Қол еңбегі
Аптасына 0,5 сағат. Жыл бойы 17 сағат
№
|
Бөлім
|
№
|
Тақырыптар
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
Оқу мақсаттары
|
1
|
Ермексазбен жұмыс
|
1
|
Текшелер жасау
|
1
|
|
2.1.1.1 геометриялық денелерді: текше, брус жасау
2.1.1.2 мұғалімнің үлгісі бойынша көлемі әр түрлі текшелерді (үлкен, кішкентай) жасау
2.1.1.3мұғалімнің үлгісі бойынша биіктігі әр түрлі текшелерді (ұзын, қысқа) жасау
2.1.1.4 үй бөліктерін илеп жасау, олардан нысан құрастыру
2.1.1.5цилиндр пішіндес, конус пішіндес заттарды илеп жасау
2.1.1.6 илеп жасалған заттардан мұнара (биік, аласа) құрастыру
|
2
|
Әртүрлі пішіндер жасау
|
1
|
|
3
|
Үй бөліктерін жасау
|
1
|
|
4
|
Мұнара жасау
|
1
|
|
5
|
«Көктем» компазициясын жасау
|
1
|
|
2.1.2.1 жіңішке бағанашалардан нобай бойымен «Көктем» композияциясын (үй, күн, жапырақты ағаштар, шөп) құрастыру
|
6
|
Көкөністер мен жемістер
|
1
|
|
2.1.3.1 жағу тәсілімен көкөніс, жемістер жасау
|
2
|
Табиғи материалмен жұмыс
|
7
|
Кесе,ваза, стакан жасау. Өрнек құрастыру
|
1
|
|
2.2.1.1 кептірілген жапырақтардандөңгелекте өрнек құрастыру
2.2.1.2 ермексаз жағылған түптөсемге қарбыздың сүйгімен, жүгерінің дәнімен заттардың (кесе, ваза, стақан) нобайын салу
|
8
|
Тиін,өрмекші,тасбақа, балапандардың пішінін жасау
|
1
|
|
2.2.2.1 емен жаңғағынан, үйеңкінің тұқымынанқоян, тиін пішіндерінжасау (үлгі бойынша)
2.2.2.2 шабдалы сүйегінен тасбақа, өрмекші жасау (үлгі бойынша)
2.2.2.3 қарағай бүрінен, қауырсыннан балапандары бар үйрек пішінін жасау(үлгі бойынша)
|
9
|
«Жыл басы» компазициясын құрастыру
|
1
|
|
2.2.3.1 кептірілген жапырақтардан «Жыл басы» ертегісінекомпозиция құрастыру
|
3
|
Қағазбен және қатырмақағазбен жұмыс
|
10
|
Дорба жасау
|
1
|
|
2.3.1.1 қағаздан өсімдік тұқымын сақтауға арналған дорба жасау
2.3.1.2 өсімдік тұқымын сақтауға арналған дорбада қазақтың «гүл» оюымен жапсырмақұрақ жасау
2.3.1.3 жұқа қатырмақағаздан кітап арасына салғыш жасау, бір жағына түсті қағаз жапсыру (қимаүлгі бойынша)
2.3.1.4кітап арасына салғышқа жапсырмақұрақ жасау
2.3.1.5 үшбұрыш пішінді «тұмар» жасау, оны жіппенбекіту
|
11
|
Жапсырмақұрақ жасау
|
1
|
|
12
|
«тұмар» жасау
|
1
|
|
13
|
Ұшақ, кеме жасау (оригами)
|
1
|
|
2.3.2.1 үлгі бойынша қағазды бүктеу арқылы көлемді ойыншықтарды (ұшақ, кеме) жасау (оригами түрінде)
2.3.2.2 қатты түсті қағаздан көлемді шырша ойыншықтарын (шам, саңырауқұлақ) жасау
|
4
|
Жіппен және тоқыма материалмен жұмыс
|
14
|
Жуан жіптен ұл баланы жасау
|
1
|
|
2.4.1.1 жуан жіптерді (краше, ирис) орау, байлау, қайшымен тегістеу
2.4.1.2 жіп байламынан ұл баланың, қыз баланың стильденген пішіндерін жасау
|
15
|
Баулық тігісін орындау
Баулық тігісімен кестелеу
|
1
|
|
2.4.2.1торкөз қағаз жолағындағы тесіктер бойынша «баулық» тігісін орындау
2.4.2.2қалың матада «баулық» тігісін орындау
2.4.2.3 матадан жасалғанкітап арасына салғышты «баулық» тігісімен кестелеу (көктеу, шашақтармен безендіру)
|
5
|
Құрастыру
|
16
|
Машина құрастыру
|
1
|
|
2.5.1.1 лего текшелеріненмашина құрастыру
2.5.1.2 лего текшелеріненқақпасы бар тұраққұрастыру
|
17
|
Қақпасы бар тұрақ құрастыру
|
1
|
|
Айналадағы әлем
Аптасына 0,5 сағат. Жыл бойы 17 сағат
Түсіндірме жазба
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.
2. Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.
3. Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша қолжетімді білім мен икемділіктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу әрекетінің тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін, әлеуметтік-мәдени кеңістікте бағдарлау икемділіктерін дамытуғабағыттайды.
4. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.
5. Құндылыққа, іс-әрекетке, тұлғаға бағдарлық коммуникативтік тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру процесі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылып, оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.
6. Қазіргі кезеңде оқушының өздігінен білімді игеруі үшін оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Оқушының белсенді танымдық қабілеті мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және мұғалімнің серіктес, кеңесші ретінде қолдауы кезінде тұрақты сипатқа ие болады.
7. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осылайшакүшейту білім берупроцесінде барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интербелсенді әдістерін қолдану кезінде мүмкін болады.
8. Оқу процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін шынайы шығармашылық процесіндегі оқушының қарым-қатынас моделіне айналдырады.
9. Пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған
оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында іске асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.
10. Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттары жүйесі түрінде күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.
11. Пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу мақсатына тәуелді және оқушылардың қалыптасқан білім, білік, дағдыларын өмірде кездесетін түрлі жағдайларда пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағытталған.
12. Тұлғалық қасиеттерінің дамуы кең ауқымды дағдылармен үйлесімде оқушыларға білім берудің негізгі құндылықтарын: «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» меңгертудің негізі болып табылады. Бұл құндылықтар оқушылардың күнделікті әрекеті мен тәртібіне түрткі болатын тұрақты тұлғалық бағыттаушысы ретінде танылған.
13. «Айналадағы әлем» – адам, қоғам және табиғаттың өзара
қарым-қатынасы және өзара келісілген білімдер жүйесін қалыптастыруға бағытталған, кіріктірілген пән. Пәнді оқыту нысаны – адам, табиғат, қоғам сонымен қатар, отбасы, мәдениет, денсаулық, өзара қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта.
14. Курстың басты бағыты – қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын таныстыру негізінде сөйлеу тілін дамыту. Тілдің коммуникативті қызметімен бірге реттеуші қызметі де дамиды. Балаларды қаратпа сөздерді түсінуге, қажетті нұсқауларды орындауға, өзінің әрекетін мұғалімнің талаптарына сай бағындыруды үйретеді. Коммуникативті құрал ретінде сөйлеу тіліне үйрету құрдастармен, ересектермен қарым-қатынас жасай алу дағдыларын қалыптастырумен анықталады. Тілдің лексикалық, синтаксистік, қиысынды ауыз екі сөйлеу жақтары дамиды.
15. «Айналадағы әлем»бағдарламасы оқытуда өзара қарым-қатынас пен өзара келісілген құндылықтары мен осы пәннің оқыту жүйесімен мектептен «шығу» нәтижесіне негізделген тәрбие және білім берудің бірлігі ұстанымын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |