басқа да жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтарды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру; - әлеуметтік және экономикалық қайта құруларды жүзеге асырудың басты факторы ретінде жеке кәсіпкерлікті қалыптастыру; 2004 жылғы 11 қазанда Елбасы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлыққа қол қойды. Бағдарламаның басты бағыттары «Білім туралы Заңда» (2007 ж.) бекітілді. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында қазақстандық ұлттық білім беру құрылымы ЮНЕСКО ұсынған Білім берудің Халықаралық стандарттау классификациясымен сәйкестендірілді. Бастауыш және орта мектеп деңгейінде 12-жылдық білім беру моделін енгізуге жағдайлар жасалынды, техникалық және кәсіби білім беруді қайта құру жұмыстары басталды. Жоғары мектеп деңгейінде үш деңгейлі (бакалавриат-магистратура-PhD) маман-кадрлар даярлау енгізілді. 2010 жылдың 11 наурызынан Қазақстан Еуропалық білім беру кеңістігінің тең құқылы мүшесіне айналды. Бүгінде Қазақстан жоғары оқу орындары Tempus, Erasmus Mundus, INSPIRE,т.б. халықаралық бағдарламаларға белсенді түрде қатысады. Интелектуалды ұлт 2020 2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама мына негізгі үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс болды. Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы. Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне бағыттау қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой, алған білімді қорыта білу, шешім қабылдау, технологиялар мен инновациялар болып табылады. ақпараттық технологиялар паркі базасында жетекші жоғары оқу орындары мен шет елдік беделді мамандарды қатыстыра отырып аймақтық университет ашу. Үшінші басым бағыты - жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру. Бұл жерде жаһандану үдерістерін назарға ала отырып, жас буынның рухани тәрбиесіне, ұлттық-мәдени құндылықтарымызды нығайтуға көңіл бөлу керек. Серпін 2050 - «Серпін-2050» − кең ауқымды әлеуметтік жоба. Оның жүзеге аса бастағанына биыл үшінші жыл. Осы аз ғана уақыт ішінде 12 мыңнан астам қыз-жігіт жастар үшін өте маңызды саналатын әлеуметтік бастаманың игілігін көрді.
Негізгі «Серпін» жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасынан кейін бастау алған еді. Мемлекет басшысы осы мақаласында елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың маңызды жолдары мен міндеттерін көрсетіп берген болатын. Елбасы тұтынушылық қоғам түсінік-тұжырымдамасының орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек», деп жол сілтеді. - Негізгі «Серпін» жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасынан кейін бастау алған еді. Мемлекет басшысы осы мақаласында елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың маңызды жолдары мен міндеттерін көрсетіп берген болатын. Елбасы тұтынушылық қоғам түсінік-тұжырымдамасының орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек», деп жол сілтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |