Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет221/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

142-жаттығу.  Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, еліктеуіш сөздердің астын бір, 
бейнелеуіш сөздердің астын екі сызықпен сызыңдар. 
Сыбдыр-сыбдыр, аяғын еппен басқан сақтық (З. Ш.). 2. Кучмеев күміс 
құтыны сырт еркізіп ашып, сигар алып тұтатты да, көк түтін арасынан 


243 
сығырая қарады ( К.Т.). 3. Ондайын байқаған да емес едім, Жалт беріп атып 
кеткенде, жалына жабыса бердім (Қ. О.). 4. Іші жарқ-жұрқ етеді ( З.Ш.). 5. 
Әлсін-әлсін қойдың шеті дүр етіп басылып, маңырап, пысқырғандары естіледі
(К. О.). 6.Басы бұлғаңдап, сылқ-сылқ күлген Евдокия Кириловна :
- Жә, жасырмай-ақ қой, - деді (К. Т.). 7. Монтиған мінезбен маң-маң басып 
Тоқаштың қасына барды (З. Ш.). 8. Бекбосын мырс етіп қалды да, бет-аузын 
тыржитып, тымағының бауын шешті (К .О.). 9.Одан басқа не бітіреді дейсің 
олар десіп, жұрт гу-гу етіседі (К. Т.). 10. Тоқаш сылқ етіп томарға отыра кетті
(З. Ш.) 11. Әлден уақытта сарт етіп есік ашылады (З. Ш.). 12. Төргі бөлмеде ақ 
болскей кереуетте екі-үш жасар еркек бала ұйқтап жатыр (Ғ. М.).
143-жаттығу.  Еліктеу сөздердің түрлеріне төменде көрсетілген үлгі бойынша мысалдар 
келтіріп, олардың үш-төртеуімен сөйлем құрап жазыңдар.
1. Күлкінің түрлері: қарқ-қарқ, мырс-мырс. 
2. Қимыл, қозғалыс түрлері: кердең-кердең, сылаң-сылаң. 
3. Адамның бет құбылысының (мимикасының) түрлері: тыржың-тыржың, 
жәутең-жәутең. 
 
X м о д у л ь т е с т е р і 
 
1)Үстеу: 
а) Есім сөздерінің сыны мен сапасын ;
в) қимылдың сыны мен сапасын; 
с) қимыл мен жарық сәулелердің еліктеу атауларын
d) сөйлеуші адамның түрліше көңіл-күйін білдіреді; 
2) Үстеулер мағынасына қарай нешеге бөлінеді: 
а) 5 в) 6 с) 7 d) 8 е) 10
3) Үстеуді көрсетіңіз: 
а) япырай в) әрине с) өте d) және е) шіркін 
4) Негізгі үстеуді көрсетіңіз: 
а) қазақша в) әдейі с) таңертең d) жол-жөнекей е) етбетінен 
5) Үстеуге жатпайтын сөз тіркесін көрсетіңіз. 
а) алдын ала в) қас пен көздің арасында с) шек сілесі қатқанша 
d) ит арқасы қиянда е) көкесінің арқасында 
6) Мезгіл үстеуін көрсетіңіз: 
а) жуырда в) оқшау с) қыруар d) орасан е) алда 
7) Мекен үстеуін көрсетіңіз: 
а) жуырда в) оқшау с) қыруар d) орасан е) алда 
8) Мөлшер үстеуін көрсетіңіз: 
а) соншалық в) емін-еркін с) әдейі d) татарша е) жорта
9) Бейнелік үстеуді көрсетіңіз: 
а) жылдам в) екеулеп с) кілең d) кілең е) төмен 
10) Мақсат үстеуін көрсетіңіз: 


а) шарасыздан в) қасақана с) барынша d) қырынан е) кеше
11) Үстеулердің грамматикалық категогиялары бола ма ? 
а) болады в) болмайды 
12) Үстеулердің сөйлем мүшесі ретінде атқаратын негізгі қызметі. 
а) толықтауыш в) анықтауыш с) пысықтауыш d) бастауыш 
е) баяндауыш
13) Шылаулар сөйлемде: 
а) Өзге бір толық мағыналы сөздің мағынасын толықтыру, тиянақтау
үшін; 
в) грамматикалық мағына тудыру үшін; 
с) сөйлемдегі айтылған ойға стильдік реңк беру үшін қолданылады; 
14) Шылаулар мағынасына және сөйлемдегі қызметіне қарай нешеге
бөлінеді ?
а) 2 в) 3 с) 4 d) 5 е) 6
15) Септеулік шылауды көрсетіңіз. 
а) дегенмен в) туралы с) бен d) немесе е) өйткені
16) Жалғаулық шылауды көрсетіңіз: 
а) бірақ в) кейін в) ғана d) туралы е) таман
17) «Үшін» шылауы өзінің алдындағы сөздің тұруын талап ететін септік. 
а) атау в) барыс с) шығыс d) табыс е) жатыс
18) Ыңғайластық жалғаулығын көрсетіңіз. 
а) және в) сонда да с) немесе d) кейде е) яки
19) «Бірде», «біресе» жалғаулықтарының түрін белгілеңіз. 
а) күшейткіш в) ыңғайластық с) кезектес d) талғаулықты 
е) шартты 
20) Одағайлар лексикалық мағыналары жағынан: 
а) қорқу, қуануды в) мақтау, даттауды в) сынау, мінеуді
d) жақтау, қолдауды е) қарсы болу, келіспеуді білдіретін
сөздер;
21) Көңіл күй одағайына жататын сөзді көрсетіңіз. 
а) ойпырай в) тәйт с) шөре-шөре d) тек е) жә
22) Одағайлардан басқа сөз таптары жасала ма ? 
а) жасалады б) жасалмайды
23) Еліктеу сөздер:
а) түр-түске тағылған атаулар в) қимыл - қозғалысқа тағылған атаулар 
с) түрлі дыбысқа, жаңғырыққа тағылған атаулар 
d) дыбыстардың, жарық сәулелердің, қимыл-қозғалыстардың еліктеу,
бейнелеу атаулары; 
24) Еліктеуіш сөзді көрсетіңіз: 
а) сылаң-сылаң в) тарс-тұрс с) жарқ-жұрқ d) алақ-жұлақ 
е) жылтың-жылтың
25) Еліктеу сөздің сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын
көрсетіңіз. Боқай келіншегінің сөзіне мыңқ етпейді. 


245 
а) Бастауыш в) Баяндауыш с) Толықтауыш d) Пысықтауыш 
е) Анықтауыш
 
 
XI м о д у л ь 
С И Н Т А К С И С


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет