Мақсат бағыныңқылы сабақтас
Бағыныңқы сыңары басыңқы сыңарда айтылған ісәрекетің, қимылдың мақсатын білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін мақсат бағының-қылы сабақтас сөйлем деп атайды.
Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңары неге? не үшін? не етпек болды? қандай мақсатпне? Деген сұрақтарға жауап береді.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің бұл түрінің бағыныңқысының баяндаушы:
1. Етістіктің мақсатты келер шақ тұлғасы мен болып көмекші етістігінің тіркесіне аяқталады: Іргештің осы жаман әдетін қойғызбақ болып, балалар оған істемегенді істеуші еді (Б. Соқп.).
2. Бол көмекші етістігі мен үшін септеулігінің тіркесіне аяқталады: Қар қалың түскендіктен, мал қораларына пішен тасу үшін, жеткізу сияқты жұмыстардың ауыр салмағы тракторларға түседі (Ұ. Б.). 3.Деп көмекші етістігімен тіркеске аяқталады: Солармен қабаттаспайын деп, тұрып қалдым (А. Байт.).
Мақсат бағыныңқылы сабақтастың басыңқы сыңары мен бағыныңқы сыңарларының арасына үтіп қойылады.
Жаттығулар жұмысы:
1-жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, басыңқыдан бағының-қыға қаратып қойылатын сұрауды жақша ішінде көрсетіңіз. Орыс тіліне аударыңыз.
Үлгі: Басым ауырған соң (неге?), жиналыстан сұранып кеттім. «Я отпросился с собрания, так как у меня болела голова».
1. Басым ауырған соң, жиналыстан сұранып кеттім. 2. Кеш болып қалғандықтан, біз әрі қарай жүрмедік. 3. Жиналыс уақытында болмаған соң, біз қатты ренжідік. 4. Биыл жаңбыр көп жауғандықтан, Қазақстанда астық бітік шықты. 5. Денсаулығы нашар болған себепті, оның баласын әскер қатарына алмады. 6. Үстінде жылы киім болмағандықтан, тоңып қалды. 7. Жұмысы көп болған себепті, демалыста ол елге бара алмады. 8. Қазақ тілінен сабақ болмаған соң, студенттер тез тарап кетті. 9. Мен қатты ауырған соң, сабаққа бармадым. 10. Үйіне қонақ келіп қалған соң, ешқайда бармады.
3-жаттығу. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.
I. 1. Үйде азық-түлік біткен соң, ... . 2. Денсаулығы болмаған себепті, ... . 3. Күні бойы далада көп жүргендіктен, ... . 4. Мұғалім ауырып қалған соң, ... . 5. Арман озат оқушы болған себепті, ... . 6. Пойыз кеш келген себепті, ... . 7. Жұмыс бітпегендіктен, ... .8. Жомарт ерінгендіктен, ... . 9. Емтиханға әзірленбеген соң, ... .10. Жаңбыр жауған соң, ... . 11. Кеш болып қалғандықтан, ... .12. Уақыты аз болған соң, ... .
II. 1. ..., қонақтар далада ұйыктады. 2. ..., балалар далада ойнайды. 3. ..., сабаққа келмеді. 4. ..., институтта оқи алмады. 5. ..., үйіне сәлемдеме жібере алмады.6. ..., басым ауырды. 7. ..., біз Сізді көрмедік. 8. ..., көкөніс алдық. 9. ..., мен жұмысымды уақытында аяқтамадым. 10. ..., із қуандык. П. ..., тауға бармаймыз. 12. ..., ерте тұрамыз.
4-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сіз неліктен сабаққа келмедіңіз? 2. Балалар неге қуанып жатыр? 3. Жолдасыңыз неге қонаққа бармады? 4. Сіз неге ерте тұрдыңыз? 5. Арман неге үйге кірмеді? 6. Әкесі баласына неге ұрысты? 7. Әмина неге жылады? 8. Жолдасыңыз неге дүрыс жауап бермейді? 9. Астанада неге тұрмадыңыз? 10. Туыстарыңыз неге келді?
5-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
1. Вы говорите неправильно, потому что не учите слова. 2. Вы не пойдете в горы, потому что не подготовились к школе. 3. Вы не понимаете, потому что не слушаете. 4. Я иду на базар, потому что дома закончились продукты. 5. Его никто не слышит, потому что он говорит тихо. 6. Он позвал меня, потому что шел интересный фильм. 7. Мы долго стояли на перроне, потому что поезд опоздал. 8. Я помогла подруге, потому что к ней приехало много гостей. 9. Я не понимаю текст, потому что плохо знаю слова. 10. Я никуда не пойду, потому что у меня много работы. 11. Вода в реке сильно поднялась, потому что шли сильные дожди. 12. Мы сели в такси, потому что опаздывали.
6-жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, басыңқыдан бағының-қыға қара-тып қойылатын сұрауды жақша ішінде көрсетіңіз. Орыс тіліне аударыңыз.
Үлті: Қонақтар демалсын деп (неге?), ол далага шығып кетті. «Он вышел на улицу, чтобы гости отдохнули».
1. Қонақтар демалсын деп, ол далаға шығып кетті. 2. Институтқа ер-терек бару үшін, біз жатақханадан ерте шықтық. 3. «Қыз Жібектің» 528 операсын тыңдау үшін, біз опера және балет театрына бардық. 4. Қымыз ішсін деп, баласын жайлауға жіберді. 5. Баласы шетел тілін үйренсін деп, ол баласын лингвистикалық мектепке орналастырды. 6. Қазақ тілін тез үйрену үшін, қазақтармен казақша көбірек сөйлесу керек. 7. Алматыны кө-ру үшін, ауылдан келдік. 8. Астанаға барайын деп, пойызға билет алдым. 9. Дүкеннен нан алсын деп, ақша бердім. 10. Атасы жазылсын деп, емханаға алып барды.
7-жаттығу. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.
I. 1. Жақсы оқу үшін, ... . 2. Дүкеннен кітап сатып алсын деп, ... . 3. Адам тез жазылу үшін, ... . 4. Баласы білімді болсын деп, ... . 5. Борщ пісіру үшін, ... . 6. Үйіне тез жетейін деп, ... . 7. Жұмыс бітсін деп, ... . 8. Шай ішейік деп, ... . 9. Қонақтар риза болсын деп, ... . 10. Тоңбау үшін, ... . 11. Ауырмау үшін, ....
II. 1...., мен сабағымды орындап қойдым. 2. ..., жұмысын бітірді. 3. ..., қазақ тілін үйреніп жүрмін. 4. ..., соңғы хабарларды тыңдаймын. 5. ..., көп дайындалдым. 6. ..., маған телефон соқты. 7. ..., ерте жаттық. 8. ..., үйді жинадық 9. ..., тамақ пісірдік. 10. қатты сөйледі. 11. ..., аяғына жаңа етік сатып алды.
8-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Азық-түлік алсын деп, шешесі қанша ақша берді? 2. Үйге сәлем-деме жіберу үшін, не істеу керек? 3. Жақсы демалу үшін, қайда бару ке-рек? 4. Сіз қазақ тілін неге үйреніп жүрсіз? 5. Институтты жақсы бітіру үшін, не істеу керек? 6. Ана тіліңізді білу үшін, не істеуіңіз керек? 7. Дос-тарың көп болу үшін, не істеу керек? 8. Сіз мына жаттығуды неге орындап отырсыз? 9. Бесбармақ жасау үшін, не істеу керек? 10. Сіз теміржол бекетіне не үшін келдіңіз?
9-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
1. Я пришел в столовую, чтобы пообедать. 2. Для того, чтобы выздо-роветь, ты должен лечиться. 3. Вы вышли из дому рано, чтобы не опоздать на поезд. 4. Для того, чтобы быть образованным, я много читаю. 5. Моя мама отправила меня на базар купить овощи и фрукты. 6. Для того, чтобы не заболеть, он надел пальто. 7. Мы отправились в кино, чтобы посмотреть интересный фильм. 8. Абай изучал русский язык, чтобы познакомиться с русской культурой, литературой и историей. 9. Берик позвонил, чтобы поговорить с тобой. 10. Я много работал, чтобы вовремя закончить работу.
17. Төл сөз бен төлеу сөз
Сөйлеуші тек қана өзі сөйлей бермей, өз сөзінің ішінде басқа біреудің де айтқанын, сөйлегенін келтіреді.
Мысалы: Балаларға онша нанбай, қарттың сұрағыштай бергенін байқап, артта Сәтенмен әңгімелесіп келе жатқан Байсал:
- Жақа, біздің балалар қолға аласа, іс осылай тез бітеді. - деді ол. (М.И.)
«Ғылым таппай мақтанба», - дейді Абай. Алғашқы мысалда сөйлеуші өз сөзінің ішінде Байсалдың Жақаңа айтқан сөзін келтірсе (Жақа, біздің балалар қолға алса, іс осылай тез бітеді), соңғы мысалда Абайдың айтқан ақыл сөзін (Fылым таппай мақтанба) келтірген.
Біреудің сөзі екі жолмен беріледі: а)ешбір өзгеріссіз, дәл сол айтылтан күйіндегідей жеткізу; біреудің сөзінің мұндай жолмен берілуін төл сөз дейді. Жоғарыда келтірілген екі мысалда да біреудің сөзі төл сөз түрінде беріліп тұр; ә) сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап, біреудің сөзінің тек мазмұнын ғана сақтап жеткізу. Мысалы, жоғарыда Байсал айтқан сөзді мына түрде де жеткізуге болады... Байсал Жақаңа өздерінің балалары қолға алса, істің осылай тез бітетіндігін айтты. Абайдың ақыл сөзін былайша жеткізуге болады: Абай ғылым таппай, мақтанбауды айтты. Біреудің сөзінің мұндай жолмен берілуін төлеу сөз дейді.
Төл сөзді болсын, төлеу сөзді болсын жеткізуде оларға жанама түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейді. Жоғарыда келтірілген мысалдардағы балаларға онша нанбай, қарттың сұрағыштай бергенін байқап, артта Сәтенмен әңгімелесіп келе жатқан Байсал: ...- деді ол; дейді Абай дегендер - автор сөздері.
Ауызекі сөйлегенде төл сөз автор сөзінен дауыс ырғағы арқылы бөлініп тұрса, жазуда олардың арасы тыныс белгісі арқылы ажыратылады. Ал төлеу сөз ауызекі сөйлегенде болсын, жазуда болсын автор сөзінен ажыратылмай, біртұтас сөйлем құрамына енеді.Мысалы:
Төл сөз. Төлеу сөз
- Бұл бала - менің қарындасым, - деді Кенжетай, Асқардың сұрағысы келгенін біліп.
- Бұл үйдің жаны нешеу? - деді Итбай, сөз бастау үшін (С.М.). енжетай Асқардың сұрағысы келгенін біліп, бұл бала өзінің қарындасы екенін айтты. Итбай сөз бастау үшін, бұл үйдің жанының нешеу екендігін сұрады. Осы мысалдағы төл сөздер: Бұл бала-менің қарындасым, бұл үйдің жаны нешеу? Төлеу сөздер: бұл бала(ның) өзінің қарындасы екендігін; бұл үйдің жанының нешеу екендігі. Төл сөздегі автор сөздері: -деді Кенжетай, Асқардың сұрағысы келгенін біліп ... айтты; Итбай сөз бастау үшін ... сұрады. Алғашқы мысалда төл сөз бен автор сөзі үтір және сызықша арқылы бөлінсе, екінші мысалда сұрау белгісі мен сызықша арқылы бөлініп тұр. Төлеу сөз бен автор сөзінің арасында ешқандайда тыныс белгілері жоқ, демек, олар өзара тыныс белгілерімен ажыратылмайды.
Сөйлеушінің өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін өзгеріссіз, айтылған түрінде беруін төл сөз дейді.
Мысалы: Дина бір сөзінде Асанға: «Талабың бар екен, бірақ талап - әлі өнер емес», - деген болатын. (С.Бақб.) Осы мысалдағы: Талабың бар екен, бірақ талап - әлі өнер емес деген сөз - Динаның өз аузынан шыққан төл сөзі; мұны сөйлеуші сол айтылған күйінде жеткізіп отыр. Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейді. Жоғарыда айтылған мысалдағы Дина бір сөзінде Асанға ... деген болатын деген сөз -автор сөзі: мұнда сөйлеуші төл сөзді кім айтқаны (Дина) және кімге қаратып айтқаны (Асанға) жайында түсінік береді.
Төл сөз бен автор сөзі де көмекші етістігі арқылы байланысады, ол үнемі автор сөзінің құрамында болады және деді, дейді, деп, деген, деген екен (болатын), дей жаздады, дегендей. т.б. тұлғада тұрып қолданылады. Мысалы:
1. - Алғың келген костюміңнің бағысы қанша екен? - деп сұрады әкем, ақырын сөйлеп. 2. - Мен дәрігер болмаймын, әке, ұшқыш боламын, - дедім зордың күшімен айтып. 3. М.Жұмабаев: «Сылдыр-сылдыр сылдырлап, Бірінің сырын бірі ұрлап,
Толқынды толқын қуады», - деп, толқынға жан бітіреді. (Ж.Аймауы-тов)
Төз сөздің мазмұны автор сөзінің ыңғайына қарай біреудің айтқан сөзі ғана емес, оның ойлаған ойы, айтуға оқталған сөзі де болып келеді. Мысалы: «Бұл жақта күн қандай салқын! Алматы қазір күйіп тұрған болар», - деп ойлады, мектеп директорын күткен Жақыпбек терезеден тысқа көз жібере отырып. (М.И.) Бұл мысалда Жақыпбектің айтқан сөзі емес, ойлаған ойы төл сөз түрінде берілген. «Еркем, не қып тұрсың?» - деп қала жаздаған Айбала аузына келіп қалған сөзді ернімен бөгей қойды. (С.М.) Мұнда Айбаланың айтпаған, бірақ айтуға оқталған сөзі берілген, солай бола тұрса да, бұл да төл сөз.
Төл сөздің тыныс белгілері.
Жазуда төл сөз автор сөзінен арнаулы тыныс белгілері арқылы бөлінеді. Төл сөздің тыныс белгілері автор сөзі мен төл сөздің орын тэртібіне және төл сөзді сөйлемнің хабарлы, сұраулы және лепті болуына қарай әр түрлі қойылады.
-
Төл сөз автор сөзінен бұрын орналасса, төл сөз тырнақшаға алынады, не оның алдына сызықша қойылады да, төл сөз бас әріптен басталып жазылады, төл сөздің соңына, егер ол хабарлы сөйлем болса, үтір, сұраулы сөйлем болса, сұрау белгісі, лепті сөйлем болса, леп белгісі қойылады да, одан кейін автор сөзінің алдынан сызықша қойылады. Мысалы: 1) «Білмегенді біле бер», - деді Шәкәрім Қүдайбердіұлы. 2) - Сүтті көп алудың шарасы туралы сөз сауыншы Соқатаеваға беріледі, - деп, Сағила әдейі ресми қалыпқа көшіп, асыға жариялады. (М.И.) 3) - Осы apaға тоқтайсың ба? - деді Шауыпкел. (C.M.) 4) - Бақытыңнан айналдым, балаша қуанған ақ ботам! - деп, Дәмет бәйбіше өз қуанышын көз жасымен білдірді. (Ғ.Мұст.)
2. Төл сөз автор сөзінен кейін тұрса, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылады, одан кейінгі төл сөз тырнақшаға алынады, не алдынан сызықша қойылады. Мысалы:
1) Шәкәрім Құдайбердіұлы былай деді: «Білмегенді біле бер». 2) Міржақып Дулатұлы былай деді: - Білмеске сөзің қор болып кетер деген. (М. Дулатұлы).
3. Төл сөз автор сөзінің арасына орналасса, бірінші және екінші пункттерде көрсетілген тыныс белгілері түгел қатысады. Мысалы: 1) Мағжан Жүмабайұлы казақ тілі туралы: «Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім», - деді. 2)Қарашоқыны бөктерлеп, ай маңдай аттың жол жорғасымен жүріп отырып, Абай: - Шыңғыстың бөктері тегіс көктепті-ау! - деп айналаға көз жіберіп келе жатты.
4. Автор сөзі төл сөздің арасына келіп орналасса, автор сөзінің алды-артынан тыныс белгілері былай қойылады: а) автор сөзінің алдынан да, соңынан да үтір және сызықша қойылады, мұндайда төл сөздің екінші бөлігі кіші әріппен басталып жазылады. Мысалы: «Ғылымды пайдаланып отырса да,-деді Ахмет Байтұрсынұлы, - сезбейтін сол пайдасын надандар бар ».
- Апа, - деді Асқар, - саған не болған? Кенжетайды үйге апарайық. (С.М.); ә) төл сөздің соңғы бөлігі дербес сөйлем болып, бас әріптен басталып жазылса, автор сөзінің алдынан үтір мен сызықша (сұрау не леп белгісі мен сызықша) қойылып, автор сөзінен кейін нүкте мен сызықша қойылады. Мысалы: - Маған салсаңыздар, мен Сәтпаев жолдасты қолдап, көмектесуге әзірмін, -деді Деев. – Сәтпаев мәселені кең ойлап, жыраққа көз тастап отыр. (М.Қар.)
5. Төл сөздің көп құрамды түріне жоғарыда көрсетілген түрлерінің тыныс белгілері, әсіресе автор сөзі - төл сөз - автор сөзі және төл сөз - автор сөзі – төл сөз орын тәртіптеріне байланысты тыныс белгілері қойылады; төл сөз ортасындағы автор сөзі тиянақсыз болып, одан кейін төл сөз дербес айтылатын сөйлем болғанда, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылады. Мысалы: - Бұл вальс қой өзі? - деп, Әбіш тағы біраз ойланды да: -Атына қарағанда, бір сезікті орыннан естілген күй сияқты ғой, - деп, Мұқанның жүзіне күле қарады. - Қайдан үйренгенсің? (М.Ә.) Бұл мысалда деп, Әбіш тағы біраз ойланды да деген автор сөзінен кейін қос нүкте қойылған, өйткені бұл автор сөзі тиянақсыз және одан кейінгі төл сөз бас әріптен басталып тұр.
6. Бір төл сөздің ішінде екінші төл сөз айтылса, алғашқысының алдынан сызықша қойылады да, соңғысы тырнақшаға алынады. Мысалы: Кейде әжем маған:
-«Ақыл арымайды, алтын шірімейді» деген, ақылды бол, балам, - дейді (CO.). Мұнда алғашқы сызықша төл сөздің бәріне қатысты болса, тырнақша тек мақалға ғана қатысты.
7. Біреудің айтқан сөзі мен ойлаған ойы немесе айтқан сөзі мен айтылмақшы сөзі қатар келсе, айтқан төл сөзінің алдына сызықша қойылады да, ойлаған ойы не айтылмақшы болған төл сөзі тырнақшаға алынады. Мысалы: -«Мынау менің өзімді де танып тұрган қу ғой! Барлық ауылдың атын білгенде, мені де талай көрген шығар?» - деп ойлады да, Әбдірахман күліп: - Қария, отырыңыз. Мен Сүгірбай ауылынікімін, - деді. (Х.Есен.)
Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары
Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуін төлеу сөз дейді. Біреудің сөзі төлеу сөз түрінде берілгенде, бастапқы сөйлемдік қасиеті жойылып, автор сөзімен тұтасып айтылады. Мысалы: Жолаушы бала Украинаның астанасы Киев қаласынан шығып, Рузаев ауданының «Бірлік» колхозында тұратын комбайншы ағасына қонаққа келе жатқанын айтты. (Н.Ғабд.). Бұл сөйлемдегі төлеу сөз - Украинаның астанасы Киев қаласынан шығып, Рузаев ауданының «Бірлік» колхозында тұратын комбайншы ағасына қонаққа келе жатқанын; автор сөзі - Жолаушы бала ... айтты. Егер төлеу сөзді төл сөзге айналдырсақ, былай болар еді: Жолаушы бала: Украинаның астанасы Киев қаласынан шығып, Рузаев ауданының «Бірлік» колхозында тұратын комбайншы ағама қонаққа келе жатырмын, - деді. Мұнда төлеу сөзбен салыстырғанда мынадай өзгерістер бар: 1) төл сөз - дербес сөйлем болып айтылады; 2) оның баяндауышы жіктік жалгауының 3 жағында тұр; 3) төлеу сөзде ағасында болуы тәуелдіктің III жағында айтылса, төл сөзде ағама барып тәуелдіктің I жағында айтылып тұр; 4) автор сөзінде «айтты» дегеннің орнына деді қолданған
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда, негізгі өзгеріс төл сөздің тұрлаулы сөйлем мүшелерінде болады; екіншіден, бір жақтың орнына екінші бір жақ айтылады; үшіншіден, автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сөйле, сұра, бұйыр деген сияқты етістіктердің бірі айтылады.
1. Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болса, төлеу сөзде ол сәйкес шақтағы есімшеге айналып, оған -дық/-дік жұрнағы, тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да, толықтауыш болады. Мысалы:
Колхозшылардың жалпы жиналысы болады, -деді Рамазан. (Н.Ғабд.) Баяндауышы - болады (ауыспалы келер шақ). Биыл біздің бөлімшеде жеті жұмысшының рационализаторлық ұсынысы өндіріске енгізілді,- деді Ра-шида Байғарина, сұрағымызға жауап беріп. («Қаз. әдеб.» газ.) Баяндауышы - енгізілді (жедел өткен шақ). Рамазан колхозшылардың жалпы жиналысы болатындығын айтты. Болатындыгын -толықтауыш (ауыспалы шақ).
Рашида Байғарина, сұрағымызға жауап беріп, биыл өздерінің бөлімше-сінде жеті жұмысшының рационализаторлық ұсынысы өндіріске енгізілгенін айтты. Енгізілгенін - толықтауыш (есімшенің өткен шағы)
Жаттығулар жинағы.
1-жаттығу. Берілген мысалдардан төл сөзді өз алдына, төлеу сөзді өз алдына топтап жазыңдар да, төл сөз бен төлеу сөздің астын түзу сызықпен, автор сөзінің астын ирек сызықпен сызып, олардың жігін көрсетіңіздер.
1. Көкбай, Ербол да өздерінің көз алдында осы күзде Абай тапсырған жайды естеріне алып, Дәрменнің дастанын тыңдамаққа бейімделді.
Абай Дәрменді барлап қарап отырып:
Бітірмесең де, бастағаның мақұл екен. Аздап айтып көресің бе? - деді.
2. Базаралы Дәрменді көргенін айтты. Оның өнеріне жұрт сүйсінгенін, әсіресе Абай ден қойып отырғанын айтты. 3. Ербол Абайдың мұндай ашу артынан, қатты кақтығыс, сілкіну артынан өлең жазса, мысқылсыз жаза алмайтынын біледі. Дәрменге күбірлеп:
- Бала, Абай өлеңге кетті-ау! Дәл осы жолы кімге шаншылатынын аңғарасың ба, жоқ па? - деді. 4. Абай баласының мұншалық ішкі жасырын үйлесімдерге қалайша қанықты болғанын сүйсініп сұрады. 5. Әбіш бұл жайларды Петербургтың кәрі жұмыскері Ереминнен естігенін айтты. (М.Ә.) 6. Аз күнге ауыр жолда туғанымдай болып кеткен жерлесім Миша жер үйден шыққанда, отыра алмадым. Ол үнсіз төс қалтасына қол салып, мұқият оралып бүктелген документтерін берді.
- Осының ішінде менің анамның адресі бар. Егер... - деп күмілжіп, - хат жазарсыз, -деді.
- Жақсы, сен тапсырманы орындап келген соң, батырлығыңды айтып жазармыз, -дедім. Ауыр минутта анасын есіне алғаны мені де толқытты. «Ай, ана, бала үшін сенен ардақты, сенен қымбат кім бар?» - дедім ішімнен. (А.Лек.)
2-жаттығу. Берілген төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыздар.
1. -Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма? - деп, сұрады ол менен.
-Бар, - дедім мен, басымды изеп. 2. Анам ән естілген жаққа қарап отыр.
- Бұл - біздің қойшы баланың әні, - деді анам бір кезде маған қарап. 3. Осы кезде Саттардың: «Адамның өзі дайындап ішкен асы қандай тәтті болады!» - деген сөзін тағы іштей қайталадым. 4.- Сендердің өздерің де шаршаған боларсыңдар, аз да болса көздеріңнің шырымын алыңдар. Мен түтін шықпайтын қубұтақ жинап, ас әзірлейін, - деді Николай атай, бізге қамқорси сөйлеп. 5.0л маған таңданған адамдай қарап: -Аз күнде қалай өзгергенсің? Саған да демалу керек екен, - деді. (А.Лек.)
3-жаттығу. Көшіріп жазып, төл сөзге байланысты тиісті тыныс белгілерін қойыңыздар да, олардың қойылу себебін түсіндіріңіздер.
1. Бауыржан қазір қатты толқыған кеудесін керіп тұрып, аязды суық ауаны соншалық ұзақ бір жұтты... Жұтты да аяз не деген тәтті еді деп ойлады. 2. Қартқожа сөз сөйледі сөз емес, іс керек. Құрысын надандық деп сөзін бітірді. (Ж.Айм.) Сал, сал бар сергек ойды осыған деп, Бауыржан іштен тағы ширығып алды. (М.Ә.) 4. Ұланның сыртқы бейнесі тап-тұйнақтай болғаны дұрыстау болар еді, бірақ мына әжімі құрғыр ертерек түсіп қалған ба, қалай деп, бетін сипай түсіп Көрдіңіз бе қатпарланып тұрғанын деді маған. 5. Әжімнің әр қатпарында өмірдің ізі ғана емес, сырлары да жатыр ғой дедім мен. 6. Баланы балаға телу деген мүлде теріс әдіс екенін тұрмыс өзі көрсетті дейді Бану. 7. Озық оқушы екені рас деді Жақыпбек бірақ кемшілігі бар. Менің байқауымша, Жарқын тым өзімшіл, мақтаншақ болып барады. (М.Иманжанов.)
4-жаттығу. Әуелі оқып шығып, төлеу сөз бен автор сөзінің жігін табыңыздар, содан кейін жазып, төлеу сөздің астын түзу сызықпен, автор сөзінің астын ирек сызықпен сызыңыздар.
1. Қария, жөн сұрасқаннан кейін, осында ширек ғасырдан артық еңбек етіп, зейнетке шыққанын, бірақ зауытқа келіп-кетіп, цехтарды аралап, көз көргендермен, әсіресе жастармен әңгімелесіп тұруды өзіне ғанибет санай-тындығын айтты. («Қаз.әдеб.»газ.) 2. Мұғалім өзінен оқитын жоғары сынып-тағы балалардың бәрінің өмір сұлулығын, өмір қызығын сүйетіндігін, осы мәселе жөнінде көп сұрақтар қоя беретінін жазыпты. 3. Полковник Файнберг ертең кешке дейін осында болатындығымызды, мүмкін, мүлде осы қалада қалып қоятынымызды ескертті.(А.Лек.) 4. Ұзақ сөйлесіп, әбден біліскен соң, редактор оған әзірше хат бөліміне әдеби қызметкер болуды ұсынды. 5. Сәбит Мұқанұлы бір кітапты бітіріп, екіншісін бастағанда, дем алатынын айтты. («Атақты адамдар өмірінен»)
18. Iс қағаздары және олардың түрлері
Іскерлік іс қағаздары: резюме, мінездеме, визит карточкалары; қызметтік хаттар: өтініш хат, ресми хат, ұсыныс хат, сұраныс хат, жолдама хат; баяндау хат, ақпарат хат, циркуляр хат, жеделхат, телефонхат; ә) бұрыштама, бұйрық, бұйрықтан көшірме, хаттама, хаттаманың көшірмесі; Бланктік іс қағаздары: еңбек келісімі, тізімдік, аванстық есеп, мәлімдеу, өтініш; б) іс-сапар куәлігі, реестр, ішкі тізімдеме, кассалық кіріс ордері, өтініш, в) сенімхат, демалыс билеті, кету қағазы, анықтама, арыз; г) бұйрық, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтық сауал-сұрақ түрі, акт, хаттама; ғ) іс парағы, жеке кәртішке, іс-сапар куәлігі, есеп;
Түйіндеме(резюме)
Түйіндеме - белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы, нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.
Жазылған түйіндеме Сіз туралы толық мәлімет беру үшін керек, онда Сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс -тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме Сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз сияқты. Түйіндеме жазуда Сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс-тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділі-гіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына кол жеткізу.
Алдымен қазір істеп жүрген жұмысыңыз көрсетіледі, әрі қарай хронологиялық ретпен жазылады. Соңғы орнында Сіздің бірінші жұмыс орныңыз, не бірінші аяқтаған оқу орны жазылады. Егер Сіздің жұмыс өтіліңіз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дұрыс, ал оқу орнын жаңа аяқ-таған, қызметі жаңа ғана басталғалы тұрған адам, оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені басты назарда ұстайды. Типтік түйіндеменің құрылымы:
Құжат аты.
1. Ізденушінің жеке басы туралы мәлімет (аты-жөні, туған күні, жылы, туған жері);
2. Ізденушінің мекен-жайы, телефоны
3. Түйіндеме авторы үміттеніп отырған вакансия;
4. Істеген жұмыс орны мен оқыған оқу орны атқарған қызметі, мамандығы көрсетілген негізгі мәтін;
5. Қоғамдық, кәсіптік т.б. жұмыстары туралы қосымша мәлімет;
6. Кейбір қосымша мәліметтер (шет тілдері, шетел сапарлары, автомобиль жүргізе білетіндігі т.б.)
7. Ғылыми дәрежесі, марапаттары туралы мәлімет (бұл жөнінде жазу міндетті емес)
8. Үміттенген вакансияға қатысты кейбір жеке бас қасиеттер, икемділігі (бұл бөлімде міндетті емес)
9. Қосымша ақпарат (Ізденуші қалауынша жазылады);
10. Кепілдеме
11. Түйіндеменің жазылған күні;
12. Ізденуші қолы
Кей жағдайда "түйіндеме" деген сөз тақырып ретінде жазылмайды. Оның орнына үлкен шрифтімен ізденушінің аты-жөні, туған күні мен туған жері жазылады.
Түйіндемеде келтірілген мерзімдер құжат мазмұнымен салыстырғанда негізгі рөл ойнамайтындықтан ол қағаз бетінің оң жағына жазылады.
Мінездеме - мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істейтін адам туралы әкімшілік немесе қоғамдық ұйым тарапынан берілетін, жеке адамның іскерлігін, біліктілігін, кәсіби деңгейін сипаттайтын ресми құжат. Мінездеме нақты, объективті, дәл және толық болуы керек. Мінездеме басқа мекеме /сот, прокуратура/ сұраган жағдайда, оқуға, аспирантураға түсер кезінде, сондай-ак қызметкердің, маманның кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында беріледі. Мінездеме қызметтік, аттестациялық және жеке мінездеме болып бөлінеді. Мінездеме құрылымы:
тақырыбы;
мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
негізгі мәтін;
қорытынды;
Мінездеме талап етуші ұйымның аты;
мінездеме берілген күн, ай, жыл;
мінездеме берушінің аты-жөні, қолы;
қосымша (егер бар болса).
Мінездемеде көрсетілетін негізгі мәліметтер:
1. Жеке адам туралы мәліметтер:
- аты-жөні;
- ұлты;
- азаматтығы;
- туған жылы;
- туған жері;
- білімі;
- лауазымы;
- отбасы жағдайы;
2. Қызмет істеген орны, қызмет атқарған жылдары.
3. Жеке басының касиеттері. Өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қарым-қатысы.
4. Мінездеме қайда берілді. Мекеме басшының қолы. Мінездеме берілген мерзім ,мекеменің мөрі.
Достарыңызбен бөлісу: |