Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы


Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар: үйге берілген



бет34/34
Дата26.01.2022
өлшемі148.32 Kb.
#454855
түріСеминар
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
ритор лек

9.Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар: үйге берілген

тапсырмалардың мәтіні, әрбір тақырып бойынша өзін-өзі тексеру материалдары, реферат т.б. ұй жұмыстары бойынша тапсырмалар, әдебиет тізімі және арналған уақыт көлемі.

Бұл тарау жоспарланбаған




10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік

нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі (егер пән бойынша қажет болса).

Бұл тарау жоспарланбаған




  1. Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары


(бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық билеттер және т.б.)


Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

«Пән бойынша білімді бағалау кестесі» 

Бағалау саясаты:





«Мамандық бойынша оқытылатын «шешендік өнер және мәнерлеп оқу» пәні бойынша білімді бағалау кестесі

Бағалаукритериясы


Бағалау түрі


Апта 

Жұмыс үшін %

Барлығы


%

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15



1


Сабаққа қатысу

1

10










+


+


+


+


+




+


+


+


+


+




2


ОЖСӨЖ

1

15



+


+


+


+


+


+


+


+


+


+


+


+


+


+

+



3


Реферат 

4

8















+














+




4


Семинар сабақтары

1

15

+

+



+


+


+


+


+


+


+


+


+


+


+


+


+


5


СӨЖ

0,5

8

































6


Аралық бақылау

2

4

















+














+




Р1 + Р2


60



































Емтихан


40

































Барлығы 


100
































Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және семинар материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)


Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:


Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы


Бағаның проценттік баламасы


Бағалаудың дәстүрлі жүйесі




A


4,0


95-100

өтежақсы



A-


3,67


90-94


B+


3,33


85-89

жақсы



B


3,0


80-84


B-


2,67


75-79


C+


2,33


70-74

қанағаттанарлық




C


2,0


65-69


C-


1,67


60-64


D+


1,33


55-59


D


1,0


50-54


F


0


0-49

қанағаттанарлықсыз





Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.

Студенттерге қойылатын талаптар:



Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)

1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.


4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.


5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.


6. Пікірлесу. Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.


Тест тапсырмаларының нұсқасы

1. Сөз сөйлеу стилінің сендіргіш сапасы, идеялардың көркем бояуы, ерекше елеңдетер эмоциональды толғаныс пен эстетикалық ләззат атмосферасын туындата келе, тыңдаушылар назарын аударту құралы.

а) мәнерлілік 

ә) айғақтама нұсқалары

б) сендіру амалдары

в) эмоциональды фон

2.” Өлім-асусыз тау,-кімнің бауыры сау? Пұлсыз берді, құнсыз алды,-оған не 

дау ?Бізге аяулы,алушыға да қалаулы”. Ұсынылған шешендік сөздегі стилистикалық фигураны ата?

а) риторикалық сұрау 

ә) градация 

б) қайталау 

в) антитеза

3. «Шешендік-кісінің көркі” . Кімнің сөзі?

а) Гораций 

ә) Плутарх

б)Коракс


в)Горгий

4. "Естілердің сөзін ескеріп жүрген адамның өзі де есті болады". Кім айтқан?

а) Абай 

ә) Төле би

б)Шәкәрім

в)Әл-Фараби

5. Адам өмірінің әрқилы ішкі үдерістерін бейнелеудің озық тәсілі , өзгелерді өз еркіне бағындырудың аса күшті қаруы, жанды қарым-қатынастың амалы ретіндегі сөз сөйлеу құдіретіне ие болғызатын шын мәнінде адамның құдіреттілігін танытатын көп қырлы ілім.

а) шешендіктану 

ә) логика 

б) философия

в) этика

6. “Шешен сөз мақсаты-негізгі пікірді баяндап, түрлі дәлелдермен сипаттап түсіндірумен қоймай, пікірге нандыру, сендіру, ұйыту, балқыту, иман келтіру”,-деген түйіннің авторы.

а) А.Байтұрсынұлы 

ә) Р.Сыздықова 

б) С.Негимов

в) А.Қыдыршаев

7. Саясат сөзісаяси баяндамаүгіт-насихат сөзісаяси шолумитингілік сөз шешендік сөздердің жанрлық-тақырыптық жіктемесінің қай түріне жатады?

а) әлеуметтік-саяси 

ә) академиялық 

б) әлеуметтік-тұрмыстық

в) іскерлік

8.”Егер де диалектика тек шынайы білімге негізделген қисынды дәлелдер арқылы тұжырымдалатын ой қорыту тәсілі болса, риторика шешендік қисынға, ой-пікір жүйелігіне, ұғымдар үйлесіміне негізделеді”. Тұжырым иесі?

а)Әл-Фараби 

ә) А.Байтұрсынұлы 

б) Аристотель

в) М.Т.Цицерон

9. Тақырып таңдау; мақсатты анықтау; шешендік сөз түрін белгілеу; материалды іріктеу; екшеу; сөйлеуді логикалық тұрғыдан жүйелеу; деректі дәлелдеме, анықтама, тілмен, стильмен жұмыс. Осы айтылғандар шаршы топ алдында сөйлеуге әзірлену мен оны жүзеге асырудың қай кезеңіне жатады?

а)коммуникативті сатыға дейін 

ә) коммуникативті саты

б) коммуникативті сатыдан кейін

в) сөйлеу үстіндегі кезең

10. «Грамматикасыз оратория-солғын,поэзия тілі-мүкіс, философия-үстірт, тарих-ұнамсыз, юриспруденция-күмәнді”. Кімнің тұжырымы?

а) М.В.Ломоносов 

ә) М.М.Сперанский 

б) Н.Ф.Кошанский

в) А.Ф.Кони

11. Лекция (эпизодтық, циклді), ғылыми конференциялардағысимпозиумдағы баяндамағылыми хабарлама шешендік сөздердің жанрлық- тақырыптық жіктелімінің қай түрі?

а) академиялық шешендік 

ә) дипломатиялық шешендік 

б) іскери шешендік

в) әлеуметтік-саяси шешендік

12. «Шешен саптағы қарулы жауынгердей сақадай сай, мәнді де ұлы істерді үздік орындауға және әрқашан да жеңіске ұмтылуға тиіс”. Кімнің түйіні?

а) Марк Фабий Квинтилиан 

ә) Марк Тулий Цицерон 

б) Аристотель

в) Платон

13. Аудиторияның сапалық белгілері

а) тыңдауға жасалған жағдай; әсер етудің субъектісі; тыңдау барысы 

ә) интеллектуальды-танымдық; эмоциональды-эстетикалық 

б) моральдық-тәрбиелік; келісімпаз

в) конструктивті; конфликтілі

14. «Шешенде диалектиктің тапқырлығы, философтың ойы, ақынның тілі, заңгердің еске сақтау қабілеті, трагиктің дауысы болуы тиіс”. Түйін сөз кімдікі?

а) Цицерон 

ә) Демосфен 

б) Сократ

в) Сенеке

15. Аудиторияны бағалау өлшемдерін көрсетіңіз.

а) әлеуметтік-демографиялық құрамы; сөз сөйлеу тақырыбына қатысы 

ә) түсіну деңгейі; әсер етудің субъектісі 

б) тыңдау барысы; шешенге көзқарас

в) тыңдау уәжі; тыңдауға жасалған жағдай.

16. М.В.Ломоносовтың ”Шешендікке қысқаша басшылық” атты оқулығының жарық көрген мерзімі.

а) 1748 жыл 

ә) 1751 жыл 

б) 1721 жыл

в) 1766 жыл

17. Көп сөйлеме, азбен келтір иінін,

Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін. Кімге тиесілі сөз?

а) Иүсуф Баласағұни 

ә) Ахмед Иүгінеки 

б) Ахмед Иассауи

в) Махмуд Қашқари

18. Тыңдаушы типтері қайсысы?

а) конструктивті; конфликтілі; келісімпаз 

ә) интеллектальды-танымдық; моральдық-тәрбиелік 

б) өзін-өзі ұстауы мен психикалық жағдайы; бірыңғайлық дәрежесі

в) түсіну деңгейі; әсер етудің субъектісі

19. «Сөз анасы-құлақ, су анасы-бұлақ, жол анасы-тұяқ”. Қай шешенге тиесілі сөз?

а) Сырым шешен 

ә) Бөлтірік шешен 

б)Жиренше шешен

в) Арғынбай шешен

20. Мерейтойлық құттықтау сөз , дастархан басындағы сөзқаралы жиындағы сөз шешендік сөздердің жанрлық-тақырыптық жіктелімінің қай түрі?

а) әлеуметтік-тұрмыстық 

ә) діни (гомилетика ) 

б) әлеуметтік -саяси

в) дипломатиялық

21. «Риторика” сөзінің (грек rhetorike) мағынасы.

а) шешен, ділмар 

ә) сөйлеу 

б) тыңдау

в) ритор


22. «Шешен туралы”, «Брут”, «Шешен” атты трактаттардың авторы.

а) Марк Тулий Цицерон 

ә) Аристотель

б)Сократ


в) Марк Фабий Квинтилиан

23.”Көп біліп,дөп сөйлеген-шешен,аз біліп,көп сөйлеген-мылжың”.Осы нақыл сөз авторы?

а) Зейнолла Қабдолов 

ә) Мұхтар Әуезов

б) Мұзафар Әлімбаев

в) Серік Негимов

24. Сөздердің орнын ауыстыру негізінде тіркес мағынасының өзгеруі классикалық риторикада не деп аталады?

а) ой фигуралары 

ә) сөз фигуралары

б) қайталау

в) кейіптеу

25.”Қазақ билерінің шешендік сөздері және оның әдебиеттегі тарихи орны”

(1945 ж) зерттеуінің авторы.

а) Ә.Мәметова 

ә) Б.Ә.Адамбаев

б) Қосжанов Айтқұл Сағатұлы

в) Шындалиева Меңдігүл Бұрханқызы

26.”Екі жағдайда сөйлейтін бол:не өзіңнің сөйлер нәрсеңді айқын ойланып алғанда немесе бір нәрсе жайында айту қажет болғанда, өйткені тек осы жағдайда ғана үндемегеннен сөйлеген жақсы,ал қалған жағдайларда сөйлегеннен сөйлемеген анағұрлым артық”. Кімнің түйіні?

а) Исократ 

ә) Демокрит

б) Протогор

в) Плутарх

27. Ойды, сезімді әсерлі ету үшін жауабы өзінен өзі-ақ айқын нәрсені әсерлі 

леппен , сұрау түрінде айтылатын , күмәндану, шүбә келтіру мүмкін емес деген айрықша сенімділікті білдіретін шешендік тәсіл.

а) риторикалық сұрау 

ә) бернелеу (символ)

б) мезгеу (синекдоха)

в) алмастыру (метонимия)

28.“Қайталау-топ алдында айтылған сөзге шешендік сипат беретін күшті құралдардың бірі. Ол айтпақ ойдың бір қырына тыңдаушы назарын қазықтай түседі, сонымен қатар көркемдік-эстетикалық жүкте арқалайды. Қайталаудың қай түрі де: бір сөздің бір сөйлем ішінде қайталануы; сөздің не тіркестің қатар келген сөйлемдер арасында қайталануы; абзацаралық қайталаулар шешен сөзін ритмикалық ,синтагмалық периодтық топтарға ажыратады”. Кімнің ғылыми пікірі?

а) Р.С.Сыздықова 

ә) Н.О.Оралбаева

б) Ә.Мәметова

в) Гүлбану Қосымова

29. Кім көрді көктің жерге құлағанын,

Кім көрді күннің жарық сұрағанын... (И.Байзақов)

Қайталаудың қай түрі?

а) анафора 

ә) эпифора

б)аллегория

в) антитеза

30. «Жақсы ойлар тамаша сөзден артық саналады. Сөз дегеніміз,былайша айтқанда, сырт киім. Ой-киімнің астында жасырынған дене”. Кімнің пікірі?

а) Ф.М.Достаевский 

ә) П.С.Пороховщиков

б) М.Горький

в) Д.И.Писарев



  1. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік


қамтамасыздандыру (пәннің мазмұнына қарай). ПОӘК шығыс мәліметтерді және мекенжайы көрсетілу қажет – кітапхана, кафедра т.б.

Бұл тарау жоспарланбаған





  1. Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі.



Мамандық бойынша оқытылатын шешендік өнер мен мәнерлеп оқу пәні бойынша глоссарий


1. Шешендіктануды оқыту – кез келген өзге оқу пәнін оқыту сияқты жеке тұлғаны қалыптастырудың тиімді құралы.

1. Шешендік сөз – жанды сөз әректі арқылы көрініс беретін эмоционалды-интеллектуалды шығармашылықтың ерекше бір түрі.

2. Шешен ( латынша очаче –сөйлеу) – көпшілік алдында сөз сөйлеуші адам (грек тіліндегі синонимі – ритор)

3. Аудитория – сөйленетін сөз қарата айтылатын адамдар, яғни көпшілік.

4. Кони Анатолий Феодорович (1844 1927) – белгілі орыс заңгері, қоғам қайраткері, танымал сот шешені, академик.

5. Цицирон Марк Тулий (б.з.д. ) – рим қоғам қайраткері, шешен, жазушы.

6. Шешеннің тіл мәдениеті - сөйлеудің тиімділігін, ұғынықты да түсініктілігін және мәнерләгін қамтамасыз ететін, ана тілінің барлық байлықтарының ішінен аса қажеттті әсер етуші тілдік құралдарды іріктеп, саралап алу білгірі.




  1. Шешендік өнер – адам өмірінің әрқилы ішкі үрдістерін бейнелеудің озық тәсілі, өзгелерді өз еркіне бағындырудың аса күшті қаруы, жанды қарым-қатынастың амалы ретіндегі сөз сөйлеу құдіретіне ие болғызатын шын мәнінде адамның құдіреттілігін танылатын көпқырлы ілім.


  2. Коракс – ежелгі грек философы.


  3. Демосфен (б.з.д. 460-370) – ежелгі грек шешені, саяси қайраткер.


  4. Шешендіктану – тілдік қатынастың қилы аспектілерін қамтитын кешенді пән.


  5. Шаршы топ алдында шешен сөйлеу – шешен мен аудиторияның жанды қарым-қатынасы.


  6. Шешеннің психологиялық мәдениеті – адамның психикалық әрекетін танытатын білімдердің жиынтығы және бұл білімді адамдармен жұмыстың нақты жағдайында қолдана білу.


  7. Аудитория – шаршы топ алдында сөйленер сөзді тыңдауға жиналған, өз назарларын шешенге, оның сөзіне бағыттаған белгілі мөлшердегі адамдар тобы.


  8. Шешеннің этикасы – адамгершілік нормаларының , бағдарлау құндылықтарының , оның өз міндеттеріне , жұмыс мақсатына, тыңдаушыларына қатынасын анықтайтын тәртіп ережелерінің жиынтығы.


15. Сөйлеу техникасының құрамды бөліктері – бұл дыбыстық, тыныстық қойылымы, сөйлеу сәтіндегі дауыстың, дикциясының, орфоэпиясының дұрыс қойылымы.

16. Сөйлеу техникасының мәні – дыбыстау нормаларын сақтауда артикуляция, дыбыс, тыныс бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 

17. Адамбаев Балтабай Әбдірахманұлы (1919 -1979) – шешендіктанушы ғалыфм, жазушы.

18. Ақтайлақ Байғараұлы (1720-1816) – шешен би, төкпе ақын. 

19. Байбекұлы Әйтеке би(1644 -1700) – мемлекет және қоғам қайраткері, атақты шешен, Кіші жүздің төбе биі.

20. Бөлтірік Әлменұлы(1771-1854) – қазақтың көрнекті шешені, биі, батыры. 

21. Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы ( 1963) – шешендіктанушы, тілші, әдіскер ғалым, педагогика ғылымдарының докторы.

22. Сөйлеу мазмұны – 1. сөйлеу жоспары, жалпы, нақты мақсатының анықталуы.2. тақрып таңдауы, аудитория ерекшелігін есепке алуы. 3. Сөздегі мәлімет жиынтығы. 4. Логикалығы.5. Шешендік сөздің түрі.

23. Сөйлеу сатысы– 1. Сөйлеу құрылымы(сөйленіс сәттілігі, мағыналық тарауларға жіктелуі, түйіні)2. Деректердің іріктеліуі мен олардың иланымдылығы(статистиканы қолдана алуы, беделді тұлғаларға сілтеме жасауы3. Аудиториямен байланысы4. Аудиторияның назарын аударта алуы (сәттік сергітер мезет пен юмор элементтерін үйлестіре алуы)

24. Сөйлеу шеберлігі – қарапайымдылығы мен түсініктілігі, материалды еркін меңгергендігі, сөйлеу дұрыстығы, бейнелілігі мен эмоциональдығы.

25. Сөйлеу мәнері – шешщеннің мінбедегі қалпы: сыртқы кейпі; тұрысы; ым; ишарат; дене қимылы(жест); бет қимылы(мимика); сенімділігі;

26. Сөйлеу техникасы – дауыс күші мен әуезділігі; саздылығы(интонациясы); дикциясы; сөйлеу қорқыны(темп); уақытпен есептесуі;

27. Сөйлеушінің жеке сапалық белгісі – 1. Жалпы білімдарлығы (эрудициясы),2. Айтылғандарға нық көзқарасының болуы, 3. Тактикалығы(көрегендігі, әдістілігі, әдептілігі) мен сыпайлығы.

28. Шешен мен оның сөйлеген сөзіне жалпы баға – 1.ү Сөйлеген сөзінің теориялық деңгейі. 2. Шешеннің тақырыпқа сай әзірлігі. 


5. Дәрістік кешен (семинарда талқыланатын тақырыптар, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі).

Тақырыбы: Сөз мәдениеті және риторика пәні туралы түсінік

Шешен діктанудың ғылым және оқу пәні ретінде дамуы мыңдаған жылдарды қамтиды. Әрбір кезеңге сәйкесті оның мазмұны да әрқилы. Ол әдебиеттің ерекше жанры есебінде де, сөйлеу шеберлігінің белгілі бір түрі (жазбаша және ауызша) есебінде де, ауызша сөйлеу ғылымы әрі өнері ретінде де қарастырылды. Қазіргі таңдағы зерттеу еңбектерінде шешендіктану кешенді пән ретінде қарастырылып, құрамына тілдік қарым-қатынастың ( тілдік коммуникация) логикалық, лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, көркем әдеби және тағы басқа аспектілерін қамтиды. Бұл ғылым саласының “шешендік өнер”, “шешендік”, “шаршы топ алдында ауызша сөйлеу шеберлігі”, “элоквенция” сияқты өзге де атаулары бар. 

Тақырыбы: Шешендіктанудың тарихи парақтары

Шешендіктану /риторика/ - ежелгі ғылым салаларының бірі. Оның пайда болып, өмір сүруі мыңдаған жылдарды қамтиды. Әртүрлі кезеңдерде оның қоғамдық өмірдегі орны жоғары не төмнгі деңгейде бағаланады, бірақ өз дамуын тоқтатпады. Шешендік өнердің өркен жайып гүлденуі желгі грек және ежелгі рим республикаларының өркендеуімен, Ренесанс дәуірімен, ХҮІІІ ғасырдағы Франциядағы және ХХ ғасырдағы Ресейдегі революциялармен тұспа-тұс келді. Шешендік өнердің теориясы мен практикасы ретінде шешендіктану ғылымы біздің жыл санауымызға дейінгі Ү-ІҮ ғ.ғ Ежелгі Грецияда қалыптасты. Ежелгі Грецияда шешендік шындыққа жету құралы болып табылатындығы және бұл өнер ғана емес / эпос, лирика, музикамен қатар/, сондай-ақ адамды танып-білудегі филсофиямен жарысқа түсе алатын ғылым екендігі туралы сенім қалыптасты. Ежелгі герцияда шешендік өнерге оқытып-үйрететін, баулитын ақылы оқытушы –софистер пайда болды. Софистер сөзді ойната, құбылта қолдана білді, олар шешендік өнердің практикасына ғана емес, теориясына да үлкен мән берді. Шешендік өнер туралы ғылым ретінде шешендіктанудың /риторика/ негізін де осылар қалады. 

Тақырыбы: Шешендіктану теориясының орта ғасырда және жаңа дәуірде дамуы

Ү ғ. соңында құл иеленуші Рим империясының құлауы жаңа феодалдық формацияға өту кезеңнің бастау болды. Ерікті азаматтардың тең құқылы қатынасы сеньорлар мен вассалдардың иерархиялық субординанациясымен алмастырылды. Жаңа кезең әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде шешендіктануға да елеулі өзгерістер әкелді. Насихатта ісі шешендік шеберліктің мейлінше жоғары деңгейде болуын талап етті. Үгіт-насихаттың негізінде антикалық шешендіктану мен формальды логиканың негізгі нормаларын, ежелгі шешендердің тәжірибесін қабылдаған орта ғасырлық шешендік өнер дами түсті. Діни тонмен көмкерілген орта ғасырлық шешендік өнер жаңа сапаға да ие болды. 

Тақырыбы: Шешеннің сөйлеудің логикасы.

Шешендіктану – тілдік қатынастың қилы аспектілерін қамтитын кешенді пән. Шешендік өнерді игеру барысында шешен сөйлеудің логикалық аспектілері өз алдына бір бөлек мәселе. Жалпы шаршы топ алдында ауызша сөйлеу өзіндік эмоциональдығымен, көркемділігімен қызықтырары даусыз. Солай десек те, сөзді логикалық тұрғыда ұйымдастыруға арқа сүйенілмесе, ойлаған мақсатқа сай келмесі де ақиқат. Сөйленген сөзде логиканың болмауын психологиялық амалдармен де алмастыру мүмкін емес. Кез келген сөйленген сөздің тиімділігі, жандылығы алғашқы кезекте оның мазмұндылығымен анықталары сөзсіз. 

Тақырыбы: Шешеннің сөйлеу мәдениеті 

Шешеннің өзіндік көзқарасының ой ұшығы, сезімі мен ойлары, оның сөйлеу логикасы мен фактологиясы ауддитория үшін дыбысталған сөз күйінде көрініс табады. Шаршы топ алдында шебер сөйлеу білігі сияқты шешеннің басты қасиеті оның ойын ақырына дейін мейлінше дәл білдіруге көмектесетін бірден-бір айқын да жарқын сөздерді ершеп ала білу білігімен бөлінбес бір тұтастықта болып келедіШешеннің тіл мәдениеті - сөйлеудің тиімділігін, ұғынықты да түсініктілігін және мәнерләгін қамтамасыз ететін, ана тілінің барлық байлықтарының ішінен аса қажеттті әсер етуші тілдік құралдарды іріктеп, саралап алу білгірі.

Тақырыбы: Шешен мен аудиторияның ара қатынасы 

Сөйленер сөздің тақырыбы анықталып, тезистік жобасы жүйеленген, дәлелдер жүйесі іріктеліп ойластырылған, сөйлейтін сөз композициялық құрылымы жағынан жинақталып, алдынала редакцияланған делік. Демек, сөйлеу алды коммуникативтікке дейінгі әзірлік сатысындағы жұмыстар аяқталды деген сөз. Енді біразырақ әзірліктен кейін сөз сөйлеу кезеңі басталады. Бұл кезеңде шешенге психология, этика, педагогика ғылым салары көмекке келеді. Шаршы топ алдында сөйлеудің қай-қайсы да шешеншнің тыңдаушы психикасына сөз арқылы мақсатты әсер етуі. Осы орайда пайда болатын және олардың шешімін табуда психология ілімі септесетін мәселелер шеңбері мыналар: тыңдаушылардың назарын аудара білу және оны ұйымдастыру; шешен мен аудиторияның аралық байланысы қалай қалыптастырылады; ақпаратты екшеу, меңгеру және ұсыну үдересі қалай бағытталады; бұл үдерісті басқаруға бола ма; әр түрлі аудиторияның әлеуметтік –психологиялық ерекшеліктері неден құралады және оларды қалай сауатты ескеруге болады т.б 

Тақырыбы: Шешен этикасы.

Шешеннің этикалық мәдениеті психологиялық мәдениетімен, қарым-қатынасты сәтімен жүзеге асыру тактісімен, білік-дағдысымен тығыз байланысты. Сөйлеу шеберлігінің осы жағын коммуникативтік мәдениет не қарым-қатынас мәдениеті деп те атайды. Шешен этикасы – адамгершілік нормаларының, бағдарлау құндылықтарының, оның өз міндеттеріне, жұмыс мақсатына, тыңдаушыларына қатынасын анықтайтын тәртіп ережелерінің жиынтығы. Шешендік этиканың аса мәнді элементтерінің бірі – аудиторияға құрметпен, жылылықпен қараудан туған такт, ашықтық, елгезектік, сезімталдық қалып ұсталуы. 

Тақырыбы: Шешеннің сөйлеу техникасы

Сөз сөйлеу үдерісінде аудиторияға әсер ету барысында шешен лингвистикалық, паралингвистикалық және кинетикалық құралдардың тұтас кешеніне жүгінеді. Сөзсіз, қай уақытта да ең бастысы сөз болып қала береді. Ал шешендіктану – жанды, дыбысты сөз туралы ғылым. Демек сөз арқылы түйінделген ой қаншалықты маңызды болса да, ол тыңдаушыларға тек шешеннің сол сөздері нақты да түсінікті, мөлшерленген күйде дыбыстауы, айтуы арқылы ғана әсер ете алады. Сөйлеу өнерінде ең бастысы деп нені есептейтіндігін сұрағанда, Демосфен айтылажақ сөздің қалыпты да үйлесімді дыбысталуына ең алғы кезекте ерекше мән берудің аса қажеттілігін баса айтқан. Сөйлеу техникасы – шешендік туралы ғылымның өте арнайы да маңызды тарауы. Өзгелерінен ерекшелігі бұнда дыбыстау дағдылары бойынша жүргізілетін ұзақ мерзімді, тегеурінді машықтық жұмыстар мен жаттығулар аса маңызды. Сөйлеу техникасының құрамды бөліктері – бұл дыбыстық, тыныстық қойылымы, сөйлеу сәтіндегі дауыстың, дикциясының, орфоэпиясының дұрыс қойылымы. Сөйлеу техникасының мәні – дыбыстау нормаларын сақтауда артикуляция, дыбыс, тыныс бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 


Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  • Сөз мәдениеті және риторика пәні туралы түсінік


  • Сөз мәдениеті және риторика пәнінің мақсат, міндеттері


  • Антикалық шешендіктану


  • Аристотельдің шешендік өнері


  • Демосфен шешендігі


  • Грек шешендік өнер дәстүрінің ежелгі Римде дамуы


  • Цицерон және антикалық шешендік өнер


  • Квинлитианның «Шешендік тәлімдері»


  • Қазақтың шешендік өнеріъ


  • Майқы би шешендігі


  • Жиренше шешеннің шешендік сөздері


  • Төле би шешендігі


  • Қазыбек би шешендігі


  • Әйтеке би шешендігі


  • Қазақ шешендік өнерінің зерделенуі


  • Қазіргі ұлттық шешендік өнер


  • Алғашқы орыс шешендік өнері


  • М.В.Ломоносовтың «Шешендікке қысқаша басшылығы»


  • 19 ғасырдағы Ресейдегі академиялық және сот шешендік өнері


  • Дауыс – сөйлеу аппараты туралы


  • Тыныс – дауыс саздылығы негізі


  • Диафрагма жұмысын белсендіру амалдары


  • Сөйлеу саздылығы


  • Кідіріс. Логикалық екпін


  • Артикуляция және дикция


  • Сөйлеу мәдениеті ұғымы


  • Әдеби тіл – тілдің өмір сүруінің жоғарғы формасы


  • Сөйлеуге қойылатын негізгі талаптар


  • Сөйлеу стильдері


  • Сөйлеу дұрыстығы


  • Қазіргі қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары


  • Сөйлеу екпінін үйлестірудегі қателіктер


  • Грамматикалық норма


  • Академиялық шешендік


  • Сотта сөйлеу ерекшеліктері


  • Әлеуметтік-саяси шешендіктану түрлері


  • Діни тақырыпта сөйлеу


  • Тұрмыстық сөйленіс


  • Тақырып таңдау


  • Алдағы мақсатты анықтау


  • Жадығаттарды іріктеу


  • Мәтінді редакциялау


  • Сөйленер сөзге әзірлену


  • Антикалық шешендіктану теориясындағы логика ен риторика


  • Формльды логика заңдары тулралы


  • Мәтіннің логикалық*-композициялық құрылдымы


  • Мәтінді логикалық-композициялық тұрғыда құрастырудағы кемшіліктер


  • Дәлелдеме ұғымдары


  • Дәлелдеу амалдары


  • Біржақты және екіжақты дәлелдеме


  • Тиімді дәлелдеудің жалпы ережелері мен амалдары


  • Шаршы топ алдында сөйлеу тілі мен стиліне қойылатын негізгі талаптар


  • Риторикалық фигураларды қолдану ерекшеліктері


  • Сөйлеудің лексикалық және синтаксистік экспрессивтілшігі


  • Аудиторияны модельдеу заңы. Ұйымдастыру кезеңі


  • Аудиториядағы шешен мен тыңдаушылардың орналасуы


  • Шешеннің сыртқы кейпі мен мәнері және қимылы, тұрысы


  • Шешеннің дауысы, интонациясы,дикциясы


  • Қысылыс, толғаныстарды жою амалдары


  • Қарыми-қатынас мәдениетьі туралы ұғым


  • Іскерлік сөйлеу мәдениеті


  • Қазіргі этикет. Сөйлеу этикеті.


  • Іскерлік қарым-қатынастың ерекшеліктері


  • Пікіралмасу жүргізу мәдениеті






6. Семинар (семинар) сабақтардың жоспары.

(Бұл тарау жоспарланбаған)

7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар


СӨЖ- дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.

СӨЖ оқытушының қатысуымен /ОЖСӨЖ/ аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс /СӨЖ/ сабақтардан тұрады.

Мәселен, ОЖСӨЖ-де студенттер қоғамдағы ең бір өзекті мәселелерге байланысты пікірталас, ойталқылар ұйымдастырса, СӨЖ- де антикалық, орта ғасырлардағы, ресей шешендіктануындағы, қазақ шешендік дәстүріндегі небір нақыл сөздерді талдайды.

СӨЖ тақырыптары:


        • Аристотельдің шешендік нақылдары


        • Демосфен шешендігі


        • Цицерон шешендігі


        • Квинлитиан шешендігі


        • Сократ нақылдары


        • Төле би шешендігі


        • Қазыбек би шешендігі


        • Әйтеке би шешендігі


        • Сырым батыр шешендігі


        • Жиренше шешендігі


        • Қарашаш шешендігі


        • Бөлтірік шешендігі


        • Майқы би шешендігі 


        • Аяз би шешендігі


        • Досбол шешендігі


        • Бұқар жырау жырау шешендігі


        • Бала би шешендігі




8.Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық

проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет