Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары І нұсқа



бет6/47
Дата19.02.2024
өлшемі427.27 Kb.
#492408
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
5-сынып емтихан

V нұсқа
Оқу мақсаты:
5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу
5.4.2.1эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу
5.5.1.1 мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау
Бағалау критерийі

  • берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беріп, шағын диалогке қатыса алады;

  • эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазады;

  • мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата біледі, жалғау түрлерін дұрыс жалғай алады.

Тыңдалым.
Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыздар.
1. Абай шығармалары қашан басылып шықты?
а) 1904 жылы
ә) 1909 жылы
б) 1924 жылы
в) 1945 жылы
2. Мәтін бойынша, Абай: «Орыс тілі – ... », - дейді.
а) дүниенің рахаты
ә) дүниенің сыры
б) дүниенің кілті
в) дүниенің алтыны
3. Абайдың шын аты кім?
а) Мұхамедқанафия
ә) Алауадин
б) ИбраҺим
в) Телқара
4. Абай кімдердің шығармаларын қазақ тіліне аударған?
а) Достоевский, Куприн
ә) Крылов, Лермонтов
б) Пушкин, Есенин
в) Тютчев, Бунин
5. Абай кім?
а) қазақ халқының ұлы ғалымы
ә) қазақ халқының тарихшысы
б) қазақ халқының жазба әдебиетін қалаушы
в) қазақ халқының этнографы
Оқылым.
Мәтінді оқы.Берілген тест тапсырмаларды орындаңыз.
Компьютер
Біз үстел үстілік компьютерлерді жұмыста, үйде, мектепте, кітапханада және тағы басқа жерлерде қолданамыз. Олар кішкентай, орташа, үлкен бола алады және әдетте үстел үстінде тұрады. Ол пернетақта, тінтуір, монитор және жүйелік блоктан тұрады.
Көптеген үстел үстілік компьютерлерді жаңарту, жетілдіру немесе ішіне жаңа бөлшектер салу оңай. Үстел үстілік компьютерлердің тағы бір артықшылығы – бұл олардың бағасы. Егер қызметі жағынан бірдей болатын үстел үстілік компьютер мен ноутбукты салыстыратын болсаңыз, бағасы жағынан үстелік үстілік компьютер арзанырақ болатынын байқайсыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет