«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы үшін «Әдебиет теориясы» пәні бойынша студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені



бет3/5
Дата25.02.2016
өлшемі0.75 Mb.
#20303
1   2   3   4   5

Тірек сөздер: ұлттық фольклор, әдеби-эстетикалық талап, стиль, әдеби әдіс, өлең құрылысы мен поэтикалық тіл табиғаты.
Дәрістің жоспары:

  1. Әсемдік туралы талғам, пайымдардың ұлттық фольклордан бергі үзілмес арнасы.

  2. XIX ғасырдағы поэзия өнеріне қатысты арнайы пікір, толғамдар.

  3. Абай шығармаларындағы поэзияның әлеуметтік, эстетикалық сипатына байланысты пайымдаулар.

  4. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» (1926) – қазақ әдебиеттанудағы алғашқы теориялық кітап.

Коммуникативтік поэтика мәселелері. Салыстырмалы әдебиеттану.
Әсемдік туралы талғам, пайымдардың ұлттық фольклордан бергі үзілмес арнасы. XIX ғасырдағы поэзия өнеріне қатысты арнайы пікір, толғамдар. Ш.Уәлихановтың «Манас» жырын, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпосын жазып алып, насихаттауы. Ы.Алтынсаринның ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жариялаудағы еңбегі. Абай шығармаларындағы поэзияның әлеуметтік, эстетикалық сипатына байланысты пйымдаулар. «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалятының газетінде», «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» газеттерінде, «Айқап» журналында әдеби-эстетикалық талап –тілектердің өсіп-толысуы үшін атқарған рөлі. М.Жұмабавтың Ақан сері, Базар жырау, Ә.Диваев туралы мақалалары. Ж.Аймауытовтың М.Жұмабаев шығармашылығын талдайтын еңбегінде стиль, әдеби әдіске қатысты пікірлер. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» (1926) – қазақ әдебиеттанудағы алғашқы теориялық кітап. 1920-30 жылдардағы әдеби сын. Зерттеу және айтыс-дау сарындағы мақалалар. Прокультшілер. Тұрпайы социологизм. Ғ.Тоғжановтың Абай, Мағжан шығармашылығы жайлы кітаптарының мәні. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов сияқты көрнекті қаламгерлер айтқан ой-тұжырымдардың шығармашылық әлемімен тығыз байланысы. Е.Смайловтың, Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» пәні бойынша дайындаған оқулықтарының әдебиеттану ғылымдарының негіздерін танып-білудегі орны. З.Қабдоловтың «Сөз өнері» атты жоғары оқу орындары филология факультеттерінің студенттеріне арналған оқулығындағы жаңалықтар. Өлең құрылысы мен поэтикалық тіл табиғатын зерттейтін З.Ахметовтың еңбектері. Поэзия және проза, драма поэтикасын, жанрлар сырын сарапқа салатын зерттеулер. М.Қаратаевтың реализм, эстетика табиғатына байланысты мақала зерттеулері. Лирика, поэма жанрларын таразылайтын С.Қирабаев, М.Базарбаев, М.Дүйсенов, Ә.Нарымбетов, Қ.Мәшһүр-Жүсіптің еңбектеріндегі ой-толғамдар, Т.Кәкішевтің әдеби-сын, Р.Нұрғалиевтің драмадағы поэтика, мазмұн мен пішін байланысына орай жазылған кітаптарындағы, Р.Бердібаев, Ш.Елеукенов, Н.Ғабдуллин, Ж.Дәдебаев, Т.Есембеков, А.Жақсылықов сияқты ғалымдардың проза, роман болмысы жайлы еңбектеріндегі ғылыми-эстетикалық тұғырнама. Т.Қожекевтің сатира жанрларын берген анықтама, талдаулары. Салыстырмалы әдебиеттану. Ш.Сәтбаева, Л.Әуезова, Н.Жуанышпеков, Б.Мамыраев, М.Маданова т.б. еңбектері. Коммуникативтік поэтика мәселелері. Қазақ әдебиеттануының әдебиет тарихы, фольклористика саласындағы табыстары. Салыстырмалы әдебиеттану.

Дәрісті бекіту сұрақтары:

1.Әсемдік туралы талғам, пайымдардың ұлттық фольклордан бергі үзілмес арнасы.

2.XIX ғасырдағы поэзия өнеріне қатысты арнайы пікір, толғамдар.

3.Абай шығармаларындағы поэзияның әлеуметтік, эстетикалық сипатына байланысты пайымдаулар.

4.А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» (1926) – қазақ әдебиеттанудағы алғашқы теориялық кітап.

5.Коммуникативтік поэтика мәселелері. Салыстырмалы әдебиеттану.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. –М.,1975.

2.Барт Р. Избранные работы. Семиотика. Поэтика. –М.,1989.

3. Гегель В.Г. Эстетика. В.4 т. –М.,1968.

4.Жирмунский В. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. –М.,1977.

5.Мақпал Оразбек. Автор және шығармашылық процесс. –А.,2006.

6.Нұрғалиев Р. Сөз өнерінің эстетикасы. –А.,2003.

7.Поспелов Г. Теория литературы. – М.,1978.

8.Соколов А.Теория стиля. – М.,1968.

9.Тимофеев Л. Основы теории литературы. – М.,1976.


9-дәріс. Көркем әдебиеттің табиғаты. Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі.

Әдебиет және эстетикалық категориялар.



Тірек сөздер: Өнер түрлері, көне жәдігерлер, әсемдік, эстетикалық таным, әрекет сұлулығы, ой әсемдігі.

Дәрістің жоспары:

  1. Өнер түрлерінің пайда болуындағы сатылық даму.

  2. Көне жәдігерлер. Әсемдік-эстетикалық қасиет ұғымның баламасы.

  3. Әсемдік нысандары мен қабылдау сезімдері. Қазақ фольклоры мен әдебиетіндегі әсемдік талғам. Табиғат, жыл мезгілдері, көш суреті, қаһармандық.

Өнер түрлерінің пайда болуындағы сатылық даму. Табиғи тұрмыс-кәсіптік өмірдің алғышарт ретіндегі орны. Рулық қауым. Өнердің синкреттілік болмысы. Кәсіптік өзгешеліктерідің уақыт алмасу үрдісімен сабақтастығы. Көне деректердегі Дионис туралы миф. Қоғамдық құрылымдағы ірілену. Құдайларға табыну. Көркем би, әуен, сөздік лириканың тууы. Көне түркі заманы. Отырықшылық пен көшпенділік. Көне жәдігерлер. «Түймекент», «Тас-ақыр қамал» аңыздарындағы тарихи өзек. Соңғы палеолит, сақ-сармат өнеріндегі қиялдың ролі, табиғатпен бірлікке ұмтылыс. Неолит заманындағы миф. Бұғы суретіндегі көне таным. Ай мен күнге табыну. Әсемдік-эстетикалық қасиет ұғымның баламасы. Ажарлылық пен әсемдіктің айырмасы. Түр, көлем, түс, ырғақ, симметрия, үйлесім туралы сезімдердің тарихы. Әсемдік нысандары мен қабылдау сезімдері. Әр дәуірдің, әр ғұламаның сұлулыққа байланысты өз ұғымдары. Әсемдік- объективті құбылыс. Өмірге эстетикалық көзқарас. Эстетикалық таным. Қазақ фольклоры мен әдебиетіндегі әсемдік талғам. Табиғат, жыл мезгілдері, көш суреті, қаһармандық. Тіршілік сәні, әрекет сұлулығы, ой әсемдігі. Қаһармандықтың эстетикалық табиғаты. Әсерлілік. Отан, туған жерге сүйіспеншілік. Қозғаушы күш. Халықтық мүдде. Батырлар және қарапайым адамдардың ерлігі. Трагедиялық сезімнің терең қуаты. Туу және бейнелеу түрлері. Асқақтықтың қаһармандықпен байланысы. Келеңсіздіктің табиғи, әлеуметтік алғышарттары. Жағымсыз әсер және күлкі табы. Сұрқиялықтың эстетикалық болмысы.



Дәрісті бекіту сұрақтары:
1.Өнер түрлерінің пайда болуындағы сатылық даму.

2.Көне жәдігерлер. Әсемдік-эстетикалық қасиет ұғымның баламасы.

3.Әсемдік нысандары мен қабылдау сезімдері.

4.Қазақ фольклоры мен әдебиетіндегі әсемдік талғам.

5.Табиғат, жыл мезгілдері, көш суреті, қаһармандық.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. –М.,1975.

2.Барт Р. Избранные работы. Семиотика. Поэтика. –М.,1989.

3. Гегель В.Г. Эстетика. В.4 т. –М.,1968.

4.Жирмунский В. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. –М.,1977.

5.Мақпал Оразбек. Автор және шығармашылық процесс. –А.,2006.

6.Нұрғалиев Р. Сөз өнерінің эстетикасы. –А.,2003.

7.Поспелов Г. Теория литературы. – М.,1978.

8.Соколов А.Теория стиля. – М.,1968.

9.Тимофеев Л. Основы теории литературы. – М.,1976


10-дәріс. Көркем әдебиеттің ерекшелігі.
Дәрістің мақсаты: Әдебиеттің образдық табиғаты және образ түрлері. Уақыт пен кеңістікті игерудегі әдебиет туындыларының артықшылығы. Шығармадағы көркемдік кеңістіктің композициялық амал-тәсілдер арқылы берілу ерекшелігін түсіндіру.

Тірек сөздер: Ғылым және әдебиет, көрнекілік, дәлдік, эмоция, шарттылық, шынайылылық, қиял, композициялық амал-тәсілдер.

Дәрістің жоспары:

1. Әдебиеттің образдық, әсерлілік табиғаты.



2. Образ түрлері.Дәлдік пен эмоция. Деректік бейнелер.

3. Көркем бейнеге тән типтендіру әдісі, өмір құбылыстарын қайта сомдау.

4. Уақыт пен кеңістіктің әдеби шығармаларда берілуі.
Ғылым және әдебиет. Әдебиеттің образдық табиғаты. Әсерлілік. Дүние тану тәсілдері. Образ түрлері. Көрнекілік бейнелердің ғылым мен көркем публицистикадағы орны. Дәлдік пен эмоция. Деректік бейнелер. Көркем бейнеге тән типтендіру әдісі, өмір құбылыстарын қайта сомдау. Көркем образ және таңба. Қиялдау. Шарттылық пен шынайылылық. Әдебиеттегі көркем бейнелердің заттық сипаттан адалығы мен бейзаттығы. Сөздің бейнелік қызметі. Сөздік бейнелердің көзге көрінбеуі. Елес. Сезім. Қиял. Әдебиет пен басқа өнер түрлерінің байланысы және өзгешеліктері. Уақыт пен кеңістікті игерудегі әдебиет туындыларының артықшылығы. Шығармадағы көркемдік кеңістіктің композициялық амал-тәсілдер арқылы берілу ерекшелігі. Өмір құбылыстарын қамту тәсілдері мен қарымдылық. Абай және Пушкин өлеңдеріндегі тіршілік, табиғаттың мол тынысын дәл де әсерлі бедерлеу шеберлігі.

Дәрісті бекіту сұрақтары:

1.Образ түрлері.Дәлдік пен эмоция. Деректік бейнелер.

2.Көркем бейнеге тән типтендіру әдісі, өмір құбылыстарын қайта сомдау.

3. Уақыт пен кеңістіктің әдеби шығармаларда берілуі.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. –М.,1975.

2.Барт Р. Избранные работы. Семиотика. Поэтика. –М.,1989.

3. Гегель В.Г. Эстетика. В.4 т. –М.,1968.

4.Жирмунский В. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. –М.,1977.

5.Мақпал Оразбек. Автор және шығармашылық процесс. –А.,2006.

6.Нұрғалиев Р. Сөз өнерінің эстетикасы. –А.,2003.

7.Поспелов Г. Теория литературы. – М.,1978.

8.Соколов А.Теория стиля. – М.,1968.

9.Тимофеев Л. Основы теории литературы. – М.,1976



11 –дәріс. Көркем әдебиеттің әлеуметтік сипаты. Әдебиет пен өнердің танымдық мәні

Дәрістің мақсаты: Көркем әдебиеттің объективті болмысындағы ұлттық пен жалпыадамдық қасиеттер диалектикасы. Ұлттық және жалпыхалықтықтың түбірлес табиғаты. . Қаламгер тұлғасының ерекшелігі. «Тақырып» ұғымының екі түрлі мағынасы туралы ұғымды қалыптастыру.

Тірек сөздер: Ұлт ұғымы мәңгілік тақырыптар, тұрмыс-салт, дағды-машық өнердің халықтығы, детальдар.

Дәрістің жоспары:

  1. Әдебиет пен өнердің халықтығы мәселесінің тарихи, эстетикалық ролі.

  2. Көркем әдебиеттің ұлттық пен жалпыадамдық қасиеттер диалектикасы.

  3. Көркем шығармадағы ұлттық сипат.

  4. Автор категориясы. Оның өмірбаяндық тәжірибесі.

Әдебиет пен өнердің объективті сипаты. Авторлық субъектінің қатысы. Социализм заманындағы көркем творчество. Әдебиет пен өнердің халықтығы мәселесінің тарихи, эстетикалық ролі. Көркем әдебиеттің объективті болмысындағы ұлттық пен жалпыадамдық қасиеттер диалектикасы. Ұлттық және жалпыхалықтықтың түбірлес табиғаты. Ұлт ұғымын құрайтын шарттар. Тілдік, антропологиялық, территориялық, экономикалық факторлар. Тұрмыс-салт, дағды-машық туралы. Ұлттық психика ерекшеліктері. Көркем шығармадағы ұлттық сипат. Тақырып, объект таңдау, эстетикалық талғамдағы тың өрнектер. Бейнелеу жүйесіндегі өмірмен сабақтас детальдар. Қаламгер тұлғасының ерекшелігі. «Тақырып» ұғымының екі түрлі мағынасы. В.Жирмунский мен Б.Томашевскийдің пікірлері. Тақырыптың үш түрлі бастауы. М.Гришманның көзқарасы. Мәңгілік тақырыптар. Тақырыптың антропологиялық сипаттары. Автор категориясы. Оның өмірбаяндық тәжірибесі. Таңбалар әлемі. Таңбалар қызметі. Таңбадағы мән. Таңбалар жүйесі. Ф.де Соссюр. Сөз-таңба. Шартты таңба. Ч.Пирс және семиотика. Көркем образдың өзгермелігі мен көп мәнділігі. Жалпы және жекенің бірлігі. Эмоционалдық пен

рационалдық. Объективтілік пен субъективтіліктің бірлігі. Сана және ырықсыздық туралы К.Юнгтің ілімі. Ырықсыздықтың адам психикасындағы объективті сипаты. Ұжымдық ырықсыздық. Архаикалық тәжірибе. Архетип және жеке психиканың даралығы. Архетип түрлері. Сарын ұғымы. А.Веселовский, В.Пропп, Е.Мелетинский пікірлері. XIX-XX ғғ. Романдарындағы инициация (шыңдалу) рәсімінің көріністері, мифтік желілер, образдық ой салыстырулары. Шығарманы пайымдау. Шығарманы қабылдау. Автор және шығарма.Коммуникативтік поэтиканың маңызы. Герменевтика- гумантитарлық ғылымдардың методологиялық негізі. Түсіну ұғымы. Сөз, өнер сөзі. Түсінудің кісіаралық сипаты. Интуитивті тану және интерпретация. Түсінудің шарттылығы. Интерпретацияның (зерделу) таңдамалы және шығармашылық қуаты. Оқырман және автор. Шығарманы зерделеу. Оқырманның дербестігі мен авторға тәуелділігі. Рецептивті эстетика. Оқырманның шығарма болмысына қатыстылығы. Оқырман бейнесі. Қиялдағы оқырман, адресат тұжырымдамасы. Әдеби сынның ролі. Бұқаралық оқырман. Әдеби классика. Бұқаралық әдебиеттің мағыналары. Беллетристика аталымы туралы. Эпигондықтың салдары. Автор мәртебесі: 1) реалды тұлға; 2) автор образы; көркемдік қызмет субъектісі. Шығармашылық субъективтілік көріністері. Дара авторлық бастау және дәстүршілдік сана. Өнердегі артистизм, ойын элементтері. Ойынның нәтижесі, рахат сезімі. Автордың жоғалуы – немесе Автор және Скриптор. (Р. Барт). Оқырман белсенділігі

Дәрісті бекіту сұрақтары:

1.Әдебиет пен өнердің халықтығы мәселесінің тарихи, эстетикалық ролі.

2.Көркем әдебиеттің ұлттық пен жалпыадамдық қасиеттер диалектикасы.

3.Көркем шығармадағы ұлттық сипат.

4.Автор категориясы. Оның өмірбаяндық тәжірибесі.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. –М.,1975.

2.Барт Р. Избранные работы. Семиотика. Поэтика. –М.,1989.

3. Гегель В.Г. Эстетика. В.4 т. –М.,1968.

4.Жирмунский В. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. –М.,1977.

5.Мақпал Оразбек. Автор және шығармашылық процесс. –А.,2006.

6.Нұрғалиев Р. Сөз өнерінің эстетикасы. –А.,2003.

7.Поспелов Г. Теория литературы. – М.,1978.

8.Соколов А.Теория стиля. – М.,1968.

9.Тимофеев Л. Основы теории литературы. – М.,1976



12-дәріс. Әдеби туынды. Теориялық поэтика ұғымы. Шығарма әлемі. Әлем және шығарма

Дәрістің мақсаты: Әдебиеттегі теориялық поэтика ұғымы туралы айтылған ғылыми ой-тұжырымдар. Жанр сипатымен сабақтастық. Мәселенің тарихи, эстетикалық сипаты.

Тірек сөздер: поэтика, фрагмент, мәтін, психологизм, пейзаж, сюжеттік жүйеде.

Дәрістің жоспары:

1.Әдеби туынды. Теориялық поэтика ұғымы. Шығарма әлемі.

2. Шығарманың көркемдік әлемі қамтитын аялар.

3. Сюжет түрлері. Композиция.


Нормативті және жалпы поэтика. Теориялық поэтиканың міндеттері. Тарихи поэтика. Көркем шығармашылық әлемінің дискреттілігі (үзілмелігі). Өлең дестелері (цикл). Прозадағы іліктес туындылар. Фрагмент немесе бөліктің дербес сипаты. Музыкадағы сөз мәтіндері, поэма, өлең, әдеби сындағы эпизодтар. Жарияланымдар, ішінара өзгерістер. Форманың үш қыры. Антикалық риторика мен формалистер көзқарасындағы үндестік. Көркем мазмұнға лайық жаңа терминдер, оның синтездік қасиеті. Шығарманың көркемдік әлемі қамтитын аялар: предметтік бейнелеу жүйесі, кейіпкер іс-әрекеті, кейіптемесі, психика құбылыстары, қоршаған болмыс фактілері (заттар, интерьер, табиғат суреттері т.б). Психологизм. Адамның ішкі өмірін кестелеу. Қаһарман пішіндемесінің көркемдік қызметі. Тұрақты кескін белгілері. Дәріптей кестелеу. Жанр сипатымен сабақтастық. Статикалық, динамикалық келбет нышандары. Кейіпкер сөздері. Диалог пен монологтың эстетикалық тұрғыдан қажеттілігі. Әр түрлі функционалдық мағыналары. Көркем туындыдағы заттар әлемі. Олардың психологиялық жағдай тудырудағы ролі. Дүние, мүлік, жиһаздың поэтикалық астары, мінез, өмір салтын танытудағы маңызы. Табиғат көріністері. Әдебиеттегі пейзаждың жан-жақты қызметі. Мәселенің тарихи, эстетикалық сипаты. Әлем және шығарма: уақыт пен кеңістік. Сөз бейнелілігінің уақытпен сабақтасуы. Физикалық уақыт, перцептуалдық уақыт, концептуалдық уақыт. Фольклор мен әдебиеттегі уақыт пен кеңістік. Автор уақыты, кейіпкер уақыты, сюжеттік уақыты. Сюжет пен тартыс. Сюжет туралы А.Веселовскиий, В.Шкловский, Б.Томашевский пікірлері. Фабула ұғымы. Сюжеттің XIX ғасырдағы анықтамасы. Сюжет оқиғаларының өмір құбылыстарымен байланысы. Сюжет табу жолдары. Сюжет түрлері. Композиция. Композицияның шығармадағы реттілік үйлесім тудырушы қызметі. Эстетикалық әсері. Айшықтылығы. Қайталаулар. Өзгерте қайталау. Сарын ұғымының сюжеттік жүйедегі ролі. Сөздік сарындар. Бейнелеудің детальдық түрі. Жасыру тәсілі. Тану тәсілі. Ой астары. Ишара. Монтаж немесе ой арқылы алыстан қиыстыру. Қосымша әңгіме, логикалық шегініс, уақыт барысындағы алмастырулар.Көркем сөз бен мәтін

Стилистика. Лингвисикалық поэтика мен стилистиканың айырмашылығы. В.Виноградов: лингвистикалық және әдебиеттанушылық стилистика терминдері. Көркем сөз қабаттары: лексико-фразеологиялық амалдар, сөздік семантика, фонетикалық деңгей. Сөз әуені. Дыбыс мәні. Интонация. Дауыс ырғағы. Өлең сөз бен қара сөз. Даму жолдары. Құрылымдық, эмоционалдық ерекшеліктері. Мәтін. Текст ұғымының әр алуан мағыналары. Лингвистика мен әдебиеттану аяларындағы мәтін туралы түсініктер. Текстология ғылымы. Мәтінді семиотика және мәдениеттану тұрғысынан бағалау. Сөзсіз мәтіндер. Текс-толғамдар. М.Бахтин және Ю.Лотман пікірлері. Мәтіндегі диалогтық қатынас. Текстегі әртілділік. Мәтіннің мәдени әрі қарым-қатынас субъектісі ретіндегі маңызы. Мәтін шексіздігі (Ж.Деррида,Р.Барт) жайлы постмодернистік тұжырым.Шығармашылық әлем және әдеби болмыс. Жазу кезеңдері.

Қаламгердің еңбек тәртібіне тән еркіндік. Белгілі бір схема, ереженінің болмауы. Шығармашылық процестегі ой өзегінің ролі. Оның пайда болу, қызмет ету түрлері. Кездейсоқтық факторы. Мақсатты ізденіс. Шығармашылқ үшін жазушы өмірбаянның елеулі маңызы. Өмір материалын іздеу, табу, қоршаған ортаны, адамдарды зерттеу. Жоспар құру. Қосымша деректер жинастыру, фактілерді анықтау. Түптұлғаны таңдау, іріктеу. Әр суреткердің күй таңдау, жұмысты жүргізу, аяқтау ерекшеліктері.

Дәрісті бекіту сұрақтары:

1.Әдеби туынды. Теориялық поэтика ұғымы. Шығарма әлемі.

2. Шығарманың көркемдік әлемі қамтитын аялар.

3. Сюжет түрлері. Композиция.

4. Мәтіндегі диалогтық қатынас.

5. Лингвистика мен әдебиеттану аяларындағы мәтін туралы түсініктер.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. –М.,1975.

2.Барт Р. Избранные работы. Семиотика. Поэтика. –М.,1989.

3. Гегель В.Г. Эстетика. В.4 т. –М.,1968.

4.Жирмунский В. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. –М.,1977.

5.Мақпал Оразбек. Автор және шығармашылық процесс. –А.,2006.

6.Нұрғалиев Р. Сөз өнерінің эстетикасы. –А.,2003.

7.Поспелов Г. Теория литературы. – М.,1978.

8.Соколов А.Теория стиля. – М.,1968.

9.Тимофеев Л. Основы теории литературы. – М.,1976


13-дәріс. Әдеби тек. Эпос, лирика, драма.

Дәрістің мақсаты: Эпос, лирика, драманың шығу тегі. Тұрмыс-салт жырлары, өнердегі синкретизм. Автор сөзі. Кейіпкер сөздері мен монологтар. Уақыт межесі. Театр шарттары. Сахна талаптарының бейімделу. Актер ойыны, режиссер шешімдері. Лирика. Жекелік сана мен сезім көріністері. Көңіл күй ахуалы. Лирикалық әсер. Лирикадағы сыртқы әлем.

Тірек сөздер: Лирикалық әсер, эпос, лирика, драма, монолог, әдеби жанрлар, роман, повесть, поэма, әңгіме және новелла, лирикалық жанрлар, баллада, трагедия, драма.

Дәрістің жоспары:

  1. Эпос, лирика, драманың шығу тегі.

  2. Драма түрлдері.

  3. Жанр жіктемесінің күрделілігі.

  4. Лирика жанрлары.

Бұл ұғымының күрделі болмысы. Тарихи сипаты. Терминді анықтаудағы шартты пікірлер. Эпос, лирика, драманың шығу тегі. Тұрмыс-салт жырлары, өнердегі синкретизм. Эпос. Өткенді баяндау. Уақыт алшақтығы. Авторлық толғам. Адамның ішкі өмірі. Баяндауыш тұлғасы. Баяндауыш монолог. Драма. Эпоспен қарайластық. Әрекет құдіреті. Автор сөзі. Кейіпкер сөздері мен монологтар. Уақыт межесі. Театр шарттары. Сахна талаптарының бейімделу. Актер ойыны, режиссер шешімдері. Лирика. Жекелік сана мен сезім көріністері. Көңіл күй ахуалы. Лирикалық әсер. Лирикадағы сыртқы әлем. Шағын формалардың ұтымдылығы. Ықшамдылық. Толғану сәттері. Лирикалық экспрессияның синтаксистік-ырғақтық құрылымы. Әсер тұтастығы. Әнге ыңғайлас сипат. Шартты түрдегі қосымша әдеби тектер. Очерктер, жолжазбаларындағы шынайылылық пен автор толғаныстары. «Сана тасқынының» әдебиеті. Ой мен әсер хаосы.

Әдеби жанрлар. Роман. Повесть. Поэма. Әңгіме және новелла. Лирикалық жанрлар. Баллада. Трагедия. Драма.

Жанр жіктемесінің күрделі сипаты. Жанрды анықтайтын сапалардың неғұрлым тұрақтылығы. Жанрлық канондар. Жанрлық дәстүрлер және уақыт. Жанр мен композицияның төркіндестігі. Роман. Кең тыныстылық. «Жүрек поэзиясы» мен «тұрпайы тіршілік» (Гегель) арасындағы тартыс. Қаһарманның жан-жақтылығы (Белинский). Романдағы адам мен тағдырдың «сәйкессіздігі» (Бахтин). Повесть- аралық жанр. Повестің тарихы. Тақырыбы. Баяндау ауқымы. Мазмұн тереңдігіне мән арту. Повесть пен поэманың ұқсастығы һәм айырмашылығы. Әңгіме және новелла. Алғашқы мағыналары мен қазіргі сипаты. Әңгімедегі көлем және айтар ойдың жарасымды өрімі. Лирика жанрлары. Баллада. Баллада мен өлең сөзге құрылған мысалдың лиро-эпикалық жанрларға тән сипаты. Сюжеттегі жаңалықты тыныс пен қуатты ширығыс. Қазақ өлеңінің ұлттық болмысы. Арнау лирика, толғау лирика, баяндау лирика. Трагедиядағы жеке мүдде мен сыртқы күштердің арасындағы шешілмес қайшылық. Көне дәуір шығармаларындағы тағдыр үкімімен күрес сарыны. Кейінгі дүниелерде мистикалық сипаттың жоғалуы. Драмадағы қайшылықты тұрмыстық, қарапайым тілек-мұрат ыңғайындағы мағына алуы. Қаһарманның әлеуметтік белсенділігі. Өз дәуірінің рухани-адамгершілік мәселелерін көтеру. Шектеулі дәрежедегі, ымыраға келетін қақтығыстар. М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Т.Ахтанов т.б. туындылары. Комедияның дүниеге келуіндегі тарихи алғы шарттар. Сахна өнері, сайқымазақшылармен тығыз байланыс.

Дәрісті бекіту сұрақтары:

1.Эпос, лирика, драманың шығу тегі.

2.Драма түрлдері.

3.Жанр жіктемесінің күрделілігі.

4.Лирика жанрлары.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. –М.,1975.

2.Барт Р. Избранные работы. Семиотика. Поэтика. –М.,1989.

3. Гегель В.Г. Эстетика. В.4 т. –М.,1968.

4.Жирмунский В. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. –М.,1977.

5.Мақпал Оразбек. Автор және шығармашылық процесс. –А.,2006.

6.Нұрғалиев Р. Сөз өнерінің эстетикасы. –А.,2003.

7.Поспелов Г. Теория литературы. – М.,1978.

8.Соколов А.Теория стиля. – М.,1968.

9.Тимофеев Л. Основы теории литературы. – М.,1976


14-дәріс. Әдеби процесс. Көркемдік бағыт. Көркемдік әдіс. Стиль.

Дәрістің мақсаты: Әдеби процесс. Бұл ұғымның әлемдік ауқымы. Көркемдік даму заңдылықтары. Көркемдік бағыт. Әдіс пен бағытты тудыратын объективті және субъективті факторлар. Көркемдік бағыттардың уақыт жағынан еркіндігі, әртүрлі деңгейде қайталанып отыруы. Көркемдік әдіс.

Тірек сөздер: Көркемдік әдіс, бағыт, жазушы дүниетанымы, стильдік принциптер, тарихи көзқарас.

Дәрістің жоспары:

  1. Әдеби процесс.

  2. Көркемдік бағы

  3. Көркемдік бағы

  4. Стильдік принциптер.

Әдеби процесс. Бұл ұғымның әлемдік ауқымы. Көркемдік даму заңдылықтары. Көркемдік бағыт. Әдіс пен бағытты тудыратын объективті және субъективті факторлар. Көркемдік бағыттардың уақыт жағынан еркіндігі, әртүрлі деңгейде қайталанып отыруы. Көркемдік әдіс. Көркмдік әдісті анықтаудағы өмір шындығы, жазушы дүниетанымы, көркемдік ойлау жүйесінің маңызы. Негізгі шарт- идеялық-эстетикалық мәселелер бірлігі. Көркемдік әдістің ойлау типі тұрғысынан жіктелісі: реализм және романтизм. Стиль. Суреткер талантының даралығына хас белгілер. Стиль – көркем форманың қасиеті. Стильдік принциптер.Көркемдік тәжірибе. Дәстүр және жаңашылдық



Алғашқы өнер туындыларындағы шынайылықтың өзгеше бітімі. Гуманистік реализм. Көне дәуір өнеріндегі мифологияның басым қызметі. Антикалық реализм. Орта ғасыр. Қоғам мен салт-санадағы шектелушілік. Қасіретті адам. Бойкүйездік. Орта ғасырлық символизм. Ояну дәуірінде әлеуметтік және рухани өмірдегі батыл серпілістердің ізгілік мұраттарын қалыптастырудағы мәні. Дара тұлға. Мінез бен әрекет. Тарихи көзқарас. Қайта өрлеу дәуірінің реализмі. Баракко, ояну дәуірінің дағдарысын жинақтау. XII ғ. абсолюттік монархия тәртіптері. Классицизм қағидалары: әсіре асқақтық, үш бірлік ұстанымдары. Шынайы өмірден алшақтау. XVIII ғасырда іргесі қалана бастаған ағартушылық реализм. Білім, парасатты дәріптеу. Тәрбиелік рухтағы романдар. Сентиментализмнің осы бағытпен байланысы. Романтизм -әрі әдеби бағыт, әрі көркемдік әдіс. Феодалдық дүниетанымға қарсылық. Айрықша жағдай, мінездер. Сезімшілдік. Сыншыл реализмнің өмір шындығын қамтудағы мүмкіндіктері. Талдау рухы. Әлеуметтік ұстанымдарының беріктігі. «Кішкене адам» мәселесі. Бейнелеу объектісінің кеңдігі. Ұлттық әдебиетіміздің даму, қалыптасу ерекшеліктері. Батыс еуропа әдебиеті мен қазақ әдебиеті тарихындағы ортақ жағдаяттар мен өзгешеліктер. Социалистік реализм аталатын тұтас әдеби дәуірге шынайы көзқарас. Арзан ұраншылдық пен талантты дүниелердегі айырмашылық. Қазіргі кезеңдегі мифологиялық реализм аталатын бағыттың қыр-сыры. Г.Маркес, А.Карпентьер, М. Астуриас, М.Льоса, т.б. Қазіргі терминология бойынша реализмге жатпайтын әдеби бағыт, бағдарлар. Натурализмнің философиялық негізі – позитивизм. Тәжірибе, ғылыми дәлелділікті ұнатудың себептері. Э.Золяның «Тәжірибелік роман» теориясы. Модернизм ұғымындағы әдебиетке жататын экспрессионизм, символизм, футуризм, сюррерализм, абстракционизм, т.б. тенденциялар. Символизмнің үздік өкілдері: Дж. Джойс, Ф.Кафка, А.Камю, Ж-П-Сартр, А.Сент-Экзюпери сияқты дара талант иелерінің көркемдік ізденістеріндегі ой ағымын жеткізу, адамның жан дүниесін бедерлеудегі, уақыт пен кеңістік диалектикасын игерудегі табыстары. Модернистік дүниетанымы. Ағайынды Гонкурлер мен Э.Золяның импрессионистік қиялдары. Көру, сезіну , оны жеткізудегі қаламгердің өз табиғатына адалдығы. Тек қана суреттеу, бірақ баға бермеу идеясы. Поль Верлен әуезділік туралы. Рене Гильдің еркін өлеңді қолдауы. Символизммен туыстық. Ішкі монологтың (Э.Дюжарден), «сана тасқынының» (М.Пруст) имперессионизм эстетикасының өрбуі. Жан тарихы. Даралық сапалар, көріністерді іздеу. Естілік, әсерлер толқыны. Субъективтілікті дәріптеуші кубизммен (Г.Апполинер) үндестік. Интуитивизм мен фрейдизм және романтизм мен символизм эстетикасынан өріс алған сюрреализм. Өмір шындығы емес, оны көру шындығының маңызы. 1924 жылғы «Сюрреализм» журналындағы манифест. П.Элюар үшін «сапырылыс пен ойсыздықтың» «ақиқаттығы» (А.Бретон). Екінші манифест (1929). Революциялар мен «ғажайыптарға» ғашықтық аңсары. Лирика-негізгі жанр. Антироман өкілдерінің (Ф.Соллерс) сюрреализммен тамырластығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет