267
152-жаттығу. Мәтіннен етістік дара баяндауыштары бар сөйлемдерді теріп жазыңдар да,
баяндауыштардың астын сызып, олардың етістіктің қандай тұлғаларынавн жасалғанын
айтып беріңдер.
І. 1) Бәрі де мектеп салатын жерге үйірілді. 2) Күтеміз деп қалды. 3)
Қайрекең жүре берсе де болар еді. 4) Жаңа тез оралам деп кетіп еді ғой. 5)
Қайда екен өзі? 6) Тасқа тапсырыс берген артельге барып қайту керек еді (
Ғ. Сл.).
ІІ. 1) Бүркітбайды Асқар көптен таниды. Асқар да, Бүркітбай да Андреймен
қол ұстасып амандасты. 3) Бүркітбай келе жатқан жұмысын Асқарға
айтқан
жоқ еді, ол енді ғана білді. 4) Шай ішпей Болатбектікіне
кетуге Асқар
Бүркітбайдан ұялды. ( С. М.) .
3. Е с і м б а я н д а у ы ш т а р т ө м е н д е г і т ү р д е к е л е д і :
Достарыңызбен бөлісу: