешуден көруге болады.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада этнопедагогика материалдары негізінде мектепалды балаларының шығармашылық әрекетін қалыптастыру мәселесі сөз етіледі.

РЕЗЮМЕ

В статье говорится о формировании творческой деятельности детей предшкольного возраста на основе материалов этнопедагогики.




КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТІ ТӘЖІРИБЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ТҰҒЫРДЫҢ МӘНІ
Жиенбаева С.Н. – п.ғ.д., профессор (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Қазақстан Республиксының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізгі міндеті – білімдік шоғырландырудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұғырға көшу/1/. 12 білім беру жағдайында әлемдік деңгейдегі белгіленген білім беру міндеттерін нәтиже ретінде көру мүмкіндігі туындайды. 12 жылдық білім беру проблемалыры орталығы дайындағын Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты білім берудің мазмұнын жобалау және белгілеу тәсілдерінің жаңа үлгісін ұсынады. Бұрын мемлекеттік стандарттар берілетін материалдың көлемін мен құрылымынның нормаларын белгілеген болса, жаңа стандарт жобасында білім берудің нәтижелері норма ретінде бекітілген. Ең басты нәтиже құзыреттілік болып отыр.

Осыған орай Қазақстан Рсепубликасының 12 жылдық жалпы білім берудің бастауыш білім беру сатысында баланың жеке тұлғасын дамыту және қалыптастыруда жаңа тұрғымен қарап, білім, біліктерін өмір жағдайларында қолдана алатын қабілеттерін, негізгі құзыреттіліктерді: проблеманың шешімін табу, ақпараттық және коммуникативтік қалыптастырып дамыту көзделіп отыр. Бастауыш білім әр оқушының жеке ерекшелігін ескерген білім беру нәтижелері түрінде құзыреттіліктер кешенін игеруге бағдарланған. Кіші мектеп жасындағы балалардың бейімділіктері мен қабілеттерін есепке ала отырып, білім беру траекториясын барынша даралау мақсатында еңбек іс-әрекетін ұйымдастыру тұлғаға бағдарлы негізде жүреді.

Құзыреттілік тұғыры бойынша білім беру прагматикалық сипатта болады және мыналарға бағытталады: тәжірибеден пайдалыны ала білу; өзінің алған білімінің өзара байланысын ұйымдастыра білу және оны ретке келтіре алуы; өзінің алдындағы міндеттерін өздігімен шеше алу біліктілігі.

Бұл үшін «құзырет» және «құзыреттілік» деген ұғымдардың мән-мағынасын ашып алуды жөн көрдік. «Құзыреттілік» және «құзырет» ұғымдарын, тұлғаның құрылуында феномен ретінде құзыреттілікке ие болудың мәнін және табиғатын түсінуде А.М.Аронов, Дж.Равен, А.Н.Тубельский, Б.И.Хасан және т.б. пайымдауларының мәні зор. Соның ішінде А.М.Аронов құзыреттілікті белгілі бір әрекетке даярлығы деп қарастыруды ұсынады, құзыреттіліктің іс-әрекеттік негізі қазіргі білімдік және болашақтағы практикалық әрекетті байланыстырады. Ғалымның ойын жалғастырушы .Г.Б. Голуб құзыреттілік тұғырда оқушының белгілі бір өнімі бар іс-әрекеті жатыр, «іс-әрекет ойлау әрекетінің бөлігі», ал құзыреттілік «бұл іс-әрекеттің жіктелген субъектіленген іс-әрекеті» деп ерекше атап өткен. Бұл құзыреттілікті іс-әрекеттік категориясы деп түсінуге мүмкіндік береді. Автордың пікірінше, ол субъективтенген, яғни жеке іс-әрекет тәжірибесінен өткен, субъективті тәжірибеге айналады. Сонымен, құзыреттілік– оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, біліктілігін, дағдыны және әрекеттің барлық тәсілдерін меңгеруі, білім берудің нәтижесі.

Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетінің нәтижелігін, негізгі, пәндік құзыреттерін белгілеу негізінде еңбек іс-әрекетіндегі тәжірибесін қалыптастырудың мақсатын, мазмұнын таңдау, ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуге негіз болады. Құзыреттілікті іс-әрекет категориясы ретінде түсіну үшін іс-әрекеттің ойлау әрекетінің бөлігі екендігін баса айтудың мәні бар: субъектінің білімі, біліктілігі және бірте-бірте автоматты дағдысы, оны типтік және типтік емес, сырттан реттелетін немесе еркін жағдайларда қолданылады, ойлау үдерісінен өтеді, яғни рефлекцияланады. Ғалымның ойынша, құзыреттілік негіздер тұлғадан абстрактілі ойлауды, өзіндік рефлекцияны, өзін-өзі бағалауды, сыни ойлауды, яғни интеллектуалды дамуды талап етеді. Сол сияқты түрлі типтегі автономдық, рефлексивті іс-әрекеттерді қажет етеді.

К.Ж.Аганина құзыретті болашақ маман дайындауға қатысты «өзінің ішкі және сыртқы ресурсын іс-әрекетінде табысқа жетуде іске асыра алуы» деген/265/. Көптеген әдебиеттерде құзырет – нақты пәнге қатысты белгілі бір іс-әрекеттің жиынтығын меңгеруі, білім беру нәтижесі деп берілген. Сондықтан кші мектеп жасындағы балалар «Технология» пәнінде еңбек іс-әрекетінің амалдарын игере отырып, сол әрекеттен тәжірибе жинақтауы кез келген жағдайдан шыға білуге мүмкіндік береді.

Сонымен, құзыреттілік баланың еңбек іс-әрекетіндегі субъективті тәжірибесін белсенді қолдана алуы өзіндік негізгі құзыреттіліктерін дамытуға жағдай жасайды. Негізгі құзыреттіліктер – өмірдегі мәселелер мен жағдайларды шешуде іс-әрекеттің сапалы, табысты өтуін қамтамасыз ететін жеке тәжірибеге енген білім, білік, дағды, қабілеттің жинағы немесе әмбебап жүйесі. Сондықтан осы тұрғыда кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекеті негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Бірақ білім беру жүйесінің қай сатысында, қандай жағдайларда негізгі құзыреттілікті қалыптастыру мәселесі зерттелмеген. Дей тұрғанмен, кіші мектеп жасындағы балалардың негізгі құзыреттіліктер іс-әрекетте, соның бірі – еңбек іс-әрекетінде қалыптасады.

Негізгі құзыреттіліктер бала тұлғасының даму ерекшеліктерімен, жеке тәжірибесімен табиғи байланысты біліктіліктердің сандық жиынтығы. Баланың еңбек іс-әрекетіндегі сандық өзгерістер сапалық өзгерістердің болуына ықпал етеді. Еңбек іс-әрекетіндегі негізгі құзыреттіліктердің сандық өзгерісінің белгісі бастамашылдық сапасының дамуымен көрінуі мүмкін. Дж.Равеннің пікірінше, бастамашылқты бір жағынан құқыреттіліктің бар екендігін көрсетеді, екінші жағынан нақты жағдаяттарда құзыреттіліктердің сипаты туралы түсінік береді. Бастамашылдық еңбек іс-әрекетінде баланың қызығушылығын, белсенділігін, субъекті ретінде көрінуін, тәжірибесінің қалыптасқандығын көрсетеді. Ғалымның зерттеуіне сүйене отырып, бастамашылдығына негізделген ішкі түрткі баланың еңбек іс-әрекетінің мақсатқа бағытталуын, ішкі әлеуетін жинақтап сыртқы ресурстарға белсенді пайдалануда құзыреттіліктерін көрсетеді. Сонымен қатар еңбек іс-әрекетіндегі ішкі түрткі баланың бастамашылдығын таңдамалы, меңгерген әрекеті мен түсініктерінің негізінде тәжірибесі бірегей болуына ықпал етеді.

Құзыреттіліктің екінші көрсеткіші рефлексияның болуы. В.В.Давыдов,Э.А.Дудареваның зерттеулерінде рефлекция тек адамға тән қабілеттілік бола тұра, өзінің ойын, эмоциональдық көңіл-күйін, өзінің әрекеті мен қатынасын арнайы қарастыруға және практикада жаңадан жасауға мүмкіндік береді. Ендігі бір еңбектерде рефлекция іс-әрекеттің ішкі жоспары ретінде пайда болып, әрекеттегі бастамашылдық, жаңа ақпарат іздеуде, қажеттілігін қанағаттандыруда, өзінің жетістігін бағалауда «субъектінің талдау және өзінің іс-әрекетінің мақсаттарын, шарттарын және тәсілдерін, заттың жағдаятпен арақатынасын белгілеу қабілетінен көрініс табады. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетіндегі негізгі құзыреттілігі қалыптасуындағы сапалы өзгерісі рефлексивтіліктің дамуымен тығыз байланысты болып, өзінің әрекетін, жетістігі мен болашағын саналай алады.

Еңбек іс-әрекетінде ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілікті меңгеру үшін балалар қойған мақсатына қарай ақпарат көздерімен әрекет етеді, бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі. Қалай жасау керектігіне білім ғана емес, біліктілік қажет. Осы тұста А.Н.Тубельскийдің ойын келтірсек, «негізгі құзыреттіліктің мәні әмбебап біліктілікте, оларды әмбебап танымдық, әмбебап коммуникативтік, әмбебап іс-әрекеттік деп шартты түрде бөлуге болады». Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетіндегі тәжірибесі біліктілігінің деңгейіне байланысты.

А.В.Тихоненко өзінің зерттеуінде «баланың жастан жасқа өтуінде құзыреттік ие болатын және жүзеге асыратын мазмұны, заттарға, әрекеттерге, оның нәтижелеріне қатынасы, мінез-құлық амаладары өзгеріп отырады, бірақ негізгі құзыреттіліктің түрлері сол күйінде қалады.» деген. Жоғарыдағы зерттеулерге сүйене отырып, еңбек іс-әрекетіндегі негізгі құзыреттіліктердің түрлерін: әлеуметтік, коммуникативтік, ақпараттық, іс-әрекеттік деп бөліп көрсеттік. Біздің ойымызша, кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетінде әлеуметтік, ақпараттық, проблеманы шешу, коммуникативтік, іс-әрекеттік, танымдық құзырттіліктерінің бастапқы жиынтығы бір уақытта дамытылады деп ойлаймыз. .

Проблеманы шешу, танымдық құзыреттілікпен тығыз байланысты. Проблеманы шешу құзыреттілігі кіші мектеп жасындағы балаларда өздігімен алған ақпаратын мәселені шешуде қолдана білу біліктілігі, өздігімен білім, біліктілікті меңгеруі. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалардың проблеманы шешу құзыреттілігі қалыптастыруда шығармашылық еңбек, жобалау әрекеттері ұйымдастырылады. Мұндағы ақпарат көздері ересектердіің тәжірибесі, кітаптар, өзіндік жеке тәжірибесі, құрбыларының тәжірибесіне сүйенеді. Осы жастағы балалар табиғатынан әрекетшіл, білуге құштар, зерттеушілік белсенділік, бастамашылдық тән. Зерттеушілік бастамашылдық жаңа ақпаратқа, жаңа әсерлер мен білімге, еңбек іс-әрекетіндегі жаңа нәтижеге дегене қажетттілік. Зерттеу мақсаттарын өздігінен қойып, оны шешудің жаңа тәсілдерін және құралдарын іздестіреді. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетіндегі проблеманы шешу құзерттілігі мынандай мазмұнды болуы тиіс:

1. Проблеманы қоя білуі:

– еңбек іс-әрекетіндегі проблеманы анықтау алуы;

– педагог ұсынған проблеманы шешуге қызығушылығының болуы;;

– қалауы бойынша жағдаяттарды жалпы түрде сипаттай алады:

2. Мақсат қоюы және іс-әрекетті жоспарлай алуы:

– еңбек іс-әрекетінің ретінмен орындауды логикалық түрде белгілейді;

– орындау мерзімін анықтайды.

3. Технологияларды қолдануы:

– еңбекті іске асыру нұсқауын құрастыралды;

4. Ақпаратты, еңбек ресурстарын жоспарлауы:

– еңбек іс-әрекетін орындауға ресурстарын атайды.

5. Еңбек іс-әрекетін және өнімді бағалауы.

Қоғам ақпараттық технология дәуіріне кіргендіктен түрлі ақпарат көздерін қолдану біліктілігін, оған сыни көзқараспен қарау дағдысы, қажет ақпаратты таңдау біліктілігін талап етеді. Ақапарттық құзыреттілік кіші мектеп жасындағы балалардың қажеттілігіне және мүмкіндік әлеуетіне байланысты қалыптастыру көзделеді. Қазіргі Е.В.Огородников, О.М.Чубарянның зерттеулерінде ақпараттық құзыреттілікті компьютерді, интернетті меңгеру деп қарастырады. Бұл үшін зерттеушілік әрекетпен ұштастырылып ақпаратты интернеттен ала алады. Компьютерде сызбалар және құрастырулар жасайды, дамытушы тапсырмалар орындайды. Кіші мектеп жасындағы балалардың ақпараттық құзыреттілігі еңбек іс-әрекетіндегі танымдық, білуге құштарлығын, оқуға деген қажеттілігін қанағаттандырады.

Сондықтан өздігімен түрлі ақпара көздерімен жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі, оның оқу үлгерімі жақсарып, тез қабылдау, сұраққа жауап беру және оқытушының тапсырмасын орындау жылдамдығы артады, өздігімен ойлап айтуға, «технология» пәнінің мәнін түсініп пікірін айтады. Сонымен еңбек іс-әрекетіндегі ақпараттық құзыреттіліктің мазмұны мынадай болуы тиіс:

1.Ақпараттық ізденісті жоспарлау:

– еңбек іс-әрекетіне қажетті білім көздерінен белгілі мен белгісізді бөлуі;


2. Алғашқы ақпарат алу:

– адамнан ақпарат ала алу біліктілігі;

– білім алу көздеріне сүйене білу біліктілігі;

3. Ақпаратты алғашқы өңдеу:

– ақпаратты жүйелеу алуы;

– алынған ақпаратты баяндай алуы;

4. Ақпаратты өңдеуі:

– ақпараттың жеткіліксіздігін, түсініксіздігін ескертуі;

– ақпаратты негіздей алуы.


  • алған білімдерін іс жүзінде пайдалан білу біліктілігі. Еңбек іс-әрекетінде ақпаратты пайдалануда дербестікке, бастамашылдыққа, қажетті ақпаратты таңдай білуге қабілетті болып, тәжірибесінің қалыптасуына негіз болады. Адамдардың қарым-қатынасынан тұлғалық сапалары дамып қоймайды, жалпы адамзаттық тәжірибелерді, құндылықтарды, білім және іс-әрекет амалдарын меңгеріп, осы іс-әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді. Біздің көзқарасымыз бойынша, коммуникативтік құзыреттілік – баланың коммуникативтік біліктілігі. Осы тұрғыда қарағанда кіші мектеп жасындағы балалар еңбек іс-әрекеті тәжірибесін қалыптастырда коммуникативті құзырттілігі мынандай мазмұнда болады:

1. Жазбаша қатынас:

– құрастыратынын, дайындайтын бұйымның сызбасын, үлгісін құру;

– жасаған бұйымына сипаттама жазу.

2. Көпшілік алдында сөз сөйлеуі:

– сөйлейтін сөзі жоспарлауы;

– көпшілік алдында сөйлеу регламентін сақтауы;



  1. Сұхбаттасуы:

– балалардың еңбек іс-әрекетін алдын ала келісуі,

– өзінің көзқарасын бідіру, қажет болса, оны қорғау, диалогты бастау,

– сұрақ қою, өзінің жағдайын қажеттілігін, талаптарын түсіндіре алуы,

– қарым-қатынас стилін таңдауы.

4. Нәтижелі топтық қатынас:


  • еңбек етуге эмоциональдық ықыластылық,

  • басқалардың еңбектегі көңіл-күйін сезіне білуі, жолдасының әрекетіне зейін қоюы ;

– еңбек іс-әрекетінде басқа балаларды таниды, оның пікірімен санасады, мінез-құлқын көреді, балалардың арасындағы түрлі мәселелерді тез шеше алады;

  • бірлескен еңбек іс-әрекетінде баланың, бастамашылдығы, ұйымдастырушылық қабілет байқалады. Еңбек іс-әрекетінеде қарым-қатынас нормаларын, ережерін меңгереді. Бірте-бірте басқа балалардың қызығуын ескеретін, көмектесуге дайындығын қамтамасыз ететін субъективті қатынасы көрінеді. Қарым-қатынас құралдарын орнымен қолдана отырып, тіл арқылы білімдері мен тәжірибелерін алмасады. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалар еңбек іс-әрекетінде коммуникативті құзыреттілігін қалыптастырудың маңызы зор.

Кіші мектеп жасындағы балалардың әлеуметтік құзыреттілігінің қалыптасуы әлеуметтендіру, әлеуметтік тәжірибе, әлеуметтік белсенділік ұғымдарымен тығыз байланысты. Баланың адамзаттың қатынас әлеміне, мәдениетіне енуі, оның дамуының негізгі көзі болып саналады. В.Н.Мясищев « тұлғаның бастапқы негіздемесе, индивидтің әлеммен мол байланысу байлығында» деген. Баланың ішкі мәнді этникалық инстациясы, этикалық ережелері, қоршаған әлем және адамдардың өзара қарым-қатынасы туралы түсінігінің, тәжірибесінің қалыптасуы еңбек іс-әрекетіне жүзеге асады. аланың әлеуметтенуін оның әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру, яғни әлеуметтенуі мен даралануының өзара байланысы. Оның нәтижесінде еңбек іс-әрекетінде өзін-өзі жүзеге асыратын біліктіліктерге жетеді.

– еңбек іс-әрекетінде құрдастарымен, адамдармен қатынасты орнату және қолдап отыру;

– өзінің және басқаның еңбек іс-әрекетіндегі түрткісін түсіну;

– еңбек құндылығын түсіну және құндылық қатнас жасау біліктілігі;

– өзінің және басқаның еңбектегі тәжірибесін пайдалан білу;

– еңбек іс-әрекетін нәтижесін болжау, басқару және реттеп отыру;

– еңбекке және еңбек нәтижелеріне қатынасы;

– еңбек іс-әрекетіндегі келіспеушіліктерді болдырмау және оны орнымен шешу біліктілігі.

Кіші мектеп жасындағы балалар өзінің еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде дамуы мен жетілуде сензитивті болғандықтан бастапқы іс-әрекеттік құзыреттілігі дамиды. Баланың еңбек іс-әрекетіндегі тәжірибесі әлеуметтік белсенділігі, автономдылығы (тәуелсіздігі), жауапкершілігі, еркін әрекеттенуіне байланысты. Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетіндегі әрекеттік құзыреттілігі баланың ересекке тәуелсіз болуына, дербестікке өзін-өзі реттеуге құқығы берілген жағдайда жүзеге асады. Бірақ қазіргі балаларда өздігімен шешім қабылдауға, еңбек әрекеттерін орындауға, еңбек әрекетінің нәтижесін алдын ала болжауға сенімі жетпейді, ересектерден күтеді.

Мұның өзі балаланың еңбек іс-әрекетіндегі тәжірибесінің жетіспеушілігінен, олардың өмірлік тәжірибесіне сенбеушіліктен болады. Ересектер тарапынан кейбір жағдаяттарға тиісті баланың тәжірибесі жоқ деген шектеулері сол жағдайдағы тәжірибені иегруін тежейді. Тәуелсіздік, дербестік, жауапкершілік сапаларын еңбек іс-әрекетінде қалыптастыруда балалардың түрткілерінің, әрекет ету стилін, орындау қарқынын есеп алу қажет. Ересектер мен балалар оқудың нәтижесін түрліше деңгейде түсінеді. Бала еңбек іс-әрекетінде қол жеткен нәтижесін едәуір деп есептесе, ересек оны жеткілікті түрде бағаламайды. Мысалы: қағаздан жасалған сыйлығына мән бермеуі кездеседі. Кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетіндегі тәуелсіздігі, жауапкершігі әрекет тәсілдерін, операциялардың орындалу бірізділігін, кездескен қиынщылықтарды жеңу амалдары туралы білімін, біліктілігін тәжірибесін қажет етеді. Сонымен еңбек іс-әрекетіндегі іс-әрекеттік құзыреттілік мынандай мазмұнға ие болады:

– еңбек іс-әрекетінің мақсат қоя білуі, қажетті құралдарды таңдауы, әрекеттің бірізділігін құру біліктілігі;

– еңбек нәтижесін болжау, кездесетін қиыншылықтардың алдын алу біліктілігі;

– қойылған мақсатқа сәйкес нәтижені талдау және бағалау;

– өзгелермен, сыныппен бірге, өздігімен еңбек ете алуы;

– өзінің және өзгелердің еңбектегі әрекетін бағалауы және түзетуі.

Сонымен, проблеманы шешу құзыреттілігі кіші мектеп жасындағы балаларда өздігімен алған ақпаратын мәселені шешуде қолдана білу біліктілігі, өздігімен білім, біліктілікті меңгеруі. Коммуникативтік құзыреттілік – баланың еңбек және еңбек құралдары, қоршаған әлем туралы білімі, бірлескен еңбекте тіл табысуы, өзара келісу біліктілігі. Ақпараттық құзыреттілігі – ақпарат көздерін қолдану біліктілігі. Еңбек іс-әрекеті құзыреті – технология пәнінен білім алу құзыретіне ие болуы, кіші мектеп жасындағы балалардың технология аймағындағы білімі және тәжірибесі. Білім берудегі соңғы нәтиже пәндік білім алу құзыреті және ақпаратттық құзеттілік, проблеманы шешу құзыреттілігі, коммуникативтік құзыреттіліктер жиынтығы, оған жетуде тәжірибенің ықпалы жоғары.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі мемлекеттік білім беру бағдарламасы. Астана 2010.

2 Зинина С.М. Роль педагога-психолога в развитии коммуникативной компетенции детей дошкольного возраста// Актуальные проблемы психологии образования: Материалы научно-практической конференции 3-4 ноября 1999 г. – Н.Новгородский гуманитарный центр, 1999. – С. 35–37.

3 Аганина К.Ж Теоритические основы подготовки учителей интегрированых предметов// Матералы Республиканской научно-практической конференции, посвещенной 80-летию доктора педагогических наук, профессор Н.Д.Хмель. –Алматы: 2008. – С 74–82.

4 Джадрина М.Ж. Вопросы повышения качества школьного образования.// Материалы международной научно-практической конференции: «Среднее образование в ХХІ веке: состояние и перспективы развития». – Астана. 2002.– 159 с.

5 Равен Дж Педагогическое тестирование: проблемы, заблуждения, перспективы. // Школьные технологии. – 1999. – № 1-2. – С.178–207.

6 Дударева Э.А. Психолого-педагогический мониторинг воспитания рефлексии младших школьников: 13.00.01– общая педагогика, история педагогики и образования, автореф. дисс.... канд. пед. наук. – Екатеринбург, 2003. – 26 с.

7 Тубельский А.Н. Детско-взрослые сообщества как субъект компетентностного содержания обрования.// Материалы конференции. www/conf/ krasu

8 Тихоненко А.В. Компететностный подход к формированию общечеловеческих понятий у учителец и учащихся начальной школы: 13.00.01– общая педагогика, история педагогики и образования, автореф. дисс… док. пед. наук. – Тамбов, 2002. – 42 с.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекеті тәжірибесін қалыптастыруда құзыреттілік тұғырдың мәні қарастырылады.

РЕЗЮМЕ

В статье говорится о значении компетентного подхода при формировании опыта трудовой деятельности учащихся начальных классов.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет