Тапсырма:
Тиіндер сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Соңғы сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.
Кірпі сөзімен сұраулы сөйлем құрастырып жаз.
05.11.2021
Киіз үй
Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қолайлы баспанасы.Оны тез құрып, тез жинауға болады.Жазда салқын, қыста жылы болады.Киіз үй кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады.( 27 сөз:
Тапсырма
1.Сөздерді тасымалдау ретімен жаза:
Кереге, шаңырақ, есік,киіз
2.осы сөздерді көпше түрде жаз.
01.11.2021
Әдебиеттік оқу
Мазмұндама
Алғашқы күні
Бүгін білім күні. Әсел мектепке жиналды. Киініп айна алдына келді. Өзін тәртіпке келтіре бастады. Өзіне-өзі қарап ұзақ тұрды. Бантигінің байлауын шешіп, қайта байлады. Содан соң қуанышы қойнына сыймай, сөмкесін асынып, сыртқа шықты.
Уақытын өткізіп алғанын енді аңғарды. Жүгіре басып мектепке келді. Алғашқы күні сабаққа кешігіп қалғанына қатты өкінді. (47 сөз)
Жоспар:
1.Білім күніне әзірлік.
2.Әселдің сабаққа кешігіп қалуы.
02.11.2021
Мазмұндама
Мейірім
Сабақ түстен кейін басталатын. Күздің жайма шуақ күндерінің бірі еді. Мектепке жайбарақат келе жатқам. Бір үйдің бұрышынан өте бергенде, үрейлене жылаған баланың даусын естідім. Қасына барсам, басы үлкен, құлағы салпиған қара күшік кішкентай қыз баланың жолын бөгеп алған. Шәуілдеп жүргізер емес. Күшікті куып жібердім. Қыз бала жылағанын қойып, риза болды. (50 сөз)
Жоспар:
1.Үрейлі дауыстың естілуі.
2.Қыздың күшіктен қорқуы.
03.11.2021
Мазмұндама
Сәруардың добы
Әкесі Сәруарға доп сатып әперді. Оның қуанышында шек болмады. Сәруар добын құшақтап далаға шықты. Ойнап жүрген балалар көріп қасына келді. Допқа қызыға қарады.Сәруар допты ортаға тастады. Балалар екіге бөлініп, футбол ойнауға кірісіп кетті. Сәруар доп қуғандарға қосылып, көңілденіп жүгіре жөнелді. Балаларға ойын қызықты болды. (46 сөз)
Жоспар:
1.Сәруардың қуанышы.
2.Балалардың футбол ойнауы.
04.11.2021
Достарыңызбен бөлісу: |