Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет193/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

 
сатпақ, кетпек 
сатпақпыз, кетпекпіз
сатпақсыңдар, кетпексіңдер, 
сатпақсыздар, кетпексіздер 
сатпақ, кетпек 
жұрнақтарынан соң –шы, -ші  жұрнақтары жалғанып та айтыла береді. 
Мысалы: бар+мақ+шы+мын, айт+пақ+шы+сың, қаз+бақ+шы+мын,
кел+мек+ші+сің т.б.
Мақсатты келер шақтың болымсыз түрін жасау үшін –мақ, -мек, -бақ, -бек, 
пақ, -пек жұрнақтары жалғанып негізгі етістіктен соң емес сөзі тіркесіп 
айтылады да, жіктік жалғаудың қосымшасы сол көмекші етістікке жалға-нады. 


Мысалы: Мен бармақ (бармақшы) емеспін, сен (айтпақшы) емессің. Ол келмек
(келмекші) емес.т.с.  
3. Ауыспалы келер шақ. Сөйлемдегі өзге сөздерге байланысты бірде 
осы шақтық, бірде келер шақтық ұғым тудыратын етістіктің түрі
а у ы с п а л ы к е л е р ш а қ деп аталады.
Ауыспалы келер шақтың жасалуы ауыспалы осы шақта айтылғандай. 
Тұлғалық жағынан бұл екеуінің ешқандай айырмасы жоқ. Бір грамматикалық 
тұлға бірде осы шақтың, бірде келер шақтың ұғымын беретін болғандықтан, 
ауыспалы деп аталады. Бұл тұлғаның сөйлемде қай шақты білдіріп тұрған-
дығы сол сөйлемдегі мезгілдік ұғымы бар өзге сөздер арқылы беріледі, айқы-
ндалады. Мысалы: Мен Алматыдағы жолдасыма хат жазамын. Мен жол-
дасыма хатты ертең жазамын. Ол бұрын бізге жиі келетін. Ол келетін 
шығар. Ауылға да жиі баратын. Ауылға баратын шығар. Бұл сөйлемдердегі 
азамын, келетін, баратын деген сөздердің тұлғалық жағынан айырмасы жоқ. 
Сөйте тұрса да, бірінші сөйлемде ауыспалы осы шақ, екінші сөйлемде 
ауыспалы келер шақ. Үшінші, бесінші сөйлемдерде-ауыспалы өткен шақ, 
төртінші, алтыншы сөйлемдерде – ауыспалы келер шақ.Өйткені
сөйлемдердегі ертең, бұрын  деген мезгілдік үстеулер,  шығар көменкші 
етістігі жазамын, келетін, баратын деген етістіктің шақтық мағынасын 
дәлдеп, істің әлі істелмегендігін, алдағы уақытта істелетіндігін білдіріп, келер 
шақтың ұғымын білдіріп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет