Сөздік:
Ошақты - очаговый
Бастап – начиная
Өтсе - если проходит
Ажыратады – различают
Біріншілік – первичный
Екіншілік - вторичный
Бұрын – раньше
Жіті – острый
Дамиды – развивается
Әлсіреуі – ослабевание
Салдары – последствия
Бөлік – часть
8. ЖҮРЕК. ҚАН ТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ
Қан тамырларына күре тамырлар, көк тамырлар, қыл тамырлар жатады. Күре тамырлар мен көк тамырлар аралығында қыл тамырлар бар. Оттегіне қаныққан алқызыл түсті қан тамырлармен ағады. Жүрек жиырылғанда қанды тамырларға үлкен қысыммен айдайды. Ең үлкен күре тамыр қолқа деп аталады. Күре тамыр жүректің сол құлақшасынан басталады. Онда қан жоғары қысыммен ағады. Күре тамырдың қабырғасы қалың, мықты және серпімді болады. Күре тамырлар бұлшық етке батыңқырап орналасады да, тарамдалып қыл тамырларға бөлінеді, қыл тамырлар арқылы зат алмасу әрекетіне қатысады. Адам ағзасында 150 млд-тай қылтамыр бар.
Қыл тамырлар қабырғасы арқылы оттегін ұлпаға, жасушаларға тасып, олардан көмір қышқыл газын сіңіреді. Сондықтан қанның құрамында оттегі азаяды да, көмір қышқыл газы көбейеді. Қанның түсі өзгеріп, көк тамыр қа-нына айналады. Қан қыл тамырдан көк тамырға өтеді де, одан соң жүректің оң жақ құлақшасына келіп құяды. Көк тамырда қан қысымы төмен болады.
Күре тамыр - жүректен шыққан қанды денеге тарататын тамыр. Денедегі қанды жүрекке қуатын тамыр - көк тамыр, бұл қанның құрамында оттегі аз, көмір қышқыл газы көп. Ал қыл тамырлар - зат алмасу жүретін өте ұсақ тамырлар. Қыл тамырлардың – бәрін қосқанда жалпы ұзындығы 100 000 шақырымға дейін жетеді.
Сөздік
Күре тамыр – артерия
Көк тамыр – вена
Қыл тамыр – капилляры
Қаныққан – насыщенный
Алқызыл – алый, румяный
Қолқа – аорта
Қысым – давление
Ағу – протекать
Тарамдалу – разветвение
Шамамен – приблизительно, примерно
Серпімді – упругий
Шақырым – километр
9. Жүрек ақауы
Жүрек ақаулары деп – жүректің анатомиялық құрылысының және қызметінің тұрақты өзгерістерін айтады. Жүрек ақаулары туа біткен және жүре пайда болған деп екі түрге бөлінеді. Жүре пайда болған ақаулар қазіргі таңда жиі кездеседі. Туа біткен ақаулар жүректің қалыпты дамуының және қан тамырлардың бұзылыстарының нәтижесінде, туған соң қан айналымы құрсақтағыдай қалыпта сақталып туады. Қан тамырлардың дұрыс бөлін-беуінен жүрекше мен қарыншалар аралықтарында ақаулар, қан тамырлардың орналасуында неше түрлі өзгерістер болады.
Өмірде жүре пайда болған ақау көбінесе эндокардиттен, сепсис, атеросклероз, мерез, жарақаттардан кейін пайда болады.
Жүрек ақауларының бәріне тән белгілер: ентігу, жүрек қағысы, көгеру, жүрек аймағында пайда болатын ауру сезімі, әлсіздік, естен тану сияқтылар болады.
Жүрек ақауларының алдын алу үшін дене шынықтыру жаттығуларын жасап, дәмді де пайдалы тамақпен ғана тамақтану қажет. Көбіне жүрек ақауларын хирургиялық әрекет арқылы емдейді.
Сөздік:
Өзгеріс – изменение
Қызмет – работа,функция
Туа біткен – врожденный
Жүре пайда болған – приобретенный
Құрсақ – утроба
Ентігу – одышка
Жүрек қағысы – сердцебиение
Естен тану – обморок
Аймағында – в области
10. Жүрек демікпесі
Жүрек демікпесі – адамды кенет тұншықтыратын ұстамалы ауру. Ол жү-рек күре тамырының склерозында, жүрек бұлшық етінің іруінде,қан қысымы артқанда, жүрек ақауларында және басқаларында жиі кездеседі. Демікпеге қалыптан тыс ауыр жұмыс, қатты тебірену, мешкейлікке салыну да себеп болады. Жүрек демікпесі адамның қатты ұйқыдағы кезінде алқынтып, тыны-сын тарылтады, тұншықтырып оятады, денесін суық тер басады, тамыры тез соғады, сөйтіп қатты қиналады. 1-2 сағаттан кейін демікпесінің беті бері қарайды, науқастың аузынан көбіктенген қақырық түседі,аурудың беті қайтқанда науқас ұйықтайды.Ауру қатал басталса, өкпе ісінеді,келесі түннің бірінде ол тағы қайталайды. Ауруды басу үшін камфора, кордамин және наркотикалық (пантопан,морфин)дәрілерін ет пен тері арасына, ал күре та-мырға строфантин, корклюкен дәрілерін егеді.Ауруды оттегімен демалдыр-ған да пайдалы.Науқас адам үнемі дәрігердің байқауында болуға тиіс.Дәрігер болмаған жағдайда оның аяғына ыстық басып, оның жатқан бөлмесін тазартқан жөн.
Сөздік:
Жүрек демікпесі- сердечная астма
жүрек бұлшық етінің іруі – инфаркт миокарда
мешкейлік – булемия
көбіктенген – пенистый
тебірену – взволноваться
тұншықтыру – задушить;приглушить; удушение
қалыптан тыс – сверх нормы, атипичный
ұстама – пароксизм, приступ
ұстамалы ауру – приступиальное заболевание
дәрігердің байқауында болу – находиться под наблюдением врача
11. Қан аздық
Қан аздық немесе анемия (anaemiae) – қанның белгілі көлемде гемоглобин мен эритоциттер санының азаюы. Гемоглобиннің мөлшері ер адамдарда 130 г/л-ден, әйел адамдарда 120 г/л-ден төмен, ал жүкті әйелдерде – 110 г/л-ден аз болуын анемия дейді.
Теміртапшылықты анемияның негізгі себебі – ағзада темірдің жетіспеуі. Оған әр түрлі жағдайлар: қан жоғалту, темір сіңуінің бұзылуы, темір қорын көп тұтыну т.б. себеп болады.
Қан аздықпен ауырған науқастардың шағымдары: тәбеттің нашар-лауы, ауызында дәмнің болмауы, кекіріктің пайда болуы, іштің ауыруы. Анемияның ауыр түрінде қатты және құрғақ тамақты жұту өте қиындай-ды. Ауру адамды қарағанда терісінің қуқыл тартқаны байқалады. Сонымен қатар терінің құрғақтығы, шаштың ерте ағаруы, көптеп түсуі, езудің жарылуы кездеседі. Жүрек жағынан анемияға тән систолалық шуыл естуге болады. Қанда эритроцит саны мен гемоглобиннің деңгейі төмендейді. Қанның сары суындағы темір мөлшері 1,5-2,5 есе, кейде одан да төмен азаяды. Емдік ша-ралары: біріншіден, құрамында темірі бар дәрілермен емдеу және құрамында темір мөлшері көп тамақтармен (бауыр, сиыр еті, жұмыртқа, алма, кептірілген жеміс) тамақтандыру. Екіншіден, себепші ауруларды емдеу.
Сөздік
Темір тапшылықты қаназдық – железодефицитная анемия
Сіңу – впитаться; всасываться
Тұтыну – потребление
Қор – запас; ресурс; фонд
Кекірік – отрыжка
Шуыл – шум
Жарылу – трескаться, треск
Қуқыл – бледный
12. Қан құрамы, қызметі
Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Қан тамырмен бойлай ағып, көптеген қызмет атқарады. Ол оттегін өкпеден жасушаларға тасып, оның орнына көмір қышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді. Сөйтіп, тыныс алу қызметін атқарады. Ac қорыту мүшелеріндегі қоректік заттарды өзіне сіңіріп, денеге таратады. Бұл – қоректендіру қызметі жасушалардағы пайда болған, оның тіршілігіне керексіз заттарды зәр шығару жүйесіне жеткізеді. Қан, сондай-ақ, су мен минералды заттардың көлемін және дене қызуының бір қалыпты болуын сақтайды. Қан денені жұқпалы аурулардан қорғайды, мүшелерді өзара байланыстырады. Ол 23 секунд ішінде денені бір рет айналып шығады.
Осы уақытта барлық қызметін атқарып үлгереді. Қан мен қан айналымының адам өмірін сақтауда, оның әрекетінде де маңызы зор.
Қанның құрамы сұйық плазмадан және оның ішінде қалқып жүретін жасушалардан (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоцитгер) тұрады.. Ересек адамдарда 4,5-5 л қан болады. Мұның 22-60%-ы плазма және 40-45%-ы қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су, 8-10% минералды және органикалық заттар бар. Минералды заттардың ішінде 1% натрий, калий, кальций, магний, темір және хлор, күкірт, йод, фосфор аниондары болады.
Сөздік:
Тасу – транспортировать: носить
Жеткізу – доставлять, доставить
Тарату – распространить
Көлем – объем
Көмір қышқыл газ - углекислый газ
Күкірт – сера
Қоректендіру – питать, кормить
13. жүйке жүйесінің аурулары
Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі арқылы адам өзінің айналасындағы ортаны танып, біліп, зерттеп және өзгертуге белсене араласып отырады.
Жүйке жүйесі мидан және жұлыннан құралады.
Жүйке жүйесі сыртқы ортаның әр түрлі факторларының әсерінен зақымданады. Жүйке жүйесінің зақымдану жолдары: тұқым қуалау арқылы, жұқпалы және жұқпалы аллергиялық, паразиттік және т.б.
Экзо- және эндогендік себептердің әсерінен эмбриогенез үрдісінде бас сүйектің омыртқа орталық және шеткі жүйе құрылымның дамуында ауытқу (аномалдық) болуы мүмкін. Бұл кемістіктердің пайда болуына тұқым қуалай-тын ауытқулар, ішкі бездерінің дисфункциясы, жарақаттар, жатырдағы вирустық инфекция, дәрінің ұрыққа әсер етуі, радиация және т.б. факторлар ықпалын тигізеді. Жүйке жүйесі құрамдарының қабыну аурулары төмендегідей болып ажыратылады: менингит – ми мен жұлын қабықтарының басым зақымдануы; энцефалит – ми қабынуы (ісік); миелит – жұлынның қабынуы; энцефало- немесе миелорадикулит – жұлынның тор қабық асты кеңістігінде жүйке түбірлерінің қабынуы; неврит – жекелеген нервтердің (жүйкенің) зақымдануы; полиневрит – көптеген нервтердің зақымдануы т.б.
Сөздік:
Біртұтас – единое, целое, целостный
Реттеу – регулировать
Аймақтық – периферический
Айналадағы орта – окружающая среда
Тану – познание, узнать, признать
Зерттеу – изучать, исследовать
Жүйке түйіндері – нервные узлы
Жұлын – спинной мозг
Омыртқа жотасы – позвоночный канал
Өзек –проток, ствол
Мишық – мозжечок
Сопақша ми – продолговатый мозг
Меңгеру – управлять
Өз еркімен – произвольно, самостоятельно
Бағынбау – не подчиняться
14. Қояншық (Эпилепсия)
Эпилепсия – нейрондық қозулардың әсерінен қайталана беретін мидың құрыспалы ұстамалы созылмалы ауруы. Эпилепсияны бұдан 3000 жыл бұрын осы аурумен ауырған Египет перғауыны Эхпатон алғаш рет суреттеген.
Аурудың клиникасында мынадай белгілер болады: селқостық, сырылдап дем алу, үдемелі цианоз, еріксіз огония туралы ойлау, бет пішіннің сүйірле-нуі, тамырының әлсіз соғуы, жағымсыз иіс байқалады, көз қарашықтары кеңейеді.
Таралымды эпилепсиялық ұстамаға естен тану тән. Таралымды құ-рыспалы ұстама кенеттен пайда болып, үлкен эпилепсиялық ұстама түрін-де білінеді. Аурудың бұл түрінде көз алмалары бағытынан тайып, жоғары ығысады. Аяқ-қол бұлшық еттері шектен тыс жиырылу жағдайында бола-ды. Құрыспалы ұстаманың клиникалық кезеңінде ауру тілін тістеп алуы және аузынан қан кетуі де қосарланады. Ұстама 1-2 минут, кейде одан да азға созылып, ұйқыға ауысатын кома түрінде аяқталады.
Емі: Эпилепсияны емдеу кешенді, дербес, үзіліссіз және ұзақ жүргізі-луі керек. Белгілі дәрежеде жалпы және тамақтану тәртібін сақтау керек. Эпилепсиямен ауырған адам шаршамауы керек, ұйқыға жеткілікті уақыт бөлінуі тиіс, жазда күннің ыстығынан сақтанған жөн. Спитттік ішімдіктер-ді қолдануға мүлдем тыйым салынады. Ащы тұздалған тағамдарды қолда-нуға болмайды. Алғашқы шаралар асфикацияның алдын алуға (тілді ұстау, ауыз қуысына қасық салу), жүрек қызметін реттейтін дәрілер қолдануға бағыт-талған. Эпилепсиялық жағдайдан шыққаннан кейін сүт, жеміс-жидектер, көмірсутегілер, тұздар шектеледі.
Сөздік:
құрыспалы ұстамалы – судорожно припадочное
селқостық – равнодушно, безразличие
сырылдап дем алу – хриплое дыхание
үдемелі – ускоряющееся
сүйірленуі – искривление
әлсіз соғу – слабая пульсация
көз қарашықтары – зрачки глаз
таралымды – распростроненный
жиырылу – сокращаться
дербес – индивидуальный
жағдайдан шығу – выход из состояния
15. Полиомиелит
Полиомиелит – гректің «полное» - сұр, миэлос-қабыну деген сөздерінен кұралған. Бұл омыртқа жұлынының сұр бөлігінің қабынуы. Полиомиелитті кейде балалардың эпидемиялық параличы немесе Гейне-Медин ауруы деп те атайды. Ол орталық нерв жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру. Полиомиелит вирусының биологиялық қасиеттерімен таралу жолдары.
Полиомиелит вирусы – тіршілік ететін ауру тудырғыш агенттердің ішін-дегі ең ұсағына жатады. Оны үлкендігі 10-12 мм, мұны 80-100 мың есе үлкей-тіп көрсететін электрон микроскобымен ғана көруге болады. Полиомиелит қоздырғышы сыртқы орта әсеріне төзімді келеді, ол суда өзінің ауру тудыр-ғыш қасиетін 100 күннен аса, сүт тағамдарында 3 айға дейін, ал нәжісте 6 айға дейін сақтай алады. Бірақ күн сәулесінің жоғарғы қызуын көтере алмай-ды. Сондай-ақ бұл вирус марганец қышқылын, калий, ментол, сутегінің асқынған қышқылы, хлорамин хлоры, извест сияқты дезинфекция шарларын-да көп тіршілік ете алмайды. Негізінде полиомиелитпен адам ғана ауырады. Бұл кесел хайуанаттарда кездеспейді. Вирус адамнан адамға кеңсірік сіле-кейі, дәрет нәжісі арқылы тарайды.
Полиомиелиттің түрлері мен белгілері:
Полиомиелиттің: симптомды, абортивтік, параличтік т.б. түрлері бар. Параличтік полиомиелиттің 4 кезеңі болады: 1) Параличке дейінгі немесе жалпы инфекциялық кезі. 2) Параличтің басымдау кезі; 3) Қалпына келуі, жазыла бастау кезі; 4) Қалдық көріністерінің кезеңі. Оның белгілері: науқас басын кекжитіп, аяқтарын ішіне бүгіп, бір қырына жатады.
Полиомиелитті емдеу. Ісікке қарсы прозерин деген дәрі қолданылады. Нерв клеткаларының жұмыс істеуін жақсарту үшін науқасқа амин қышқылы, витаминдер, глютаминдер, галатамин, дибазол секурин және т.б. береді.
Полиомиелиттен сақтану жолдары. Соңғы уақытқа дейін полиомиелит ауруынан мына төменгі тәсілдермен сақтанған жөн:
1. Ауруды тез анықтап, дереу ауруханаға жеткізу.
2. Карантин жасап, науқас шыққан жерді заласыздандыру.
3. Ауру шыққан отбасыларымен қарым-қатынастан сақтану.
4. Тазалық сақтау жағдайларына абай болу.
Сөздік:
спинной мозг – жұлын
қасиеттері – свойства
ауру тудырғыш – вызывающий заболевание
кеңсірік сілекейі – выделения из носовой полости
дәрет нәжісі – моча
басымдау кезі – период наступления
басын кекжиту – запрокидавать голову
қалпына келу – приходить в норму
қалдық көріністері – остаточные явления
ішіне бүгу – собирать ноги к животу
бір қырынан жату – лежать на боку
16. зәр шығару жүйесі
Зәр шығару жүйесіне: бүйрек, несепағар, қуық және несеп шығаратын өзек жатады.
Бүйрек – жұп мүше, бұршақ пішінді, қошқыл қоңыр түсті. Бүйректер бел омыртқаның екі жағына орналасқан. Оң жақ бүйрек сол жақ бүйректен 2-3 см төменірек тұрады. Ересек адам бүйрегінің ұзындығы 10-12 см, ені 5-6 см, салмағы 120-200 грамм шамасында. Бүйрек биологиялық сүзгіш қызметін атқарады. Әр минут сайын бүйрек арқылы ағзадағы қанның 1/5 бөлігі өтеді. Бүйрекке қан қолқа арқылы келеді. Ағзаның тіршілігіне қажетсіз зиянды немесе улы заттар, артық су, минералды тұздар қанның құрамынан шығары-лып, бүйрек арқылы сүзіледі. Тазартылған қан төменгі көк тамырға қайтып келеді. Сонымен, бүйректе зәр шығару түзіледі, ол несепағар арқылы қуыққа ағады.
Несепағар қуықпен жалғасқан. Оның ұзындығы 30 см-ге жуық түтік, диаметрі 4-7 мм. Тәулігіне ересек адамда 1,5 л зәр түзіледі.
Қуықта несеп жиналып, одан рефлексті жолмен несеп шығаратын өзек арқылы сыртқа шығарылады. Қуық пішіні толуына қарай өзгермелі болады. Оның орташа сыйымдылығы 500-700 мл.
Сөздік:
Несепағар – мочеточник
қуық – мочевой пузырь
Несеп ағатын өзек – мочеиспускательный канал
Қошқыл – темный
Ені – ширина
Сүзгіш – фильтр
Улы – ядовитый
Түзілу – образоваться
Пішін – форма
17. Зәр шығару жүйесінің аурулары
Бүйрек пен несеп жолдары ауыратын науқастардың негізгі шағымдары:
а. Бүйректің немесе белдің ауыруы;
ә. Зәр шығарудың нашарлауы немесе бұзылуы;
б. Зәр түрінің өзгеруі;
в. Ісіктің пайда болуы.
Қосымша шағымдарға: бас ауруы, бас айналуы, жүрек ауруы. Көрудің нашарлауы, тәбеттің төмендеуі, лоқсу, құсу, ыстығы көтерілу жатады.
Бүйрек немесе несеп жолдары зақымданғанда ауру бел, несеп жолдары, қуық тұсында болады.
Бүйректің әр түрлі ауруларында пайда болатын ісік барлық денені не оның біршама бөлігін қамтиды, тез дамиды, сипағанда өтe жұмсақ сезіледі. Iсік үстінің терісі түсі қуқыл болады. Зәр шығарудың бұзылуының бірнеше түрлері бар.
Анурия – несеп бөлудің тоқтауы.
Дизурия – несеп бөлгенде несеп жолының сыздап ауыруы. Бұл – цис-титте, уретритте, простатаның гипертрофиясында байқалады. Полиурия – несептің 2 литрден көп бөлінуі. Көбіне бұл жағдай бүйректегі ісік қайтқан кезде (нефрит, нефроз) болады.
Олигурия – несептің 600 мг-нан аз бөлінуі. Көбіне жедел нефритте, қызу көтерілгенде, қатты терлегенде, іш өткенде байқалады.
Зәр түсінің өзгеруі. Қалыпты жағдайда зәр ақшыл сары, янтарь – сары түстер арасында болады. Несепке қан араласқанда оның түсі ет жуған су сияқты, ал ірің араласса, лайланып, ақшыл түске енеді.
Сөздік:
Ісік – опухоль
Лоқсу – тошнота
Қамту – захватить; охватить
Қуқыл – бледноватый
Қалыпты – нормальный
Лай – мутный; грязь; глина
18. Қызылша
Қызылша - жоғарғы тыныс жолдарының, ауыздың, көздің шы-рышты қабығының қабынуымен сипатталатын, жіті жұқпалы ауру. Адамға ауа-тамшылы жолмен жұғады. Қызылшамен барлық жастағы адамдар ауырады. Қызылшамен ауырған балаларда тұрақты иммуни-тет қалыпта-сады. Қызылша 2 жасқа дейінгі балалар үшін қауіпті.
Аурудың ағымы. Дене қызуы жоғарылайды (38(І-39°С), тұмау, көзі қызарады, тамағында және таңдайында қызыл дақтар байқалады. Ауру жиі ЖРА (ОРЗ) сияқты өтеді. Ұрттың ішкі жағында өте нәзік ақ нүкте-лер пайда болады (Филатов-Коплин даты). Дене қызуы 40°С-ге дейін жоғарылайды, бөртпелер шыға бастайды. Бірінші күні - құлақ артына, бетке және мойынға шығады; екінші күні - денеге, қолға жә-не санға; үшінші күні - балтырға және табанға шығады, ал беттегі бөртпелер ағара бастайды. Төртінші күні бөртпе бозғылттанып, ор-нына бояутек қалады. Ерте жастағы балаларда жедел түрде басталып, өте жоғары дене қызуы мен бөртпелердің пайда болуымен сипатта-лады. Бөртпелер бет пен денеде бір уақытта шығады. Қызылшаны дер кезінде емдемесе, ол ларингит, бронхит, өкпенің және ортаңғы құлақтың қабынуы сияқты сырқаттарға және ас қорыту жолдарында өзгерістерді тудырып асқынуы мүмкін. Қызылшаны сырқаттың ауыр-лығына қарай емдейді.
Сөздік:
қызылша - корь
сипатталу - характеризоваться
ауа-тамшылы - воздушно-капельный
қауіпті - опасно
ұрт - щека
дақ - пятна
бөртпе - сыпь
нәзік - нежный, здесь: бледный
бояутек - пигмент ^----^
асқыну - осложнение, отягощение
18. Қызамық(Краснуха)
Қызамық – бөртпе шығатын, жедел жұқпалы ауру. Сырқат ауа – тамшылы жолмен, яғни науқас жөтелгенде жұғады. Қоздырушы тұ-рақсыз, ол зат арқылы және бөгде адамдар арқылы жұқпайды. Қыза-мықты барлық жастағы адамдар жұқтырып алуы мүмкін. Көбінесе қызамықпен 2 жастан 10 жас аралығындағы балалар жиі ауырады.
Белгілері: Жасырын түрі 12 күннен 24 күнге дейін созылады. Ал-ғашқыда науқастың дене қызуы көтеріледі (37,7-38,5С), тұмау, азда-ған құрғақ жөтел, конъюктиавит. 1 күннен кейін, не 2-3 күннен кейін нау-қастың бетінде бөртпе пайда болады. 15-20 сағат ішінде бүкіл денеге жайылады. 2-3 күннен кейін бөртпе ізсіз жойылады. Бөртпе пайда болу-мен қатар желкенің лимфалық түйіндері де ұлғаяды.
Емі: Қызамықпен ауырған науқастар арнайы емді қажет етпейді. Міндетті түрде төсекте жату керек. Дәрігердің белгілеуі бойынша дәрі-дәрмектерді қабылдайды.Бөртпе шыққан күннен бастап 5 күнге науқас-ты оқшау ұстау қажет.
Жүкті әйелдер үшін қауіпті, өйткені ол балаға кері әсерін тигізе-ді, әсіресе жүктіліктің 4 айында. Қызамықпен ауырған адаммен қаты-наста болған жүкті әйелге, баланы зақымдайтын әсерін алу үшін гам-маглабинді енгізу керек.
Сөздік:
Арнайы – специально
Жайылу – распрасростроняться
Ұлғаю –увеличить
Желке – затылок
Оқшаулау – изоляция
Көрсетім – показания
Енгізу – вводить
19. Күл
Күл – жұқпаның енген жерінде фибринді қабыну болатын және ауыр уланумен сипатталатын жұқпалы сырқат. Көбіне жас балаларда кездеседі. Ол қыс, күз кезінде жиі кездеседі. Күлдің таяқша тәрізді қоздырғышы (микробы) болады. Ол енген жер тез қабынып, іседі, ағзаны уландырады. 4-5 күннен соң жүрек қызметі нашарлайды. Бауыр ұлғаяды. Ауру асқынса, көмекейден ірің ағады, өңі қашып, құсады. Іші өтеді, денесі мұздайды. Бала өліп кетуі де мүмкін. Бұдан сақтану үшін 5-12 жас аралығында арнаулы екпені жасату қажет.
Сөздік:
Уландырады – отравляет
Нашарлайды – ухудшается
Асқынса – при осложнении
Ұлғаяды – увеличивается
Мұздайды – охлаждается
20. Теміреткі (Лишай)
Теміреткі тері ауруларының бір түрі. Оның жиі кездесетін түрлері – қабыршақты теміреткі (псориаз) және қызыл тегіс теміреткі. Псориаз – терінің созылмалы ауруы, теріде созылмалы қабынған белгілері бар іріңді өсінділердің шығуымен сипатталады. Қабыршақты теміреткінің негізгі себебі толық анықталмаған.
Псориаздың негізгі элементі – іріңді өсінді (папула) – тез арада ақ кү-місті қабыршақтармен жабылады. Оларды қырып түсіргенде қабыршақтар түсіп және ісіңкі қызыл түсті тері көрінеді. Псориазды емдеу қиындық туғызады және қатаң күн тәртібін сақтауды талап етеді.
Қызыл тегіс теміреткі де – терінің созылмалы ауруы, қабынуы байқал-майтын шоғырланған бөртпелердің пайда болуымен сипатталады, сонымен қатар олар үнемі қышымалы болады. Бұл ауру аяқ-қолдың бүгілетін жері-нің үстінен бөртпелердің шығуымен басталады.
Теміреткіні көбінесе дәрі-дәрмекпен (антибиотиктер мен майлармен) емдейді. Ал халық медицинасында қағаз бен тобылғы майын жағу арқылы емдейді.
Сөздік:
қабыршақты – чешуйчатый
тегіс – плоский
іріңді өсінді – гнойная папула
ақ күмісті – серебристобелый
қырып түсіру – скабливание
шоғырланған бөртпелер – узелковая сыпь
қышымалы – зуд (зудящий)
тобылғы майы – масло таволги
04.06 2010ж. басуға қол қойылды
Көлемі 5.5 есепті-баспа табағы
100 дана
ҚММУ-баспаханасында басып шығарылды
Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 40
Достарыңызбен бөлісу: |