20 – нұсқа
Оқу мақсаты:
5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу
5.4.2.1эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу
5.5.1.1 мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау
Бағалау критерийі
Тыңдалым
Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыздар.
1. Абайдың әкесі қандай адам болған?
а) күлегеш
ә) қатал
б) жұмсақ
в) ақын
2. Абайға аңыз әңгімелерді кім айтқан?
а) Досы Ербол
ә) Әкесі Құнанбай
б) шешесі Ұлжан
в) көршілері
3. Абай қай шығармасына ән шығарған?
а) «Болыс болдым мінеки»
ә) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
б) «Қараңғы түнде тау қалғып»
в) «Интернатта оқып жүр»
4. Абай неше жасында орыс тілін үйрене бастады?
а) 5 жасында
ә) 9 жасында
б) 13 жасында
в) 3 жасында
5. Абай қазақ халқын ... болуға шақырды.
а) көңілді
ә) надан
б) мәдениетті
в) малды
Оқылым.
Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Отырар – қазақ халқының ең көне қалаларының бірі. Ежелде Отырар қаласының орнында Фараб атты үлкен қоныс болған. «Фараб»- сөзі «сулы қоныс» деген мағынаны білдіреді,себебі шаһар Арыс пен Сырдария өзендерінің қосылған тұсында орналасқан еді. Ежелгі Отырар немесе Фараб қаласының орны қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының түстік батысында жатыр.
Отырар орнында бұл күндері басы бүтін жалғыз қалған құрылыс –
Арыстан баб ғимараты. Алғашқы көне дәуірдегі ескерткіш қираған соң,
оның орнына салынған ортағасырлық әсем өрнекті ғимарат. Арыстан
баб- Отырар жеріне алғаш келген білімпаздардың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |