Тапсырма: Әбіш Жиреншин



бет1/5
Дата29.02.2024
өлшемі368.74 Kb.
#493222
түріБиография
  1   2   3   4   5
Жиреншин


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті


СӨЖ

Тапсырма: Әбіш Жиреншин


Орындаған: Курбанбаева Фариза
Тексерген: .Мухатаева Қоңыр
Жоспар:
1.Әбіш Жиреншин биографиясы.
2.Әбіш Жиреншиннің отбасы, оның отбасылық жағдайы.
3.Әбіш Жиреншин туралы қызықты 12 дерек.
4.Қазақ Кітабы Тарихынан. Әбіш Қазақ Кітабының Жанашыр
5.Бекмаханов ісі және Ә.Жиреншин.
6. Абайтанудың Әбіші.


Әбіш Жиреншин Мұсылманқұлұлы
Әбіш Жиреншин Мұсылманқұлұлы 1913-жылы 31-желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Ташкенттегі Орта Азия университетін, Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет инситутын бітірген. Кеңестік қазақ әдебиетінің жазушысы, журналисті, қазақ библографиясының негізін салушылардың бірі. Сонымен қатар Абай Құнанбаев шығармаларын алғаш зерттеушілердің бірі. Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 1942-1951 жылдары Қазақстан Орталық мұражайының бірінші директоры қызметін атқарды. 1951-1953 жылдары репрессияға ұшырап, 1954 жылы ақталды. 1954 жылдан бастап Алматы облыстық кітапханасының директоры, кейін Республикалық кітап саудасы бірлестігінің директоры, Мәдениет министрлігінің алқа мүшесі болып қызмет етті. Жиреншін Әбіш – қазақ кітаптану ғылымының негізін салушы, Абай Құнанбаев шығармашылығын алғашқы зерттеушілердің бірі. Жиреншин баспа ісі мен мұражай ісін дамытуға зор үлес қосты, қазақ халқының этнографиясына қатысты материалдар жинап, еліміздегі кітапхана ісін қайта дамытуға үлес қосты. 1948 жылы ғалым-тарихшы Е.Б.Бекмахановты қорғап сөз сөйледі. 1957-1958 жылдары 30-жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтің, Б.Майлиннің өмірбаяндарын жазды. Тұңғыш қазақ энциклопедиясын жасауға белсене қатысты. Жиреншиннің «Абай және оның орыс достары», «Абай – қазақ халқының ұлы ойшылы», «Абай және орыстың ұлы демократтары» атты ғылыми зерттеулері, «Абай Құнанбаев» шығармаларының 1-томдық толық жинағы, «Қазақ Тарихының монографиясы» кітабы жарық көрді.
Әбіш (Әбусағит) Мұсылманқұлұлы – М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында жас Абайдың үлгі тұтар ұстазы, халық даналығының үлгісі ретінде сипатталған Жиренше бидің немересі.
Қайраткерлік Әбіштің ата тегінде, қанында бар нәрсе десек, артық айтқандық бола қоймас. «Абай жолы» эпопеясынан жұртқа белгілі Жиренше би Шоқаұлы (1834-1915) көп жылдар Абаймен дос болған. Ол Абай Оразбай, Күнту, Бөжейлермен жауласқанда солардың жағына шығып кетіпті. Басында Жиренше мен Оразбайдың шешен, би санатында билікке, ел сөзіне араласуына Абайдың өзі себепші болса керек. Әкесі Құнанбайдың оң қолы болған жігіт шағында екеуі үнемі Абайдың қасына еріп жүріпті.
Ол атақты Құнанбайдың замандасы және сол уақыттың өте беделді адамдарының қатарынан орын алған көрнекті тұлға еді. Оған дәлел, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында Жиренше бидің бірнеше жерде халық даналығының үлгісіндей болып аталатындығы. Сондай-ақ, анасы Ұмыттық Тобықты еліндегі Кеңгірбай биден тараған ұрпақ болатын. Яғни, нағашысының өзі текті Тобықтының ішінде Жігітек деген ел болады.
Әбусағиттың әкесі Мұсылманқұлдың өзі – көзі тірісінде Абайды, Шәкерімді көріп, Мұхтар Әуезовпен сұхбаттасқан адам. Мәселен, Абайды зерттеп жүргенде Мұхтар Омарханұлы Мұсылманқұлдан ұзақ отырып, ертеректегі қазақ қауымының қарым-қатынасын, Құнанбай, Абай және тағы басқалары туралы сұрастырып білген ақсақалдарының бірі осы кісі еді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет