Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 28. Сөздік қор мен сөздік құрам



Pdf көрінісі
бет51/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

 
§ 28. Сөздік қор мен сөздік құрам 
 
Тілдегі қолданылатын сөздердің барлығы жиналып тілдің сөз байлығын, 
сөздік құрамын жасайды. Тілдің сөз байлығы бір-бірімен тығыз байланысты 
екі саладан тұрады: негізгі сөздік қор және сөздік құрам. Негізгі сөздік қор 
көлемі жағынан аз болады да ғасырлар бойына сақталатын , көп өзгерістерге 
түспейтін, өте баяу дамитын, тілдегі сөздердің көбеюіне негіз, ұйытқы 
болатын байырғы түбірлік сөздер болып келеді.Сөздік құрам сөздік қорға 
енетін түбірлік сөздерді ішіне алатын, тілде қолданылып жүрген барлық 
сөздердің жиынтығы болып саналады. Сондықтан ол сөздік қорға қарағанда
көлемі жағынан анағұрлым көп болады.
Тілдің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы – аралары алшақ жатқан 
дербес, екі бөлек нәрсе емес, біртұтас нәрсенің екі жағы, екеуі бірінсіз-бірі 
өмір сүре алмайтын , біріне – бірі нәр беретін біртұтас тілдік құбылыс. 
 
 
§ 29. Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры 
 
 
Негізгі сөздік қор сөздік құрамның дамуына негіз, ұйытқы болатын 
байырғы түбірлік сөздерден тұрады.Ол сөздер жалпыхалықтық болады да, сол 
халықтың бүкіл өмір сүрген дәуіріне сәйкес ғасырлар бойы сақталып отырады. 
Негізгі сөздік қор кенет болатын түбірлік өзгерістерге ұшырамайды. Бірақ 
сөздік қорды ешбір өзгеріске ұшырамайтын, дамымайтын, қатып қалған нәрсе 
деп қарауға болмайды. Тілдің негізгі сөздік қоры да сол тілдің ішкі даму 
заңдарына сай дамиды. Бірақ ол даму, өсу ескі сөздердің жойылып, жаңа 
сөздер жасау жолымен болмай, бірте-бірте жетілу жолымен іске асады. 
Негізгі сөздік қорға жататын түбірлік сөздердің мынандай басты белгілері 
болады: 
1.Бұл сөздер талай ғасырды басынан кешірген көне сөздер болып келеді. 
Сондықтан қазақ тілінің сөздік қорындағы сөздердің көпшілігі жалпы түркі 
халықтарына бірдей ортақ жазба нұсқаларда кездесіп отырады. Мысалы, ат,
ер, тұл, отыз деген сияқты сөздер бұдан мың жарым жыл бұрынғы
V ғасырдың ескерткіші болып саналатын Талас өзенінің бойындағы Айыртам 
ой деген жерден табылған тасқа ойып жазылған жазу нұсқасында кездеседі. 
VII – VIII ғасырлардың ескерткіші деп аталатын Орхон- енисей таңбалы 
жазу нұсқасында күн, түн, ұлығ, көк, боз, бар, кел, бол, біл, алтын,
күміс, кісі, темір, ай, қылдым, есті, өлдің деген сөздер, кейбір дыбыстық
ерекшеліктерін ескермегенде, осы күнгі мағыналарында кездеседі. 
XI ғасырдың ескерткіші болып табылатын атақты ғалым Махмұд 
Қашқаридің сөздігінде де қазіргі қазақ тіліндегі ат, өгіз, қой, тай, күн,


61 
түн, көл, теңіз, ақ, қара, мен, сен, екі, үш, алты, отыз, кел, бар, ал
деген сияқты түбірлік сөздер кездеседі. 
XIV ғасырдың ескерткіші аталатын «Кодекс куманикус» деген жазу 
нұсқасында да ет, етік, ақ, қара, қарау, қонақ, қыр, қоңырау, құтқару
деген сияқты түбірлік сөздер кездесіп отырады. 
Бұл келтіріліп отырған мысалдар, біріншіден, қазақ тіліндегі түбірлік 
сөздердің ғасырлар бойы өзгеріссіз сақталып келе жатқандығын дәлелдейді, 
екіншіден, қазақ тілінің өзге түркі халықтарының тілімен туыстас, бір тілдік 
негізден дамып шыққандығын дәлелдейді. 
2.Негізгі сөздік қорға енетін сөздер тілдегі жаңа сөздердің жасалуына негіз
ұйытқы, база болады. Мысалы, ер-ерен-ерлік-еркін-ерік-ермек; су – суық – ( 
сұйық ), сусын- сумаң, суыт; от – отын – ошақ (от жақ) - отау – отбасы – 
отан; ұш – ұшқын – ұшқыр – ұшақ - ұшқалақ; күн – күндіз - күндік – күншіл 
– күншілдік – күнелту – күнделік ; кел – келін - келешек – келімсек – келісім
т.б. 
3. Негізгі сөздік қорға жататын сөздердің барлығы да жалпы халықтық болып 
келеді. 
Қазақ тілінің негізгі сөздік қорына жататын байырғы түбірлік сөздердің
өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар: 
- Қазақ тілінің байырғы түбірлік сөздері толық дербес мағыналы, көп мәнді 
болып келеді. Мысалы, ат ( ат – ер қанаты, Менің атым – Қожа,
Құралайды көзге атқан құла мерген) қара, күл, аш, сен, ай, күн т.б.
- Қазақ тілінің байырғы түбірлік сөздерінің көпшілігі бір буынды болады. 
Мысалы, ал, бер, іш, же, кел, кет, от, су, ет, сүт, мен, сен, ол, біз,
ай, күн, түн т.б. 

Қазақ тілінің байырғы түбірлік сөздерінің көпшілігі өзге түркі 
халықтарының тіліндегі сөздермен түбірлес, мәндес болып келеді. Мысалы,
қазақ, қырғыз, қарақалпақ, башқұрт, ноғай, татар тағы басқа халықтардың 
тілдерінде тау, тас, бас, кісі, күн, түн, мен, сен, бір, екі, үш, ақ, қара,
көк, ал, бер, кел, кет  сияқты сөздер кейбір дыбыстық өзгерістермен осы 
мағынада айтылады. 
Қазақ тілінің сөздік құрамына ертеректе еніп, оның орфоэпиялық нормала-
рына бейімделген, күнделікті сөйлеу, жазу тілдерінде жиі қолданылатын
жаңа сөз тудыруға ұйытқы, база болуға жарайтын кейбір өзге тілдерден енген
сөздер де ұстала келе қазақ тілінің сөздік қорына ауысып отырады. Тілдегі бұл 
құбылыс сөздік қордың өте баяу да болса, бірте-бірте дамып, толысып 
отыратындығына дәлел бола алады. Мысалы, сана, ғылым, мектеп, мұғалім, 
қалам, сурет, шарап, шекер, шәрбат, дәрі, шипа, намаз, молда, күнә,
доға, жәшік, самауыр, шайнек, жәрмеңке, кірпіш, бөтелке, кино, театр,
роман, повесть, инженер, әкім, маслихат, мәжілісі т. б. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет