Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


қойшы, малшы,сауыншыларды



Pdf көрінісі
бет114/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

қойшы, малшы,сауыншылардың еңбегі биыл айрықша бағаланады. Мухит 
ойы—Қалует, Михаил, Жақсылықтардың ойы. (Ғ. Сл.) Бұл сөйлемдерде 
қойшының, малшының және Қалуеттің, Михаидың деген ілік жалғаулы 
бірыңғай аныктауыштардың ілік жалғау косымшасы жалғанбаған. 
Ілік септік жалғау қосымшасы мына сияқты жағдайларда үнемі жалға-нып, 
ілік септіктің ашық түрі қолданылады. 
а) Ілік септікте тұруға тиісті зат есім сөзі жалқы есім болса, үнемі ілік 
септіктің ашық түрі колданылады. Мысалы: I) Алматы облысыҚазақ-
станның ең көркем жері. (С.М.) 2) Ырысжан Жанаттың бөлмесінде 
музыка тыңдап отыр еді. (Ғ. М.) 


ә) Ілік септік жалғауында тұруға тиісті зат есім сөзі жалпы есім болса да, 
тәуелдік жалғаулы сөзбен екі араға өзге сөздер тусіп, алшақтап тұрса, ілік 
жалғаулы сөз ашық түрде қолданылады. Мысалы:
1) Детдомның бұрынгы балалары Бораш екеуімізге менсінбей қарап, 
Шегенге қулыгы аралас қауіп көзімен қарап отырғандығын Мария апай аңдап 
қалған екен. (Ғ. Мүсір.) 2) Сойқаннан аман қүтылған колхоздың ақтылы қойы 
қайта тоқырап, көктемнің тырбақ көгіне құныға оттай бастаған. (Ғ. Сл.) 3. 
Қазақтың сахарадағы тұрмысы осындай қиын шытырман. (М. Ә.) Бұл 
сөйлемдердегі детдомның, колхоздың, қазақтың деген ілік жалғаулы 
аныктауыштардың ілік жалғауы қосымшасын түсіріп айтуға болмайды. 
Өйткені тәуелдік жалғаулы сөзбен екі араға бұрынғы, ақтылы, сахарадағы 
деген сөз келіп, ілік жалғаулы анықтауыш пен тәуелдік жалғаулы анықталушы 
сөзі бір-бірінен алшақтап тұр. Бұл сөздер болмаса, детдом балалары, колхоз 
қойы, қазақ тұрмысы деп айтуға болар еді. 
б) Ілік жалғаулы сөз жалпы есім болып, тәуелдік жалғаулы сөзбен тіркесе 
айтылса да, ілік жалғаулы сөздің алдында өз анықтауышы болса, ілік септік 
жалғау қосымшасын түсіріп айтуға болмайды. Мысалы:
1. Бұл шаруашылықтың малы аудан орталығынан 200 шақырымдай 
жерде екен. (Ғ. М.) 2. Бүл үйдің ішінде де көп жүк, сандық, биік төсек жоқ. 
(М. Ә.) Бұл сөйлемдердегі шаруашылықтың, үйдің деген ілік жалғаулы 
сөздердің алдында өздеріне қатысты бұл деген анықтаушы болғандыктан, ілік 
жалғау қосымшасын түсіріп айтуға келмей, ашық түрде қолданылып тұр. Ол 
анықтауыштар болмаса, колхоз малы, үй ішінде болып ілік жалғаудың 
жасырын турінде де айтуға болар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет