Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт республикалық жобасының ТҰжырымдамасы нұр-Сұлтан қаласы – 2022 жыл



бет1/4
Дата09.10.2023
өлшемі243.32 Kb.
#480178
  1   2   3   4
«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» тұжырымдамасы (11.03.2022)


«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасының ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Нұр-Сұлтан қаласы – 2022 жыл
2021 жылғы 21 қазанда ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы - Қ.К. Токаевтың тапсырмасы
2021 жылғы 21 қазандағы Қазақстан халқы Асссамблеясы Кеңесі хаттамасының 2 - тарауы 1-тармағы 3 -тармақшасы
«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын ұйымдастыру
Қызмет бағыты:
1.«Еліне азамат тәрбиелеген отбасы»;
2.«Бақытты ана – бақытты отбасы»;
3. «Тұғырлы отбасы – бақытты балалық шақтың бастауы»;
4. «Жақсылыққа жетелейтін жандар»
Негіздеме
2
Мақсаты мен міндеті
Жобаның мақсаты:
    • Қоғамда әйел мен ананың рөлін, отбасы құндылықтары мен отбасы институтының маңыздылығын, сондай-ақ жастар мен болашақ ұрпақты рухани-адамгершілік пен патриоттық тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлін арттыру.

    • Міндеттері:
    • жас ұрпақтың қоғамдық санасын жаңғырту негізінде ұлттық мәдениет пен үздік дәстүрлерді және сабақтастықты сақтауға жағдайлар жасау;
    • жастарды этносаралық келісімді, толерантты қарым-қатынастарды ілгерілетуге, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және нығайтуға тарту;
    • қоғамдық, саяси, әлеуметтік, іскерлік және басқа да салаларда аналардың әлеуетін іске асыру үшін жағдайлар жасау;
    • аналар үшін қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдай жасауға көмектесу;
    • аналарға, әйелдерге қатысты кемсітушілікке жол бермеу және олардың мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәселелерді түсіндіруге көмектесу.

3
1 – бағыт
Тақырып: «Еліне азамат тәрбиелеген отбасы»
Мақсатты аудитория:
Жұртшылық, мүдделі мемлекеттік органдар (білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салалары) және әлеуметтік-мәдени бағытта жұмыс істейтін азаматтық қоғам өкілдері. Әр түрлі санаттағы және әр түрлі жастағы балалар мен жастар.
Акторлар:
Әр түрлі салада балалары табысқа қол жеткізген отбасылар, ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың мүшелерін тарта отырып, ұйымдастырушылық қолдаумен өңірлік ішкі саясат басқармалары, жастар саясаты мәселелері жөніндегі жастар ресурстық орталықтары тарапынан, сондай-ақ ҮЕҰ.
Іске асыру форматы мен тетігі:
Бекітілген кестеге сәйкес оқу орындарының базасында (аула клубтарының және басқа да қоғамдық орындарда) шешендік қабілеті дамыған әйелдердің қатысуымен (аналар кеңесі көшбасшыларының қатарынан және т.б.) (кездесулер сериясын, диалог сессияларын және бейресми алаңдарды), оның ішінде NEET санатындағы жұмыссыз және жұмыс істейтін жастарға ерекше назар аудара отырып, жас ұрпақтың бойында рухани тәрбие мен жан-жақты даму, оның ішінде Отанға және туған жерге деген махаббат пен жоғары патриоттық сананы қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет