Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде 16 мұғалім бар


Білім беру кеңістігін ақпараттандыру



бет23/119
Дата08.09.2023
өлшемі5.96 Mb.
#476898
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   119

5.Білім беру кеңістігін ақпараттандыру


2020-2021 оқу жылында мектеп ұжымы мектепті ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмысын жалғастырды. Білім беру үрдісін ақпараттандыру бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асады:



  1. Білім беру облысы:

  • білім беру үрдісінің барлық қатысушыларына қазіргі қоғамдағы ақпарат алмасуға қатысушысы үшін қажетті минимум ретінде заманауи ақпараттық технологияларды оқыту мүмкіндігін беру;

  • білім беру жүйесінің барлық қатысушыларына қалаішілік және өңіраралық байланыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсатында электрондық пошта, онлайн-кездесулер немесе интернет арқылы таныстырылымдар арқылы ақпарат алмасу мүмкіндіктерін беру;

  • әдістемелік және оқу сипатындағы материалдарды электронды түрде құру және жариялау, СББР;

  • электронды журналдарды енгізуді жалғастыру:

  1. Мектептегі білім беруді қолдау облысында:

  • АҚТ саласында мұғалімдердің біліктілігін арттыру;

  • компьютер технологияларын және ҒАЛАМТОР желісін қолдану бойынша семинарлар өткізу;

  • АҚТ-ны техникалық және әдістемелік пайдалану бойынша мұғалімдерге жеке кеңес беру;

  • Қашықтық олимпиадалар мен сайыстарға қатысу.

  1. Басқару облысында:

  • электронды құжат айналымы;

  • мектептің қызметін реттейтін және одан әрі стратегиялық дамуды анықтайтын құжаттарды құру процесіне бұлтты технологияларды енгізу;

  • білім беру мекемесіндегі педагогикалық үрдістің жай-күйі туралы мәліметтерді жинау және өңдеу.

4. Мектептің цифрлық білім беру ортасын дамыту саласында:
- құжаттарды дайындау, электронды түрде іс жүргізу, БББ мамандарымен, түрлі ұйымдар мен мекемелердің басшыларымен жедел қарым-қатынас жасау үшін барлық мектеп әкімшілері мен мұғалімдерінің компьютерлерін орнату және оларға қызмет көрсету;
- мектепті ЗББТ-ның қажет мөлшерде қамтамассыз ету;
- мультимедиялық проекторлар мен және құрылғыларды мұғалімдердің сабақта қолдануы үшін қолжетімділігін арттыру;
- техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру (компьютерлік техника, картридждерді толтыру, бағдарламаны орнату және т.б.);
5. Әлеуметтік қоғамдық облыста:
- білім беру мекемесінің қоғамдық өмірін көрсететін басылымдарды (альбомдар, ақтараттық бюллетеньдер, мектеп газеттерді т.б.) электронды және баспа түрінде жасау және жариялау:
- инстаграмды, білім беру мекемесінің интернет-сайтын қолдау (оқушыларға және олардың ата-аналарына ақпараттық қызмет көрсету, білім беру мекемесі, мәртебесі, жарғысы, оқу жоспарлары мен бағдарламалары, кадрлық құрамы, техникалық жабдықталуы, ағымдағы кестесі, білім беру процесінің нәтижелері және т.б. туралы ақпарат).
- Сайт материалдары келесі бөлімдер бойынша толықтырылады: «Мектеп басшылығы және бюджеті», «Мектеп туралы жалпы мәліметтер», «Мектеп құрылымы», «Мұғалімдерге әдістемелік көмек», «Оқушылар мен ата-аналарға арналған ақпарат», «Түлектердің қорытынды аттестациясы», «Оқу сапасын бағалау», «Дарынды балалармен жұмыс», «Қамқоршылық кеңес жұмысы», «Тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасылардағы балалармен жұмыс», «Мемлекеттік қызметтер», «Рухани Жаңғыру», «Мектептегі тамақтану», «Кәсіптік бағдар», «Тәрбие жұмысы», «Медициналық қызмет», «Мектептің виртуалды мұражайы», «Кітапхана», «Көптілділік», «Бухгалтерия», «Фотогалерея», «Мұғалім болу абыройлы».. Мектеп сайты аптасына бір рет жаңартылып отырады.
- мектептің баспасөз орталығының жұмысын ұйымдастыру;
2020-2021 оқу жылының соңындағы мектепттің ақпараттандыру жағдайы. Мектеп бойынша Ғаламторға шығу мүмкіндігі, FTTH қосылу технологиясы, ТОБЖ байланыс желісі, жылдамдығы 60мбит/с, Қазақтелеком Шығыс ӨТД желісінің провайдері бар.
2017-2018 оқу жылынан бастап мектеп электрондық журналды жүргізудің электрондық нысанына көшті. Барлық мұғалімдер электронды журналдармен жұмыс істеу бойынша оқытудан өтті. Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжымы ЭЖ артықшылықтарын атап өтті: - оқушылар, ата-аналар және мектеп әкімшілігі алдындағы педагогикалық үрдіс барысының "ашықтығы"; - аралық және қорытынды бағаларды қоюдың объективтілігінің жоғары деңгейі; - жекелеген оқушылар мен сыныптың үлгерімін болжау мүмкіндігі; - оқушылардың оқу сабақтарына қатысуын, оқу-тақырыптық жоспарлауын және мұғалімдердің бағдарламаларды орындауын бақылаудың жеңілдігі; - ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтау шартымен журнал деректерінің қорғалуының жоғары деңгейі; - әртүрлі есептік көрсеткіштерді ұсыну (орташа баға, үлгерім %, ООД және т. б.); - әртүрлі сынып және мектеп бойынша сабаққа қатысу және үлгерім, жүйеге кіру мониторингі,ағымдағы үлгерім, сабаққа қатысу және т.б.) мұғалімдер мен оқушылардың ата - аналары арасындағы тікелей байланыс үшін жақсы құрал - үй тапсырмасы мен ескертулер оқушының электронды күнделігіне тікелей түседі; - қосымша электронды материалдармен (файлдармен) қамтамасыз ету мүмкіндігі бар; – іс-шаралар, кестені өзгерту, ауыстыру және т.б. туралы орталықтандырылған хабарландыру әдісі.
Материалдық-техникалық база: 401 бірлік компьютерлік техника, интерактивті жабдық 16. Мектепте физика, химия, биология, мультимедиялық (9 кабинет) және жеке интербелсенді тақталары бар әмбебап кабинеттер жұмыс істейді: № 24, 13, 15, 3, 8, 11, 17, 21, 18, 16; мультимедиялық сандық подиум (акт залында). Қалған кабинеттерде моноблоктар бар. Ғаламторға қол жеткізу барлық компьютерлерден жүзеге асырылады.
Қашықтықтан оқыту. 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты барлық білім беру ұйымдары электрондық оқыту мен қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқытуға көшті. Біздің мектепте ерекшелік емес. Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану жағдайында білім беру процесін ұйымдастыру үшін мектеп ұжымы онлайн мектептің білім беру платформасы мен электрондық журналды таңдады. Барлық мұғалімдер «Қашықтықтан оқытуды үйрен» курсынан өтті. Біздің барлық мұғалімдер қалалық білім бөлімі ұйымдастырған онлайн-семинарларға қатысты, сондай-ақ ұжымның бір бөлігі облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі көптеген шеберлік сыныптары мен вебинарларға қатысты. Мектепте оқушылардың онлайн мектеп платформасына кіруінің күнделікті мониторингісі өткізілді. Білім алушылардың 65% осы платформаны үнемі пайдаланды. Кіші сыныптар кезекші сыныптарда оқыды. Қалған білім алушылармен жеке жұмыс жүргізілді: оқу материалын курьерлік жеткізу ұйымдастырылды, әлеуметтік желілер, смартфондардағы қосымшалар, электрондық пошта арқылы байланыс сақталады. Мұғалімдер кез-келген уақытта оқушылармен, ата-аналармен және мектеп басшылығымен байланыста болды. Мектептің барлық педагогтары жаңа сандық құзыреттіліктерді, қашықтықтан оқыту жүйелерімен жұмыс істеу және түрлі онлайн-технологияларды қолдану бойынша дағдыларды алды. Оқулықпен таныс сынып жұмысы оқытудың жаңа формаларына жол ашты: бейне дәрістер, видео сабақтар, аудио файлдар, виртуалды мұражайларға экскурсиялар және басқа медиа мазмұн. Мұғалімдер жұмысқа шығармашылықпен қарады.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларын техникамен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 130 ноутбук, 22 компьютер және 20 планшет сатып алынды.
2017 жылдан бастап мектепте робототехника кабинеті жұмыс істейді, 3D принтер қолданылады. Робототехника бойынша нәтижелілік:
Үйірменің 2020-2021 оқу жылы бойынша жұмысының нәтижесі:

  1. 2020, қазан – ЕБҚ бар оқушыларға арналған «Шектесіз өмір» атты Республикалық фестиваль «Робот техникасы» (3 орын, Сейвальд А., 8 «В»)

  2. 2020, қараша – облыстық «РобоCup» атты турнирдің «Ең креативті» аталымы бойынша жеңімпаз (Пирожников В., Галушко Г., 8 «Б»)

  3. 2021, сәуір – 3Д модельдеу бойынша облыстық сайысқа өтінім жіберді.

Мектеп кітапханасының қоры өте бай, бүгінгі таңда 1038 электрондық оқулық бар. Мектеп кітапханасында-оқушыларға арналған жиһазымен 6 дербес компьютер және 1 КФҚ (МФУ) бар.
Сондай-ақ, қазір «Цифрлық Қазақстан» және «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде заңнаманы жетілдіру, компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бағыттарының бірі-проактивті мемлекетке көшу. Бұл - электрондық және мобильдік үкімет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсету саласын оңтайландыру. Біздің мектепте кітапханада Мемлекеттік қызмет көрсету бұрышы рәсімделген.
Білім алушылар мен ата-аналардың АК-құзыреттілігін арттыру. Жыл сайын білім алушылардың ынтасын арттыру үшін АКТ технологиясын қолданумен пәндік апталар өткізіледі. Оқу жылы бойы 1-11 сынып оқушылары түрлі сайыстар мен олимпиадаларға қатысты, бұл оқушыларға цифрлық дағдыларды дамытудың маңыздылығы туралы білуге, қолжетімді әрі қызықты нысанда интернет кеңістіктерімен танысуға, ғаламтор желісінде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын игеруге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, оқу жылы барысында желідегі қауіпсіз жұмысқа - ғаламтор желісіндегі қауіпсіз жұмыс туралы; - Әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас мәдениеті мен ережелері туралы оқытуға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Оқушылар мектеп өміріне белсенді қатысты: - өткізілетін мерекелер мен атаулы күндерге презентациялар жасау; - электронды түрде орындалған жұмыстармен шығармашылық байқаулар.
Ғаламтор арқылы мектеп мұғалімдері жаңа педагогикалық технологиялармен, материалдармен, түрлі сайыстар мен олимпиадалардың шарттарымен танысуға және оларға қатысуға мүмкіндік алады. Электрондық құжат айналымына көшу хат-хабарларды жіберу және алу үрдісін тездетіп қана қоймай, әртүрлі деңгейдегі сайыстар, олимпиадалар туралы ақпаратқа қол жетімділікті арттырды. Мектепте білім беру үрдісінің ақпараттық ресурстарын жүйелеу, жаңарту және толықтыру, мультимедиялық сүйемелдеуді пайдалануды кеңейту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Алайда, оң көрсеткіштермен қатар келесі мәселелерді атап өтуге болады:

  1. Мектеп мұғалімдерінің АҚТ технологияларын түрлі деңгейде меңгергендіктері АҚТ құзіреттіліктерін артыру бойынша топтық жұмысты ұйымдастыру жұмысы айтарлықтай қиындатып тұр.

  2. Түрлі өндірушілердің интербелсенді тақталары білім беру процесінде интерактивті тақталарды пайдалану бойынша тәжірибе алмасу процесін қиындатады.

  3. Өткен оқу жылында интербелсенді тақталар мен проекторлар істен шыға бастады, өйткені олардың кейбірінің қызмет ету мерзімі 8-10 жылды құрайды.

Осы мәселелер негізінде мектепті одан әрі ақпараттандыру үшін келесі міндеттер қойылады:

  1. Мектептің білім беру ақпараттық ортасының техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етуін жетілдіру;

  2. Білім беру үрдісінде АҚТ қолдану әдістемесі мен мен компьютер сауаттылығы облысында мұғалімдердің біліктілігін арттыру;

  3. Оқушылардың, мұғалімдердің және басқарушылық құрамның ақпараттық мәдениетін одан әрі қалыптастыру және дамыту; олардың білім беру және басқару мәселелерін шешу үшін ақпараттық ресурстар мен технологияларды тиімді пайдалану қабілеті;

  4. Ақпараттық білім беру ортасында білім беру үрдісінің барлық қатысушылары - мұғалімдер, оқушылар, ата-аналардың қызметін ұйымдастыру;

  5. Мектеп сайтын әрі қарай жаңарту және дамыту;

  6. Күнделік, Фаворит, ҰББДҚ мемлекеттік қызметттерді автоматтандыру

  7. Оқушылар мен мұғалімдердің электронды портфолиосын құру бойынша жұмысты бастау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет