Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 112.  ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕР



Pdf көрінісі
бет248/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 112.  ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕР 
 
Адамның айтайын деген ойы үнемі жалаң бастауыш пен баяндауыштан 
ғана тұра бермейді. Кейде бастауыштың заттық, сапалық қасиеттерін анықтап
баяндауыштың қимыл, амал - әрекетін обьектілермен толықтырып, мезгіл, 
мекен, себеп , мақсат тағы басқа да күй-жайын пысықтап, айтылуға тиісті 
ойды кеңітіп, салаландырып сөйлеу де керек болады. Мысалы, Бала оқыды. Ол 
келді  дегенде, екі тиянақты ойды білдіретін екі сөйлем бар. Бұл сөйлемдердегі 
негізгі ой бала, ол жайында айтылған. Сонымен бірге олардың оқығандығы, 
келгендігі айтылған.Сөйлем жалаң бастауыш пен баяндауыштан ғана құралып 
тұр. Ал Бұл бала кітап оқыды. Ол кеше ауылдан келді  деген сөйлемдерде ой 
біркелкі толықтырылған. Бірінші сөйлемде баланың қандай екендігі 
анықталған да, баяндауыштағы қимылдың неге жұмсалғандығы – обьектісі 
көрсетіліп, толықтырылған. Екінші сөйлемде баяндауыштағы келу 
қимылының қашан болғандығы , қайдан шыққандығы көрсетіліп пысықталған. 
Сөйтіп, бастауыш пен баяндауышты төңіректей, солар арқылы негізгі 
ойды тиянақтау үшін айтылған сөйлем мүшелерін т ұ р л а у с ы з м ү 
ш е л е р дейді. 
Тұрлаусыз мүшелер үш түрлі болады: 1) толықтауыш, 2) анықтауыш, 3) 
пысықтауыш. 
 
§ 113. Толықтауыш 
 
Толықтауыш сөйлемде етістік баяндауышпен және етістіктен болған басқа 
мүшелермен байланысты болады.Толықтауыш етістіктен болған 
баяндауыштағы және етістен болған өзге мүшелердегі айтылған амал-әрекетті, 
қимылдық процесті тиянақтап, толықтырып тұрады. 
Студент оқыды десек, оқушы не тыңдаушы адамдар істі істеуші адам мен 
оның істеген қимылын түсінеді. Грамматикалық жағынан керекті тұрлаулы 


273 
мүшелері бар , дұрыс құрылған жай сөйлемді көреміз. Бірақ сөйлеушінің ойы 
өрістетілмей, келте жалаң түрде айтылған. Студенттің оқығаны белгілі де, нені 
оқығаны белгісіз. Егер осы сөйлемге кітапты деген сөзді қосып, студент 
кітап оқыды десек, сөйлемдегі айтылуға тиісті ой айқындала түседі. Бұл 
сөйлемдегі кітап деген сөз н е н і о қ ы д ы ? деген сұраққа жауап болады.
Тұлғалық және мағыналық жағынан оқыды етістігіне бағынышты болып, сол 
етістік мағынасындағы қимылдық процестің әрекетіне ұшыраған затты 
көрсетіп, баяндауыштың қимылын толықтырып тұр. 
Толықтауыш үнемі етістік баяндауышты ғана толықтыра бермейді. 
Етістіктен болған өзге мүшелердің де мағынасын толықтырып тұрады. 
Жоғарыда келтірілген мысалдағы оқыды деген баяндауышты өзгертіп
анықтауышқа айналдырып: « кітап оқыған студенттер түсінгендерін жазып 
алды»  десек, кітап сөзі оқыған деген есімшедегі болған анықтауыштың 
қимылдық мағынасын толықтырып тұр. 
Сөйтіп, сөйлемдегі етістіктен болған баяндауыштың және етістіктен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет