Кешенді сыныптардың саны:
Ағымдағы оқу жылында мектепте 52 кешенді сынып оқытылды:
Бастауыш мектеп
|
Негізгі орта
|
Жалпы орта
|
1 сын. – 6
|
5 сын. – 6
|
10 сын. – 1
|
2 сын. – 9
|
6 сын. – 5
|
11 сын. – 2
|
3 сын. – 6
|
7 сын. – 5
|
|
4 сын. – 5
|
8 сын. – 4
|
|
|
9 сын. – 3
|
|
Барлығы: 26 сын.
|
Барлығы: 23 сын.
|
Барлығы: 3 сын.
|
Сыныптардың орташа топталуы 25,6 адамды құрады, алайда барлық бастауыш сыныптарда және 5А, 5В, 5Г, 7Г,7Д, 8В, 9В, 10А, 11А сыныптарында оқушылардың орташа саны 25 адамнан асты.
Ауысымдардың құрылымы мен топтасуы:
2019-2020 оқу жылында оқыту екі ауысымда жүргізілді. 1 ауысым: 1-інші, 4 -інші сыныптар, 3А, 3В, 7Г, 7В, 8-інші, 9-ыншы,10-ыншы,11-інші сыныптар. 2 ауысым: 2-нші, 3-інші, 5-інші, 6-ншы, 7 А, Б, Д сыныптар. 1-ші ауысымдағы оқушылар саны – 643, 2-ші ауысымдағы – 657.
II. 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАЛДАУЫ
Мектепті дамыту бағдарламасына сәйкес, 2020-2021 оқу жылы ағымында мектеп «Білім беру мазмұнын жаңарту үдерісін басқару тиімді оқытуды ұйымдастырудың шарты ретінде» тақырыбы бойынша жұмысын жалғастырды.
2020-2021 оқу жылының негізгі мақсаты – білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің сабақтастығы мен үздіксіздігін, қазіргі білім беру шарттарына сәйкес кадрлық әлеуетті кәсіби даярлауды қамтамасыз ету.
Қазіргі заманғы білім берудің негізгі үрдісі білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз ету және оқытуда жаңа технологияларды пайдалану үшін қосымша ресурс ретінде оқыту үрдісінде қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалану болып табылады. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша білім алу Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабының 5-1 тармақшасына сәйкес бекітілген МЖМБС-ға сәйкес жүзеге асырылады.
Орта білім беру ұйымдарында оқу үрдісін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету мақсатында 2020-2021 оқу жылында қашықтықтан оқыту нысанында «Қашықтықтан білім беру технологиялары (бұдан әрі-ҚБТ) бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығына (2020 жылғы 28 тамыздағы өзгерістер) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мектеп ұжымы «қашықтықтан оқытуды үйрен» курсынан өтіп, білім берудің жаңартылған мазмұнының теориялық негіздерін оқып, білім беру үрдісіне енгізумен айналысып келеді.
Мектептің 2020-2021 оқу жылының әдістемелік тақырыбы:
«МЖМБС іске асыру жағдайында білім алушыларға білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы сапасына қол жеткізу факторы ретінде ұстаздардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»
2020-2021 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты – «МЖМБС-ны табысты іске асыру жағдайында білім алушыларға тиімді білім беру мен тәрбиелеудің факторы ретінде педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру» болып табылады.
Педагогикалық ұжымның басты назары білім беру бағдарламасын жаңарту контекстінде педагогикалық шеберлікті жетілдіру және критериалды бағалау жүйесін енгізу болды.
Осы мақсаттарды іске асыру 8 блокта бірқатар тапсырмалар арқылы жүзеге асырылды:
Достарыңызбен бөлісу: |