Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары І нұсқа



бет22/47
Дата19.02.2024
өлшемі427.27 Kb.
#492408
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47
5-сынып емтихан

Бағалау критерийі

  • берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беріп, шағын диалогке қатыса алады;

  • эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазады;

  • мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата біледі, жалғау түрлерін дұрыс жалғай алады.

Тыңдалым.
Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыздар.
1. Абай қай шығармасына ән шығарған?
а) «Болыс болдым мінеки»
ә) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
б) «Қараңғы түнде тау қалғып»
в) «Интернатта оқып жүр»
2. Абай неше жасында орыс тілін үйрене бастады?
а) 5 жасында
ә) 9 жасында
б) 13 жасында
в) 3 жасында
3. Абай қазақ халқын ... болуға шақырды.
а) көңілді
ә) надан
б) мәдениетті
в) малды
4. Абайдың әкесі қандай адам болған?
а) күлегеш
ә) қатал
б) жұмсақ
в) ақын
5. Абайға аңыз әңгімелерді кім айтқан?
а) Досы Ербол
ә) Әкесі Құнанбай
б) шешесі Ұлжан
в) көршілері
Оқылым.
Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Жылқы - көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы жануар.Қысы-жазы өз аяғынан жайылады,оның азығы өзге малдардан әлдеқайда асыл. Сол себепті оның еті де, сүті де, денсаулыққа шипалы екені ерте кезден-ақ белгілі. Қазақтың ұғымынша жылқы еті жақпаған ауру адам өледі.
Жылқы етінің өзіне тән ерекшелігі сол, оны қанша жесең де күшті болмайсың,тез сіңеді;сорпасының бетіне шыққан майы қанша суық болса да қатпай, тек тобарсып қана тұрады; қымызын қанша ішсең де сіңе береді. Туа сала шешесі өлген сәбиді жылқы сүтімен асырайды, өйткені қазақ ұғымында ол «адамнын сүтімен бірдей».
Қымыз өз бетімен ашиды,сондықтан да ислам дінінің шартымен ораза ұстаған адамдар ауыз ашу үшін ең алдымен тұз, кепкен жеміс сияқтылардың дәмін татады немесе аздап қымыз ішеді.
Жылқы тамағының мұндай ерекше болуы жылқының оты мен суына байланысты. Жылқы кез-келген шөпті жемейді,иіскеп ,таңдап жейді. Басқа мал түлігі жайылған жерге,басқа малдың аузы тиген шөпке жылқы жоламайды.Өзге мал сораптай беретін лай суды ол татпайды.Жылқы судың тұнық,таза жерінен ғана ішеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет