Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет219/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

140-жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп жазыңдар да, еліктеуіш сөздерді тауып, астын 
сызындар. Олар қандай тұлғада және сөйлемнің қай мүшесі қызметінде тұрғанын айтыңдар. 
1. Рация бірнеше рет тыр-тыр етіп қалды. 2. Салдыр-гүлдір жеңіл нәрселердің 
бәрі токтаусыз билей женелді. (К. 0.) 3. Жауап орнына Петрушкин мырс етіп 
күлді. 4. Салмақты болуға тырысса да, саусақтары, бүкіл тұла бойы 
қалшылдап, дір-дір қағады. (К. Т.) 5.-Сізден шығары  не ?— деп, жігіт сақ-сақ 
күлді. (Ғ. М.) 
2. Бейнелеуіш сөздер. Жаратылыстағы кездесетін жарық, сәулелер 
мен алуан түрлі қимылдық әрекеттердің елесі атаулары ретінде пайда 
болған сөздерді б е й н е л е у і ш с ө з д е р дейді. 
Еліктеуіш сөздер адамның есту қабілетінен туған, дыбыстарға еліктеуден 
пайда болған сездер болса, бейнелеуіш сөздер адамның көру кабілетінен туған 
ұғымдардың атауларын білдіретін сөздер болып келеді. Мысалы: Қаңтардың 
қатты аязында қар аяқты басқан сайын сықыр-сықыр етеді деген 
сөйлемдегі сықыр-сықыр деген сөз — адамның есту қабілетінен пайда бол ған, 
белгілі дыбысқа еліктеуі ретінде тағылған атау. Сондықтан еліктеуіш сөз деп 
аталады. Ал электр сәулесі қараңғы түнді қақ жарып жарқ етті. Жапалақ 
жалп етті деген сөйлемдердегі жарқ, жалп деген сөздер адамның көру 
қабілеті арқылы пайда болған бейнелеуіш сөздер. Жарқ деген сөз — электр 
сэулесінің бейнелік елес көрінісі, жалп деген сөз — жапалақтың ұшу 
қимылының бейнелік елес керінісі. 
Бейнелеуіш сөздер: жылт-жылт,
 
жарқ-жұрқ, жалт-жалт, лып-лып, лап-
лап, жымың-жымың, қылт-қылт, жалп-жалп, салп- салп, елбең-елбең, 
серең-серең, маң-маң, ербең-ербең, көлбең-көлбең, талтаң-талтаң, 
қалтаң-қалтаң. 
Бейнелеуіш сөздер де бастапқы түбір түлғасында көптеліп, септеліп, 
тәуелденіп тұлғалық өзгерістерге енбейді. 
Бейнелеуіш сөздерге сөз тудырушы жұрнақтар жалғанып, есім сөздер де
етістік сөздер де жасалады. Бір буынды бейнелеуіш сөздердің түбіріне




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет