«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен КҮнтізбелік- тақырыптық жоспар



бет1/9
Дата13.10.2023
өлшемі61.93 Kb.
#480648
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
5сынып КТЖ


«Бекітемін» «Келісемін» Әдістемелік бірлестік
Мектеп директоры Директордың оқу ісі отырысында қаралып,
_______ жөніндегі орынбасары бекітілуге ұсынылды.
« » ______ 2023 ж. ________ Хаттама № 1 « » 2023 ж.
Бірлестік жетекшісі
« » ______ 2023 ж. _______

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен
КҮНТІЗБЕЛІК- ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
2020/2021 оқу жылы

Пән мұғалімі :
Мектеп:
Сынып: 5 « »
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29767 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» және ҚР БҒМ 2019 жылы 26 шілдедегі №334 бұйрығымен бекітілген «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
2023-2024 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің негізгі және жалпы орта білім беру бойынша Әдістемелік нұсқау хат негізінде, 6 сәуір 2020 жылғы №130 бұйрық және 30 қыркүйек 2022 жылғы № 415 бұйрық басшылыққа алынды.
Түсінік хат


«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі мектептерде ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары туралы өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады және олардың жүйесі бірізді, оңайдан қиынға қарай, шиыршық принципі сақталып жасалған:

  1. Тыңдалым және айтылым;

  2. оқылым;

  3. жазылым;

  4. әдеби тіл нормаларын сақтау.

«Қазақ тілі» пәнінің 5-сыныптағы базалық мазмұны бойынша білім алушылар:
1) тыңдалым және айтылым: тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды; негізгі ойды анықтайды; негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды; қыстырма, қаратпа, одағай сөздер арқылы өз ойын білдіре алады;
2) оқылым: мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді; лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтін арқылы таниды; хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы, жанрлық ерекшеліктерін, ауызекі сөйлеу стиліндегі мәтіндер; оқылым стратегияларын қолданып, қажетті ақапаратты таба біледі;
3) жазылым: мәтін бөлімдеріне (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) жоспар құруды; хат, хабарлама, жарнаманы жанрлық ерекшеліктеріне сай етіп жазуды; сюжетті суреттер негізінде әңгіме жазуды; эссенің бөлімдерін меңгеруді (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды); мекен мен оқиғаны сипаттайтын не суреттейтін эссе жазуды үйренеді.
4) әдеби тіл нормалары бойынша білім алушылар:
1) орфографиялық норма бойынша қазақ тілінің дыбыстар жүйесі; үндестік заңы; емле заңдылықтарын үйренеді;
2) орфоэпиялық норма бойынша ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал түрлерін ажырата алады;
3) лексикалық норма бойынша сөздердің тура және ауыспалы мағынасын, көп мағыналы сөздер мен синоноим, омоним, антоним туралы білімдерін кеңейтеді;
4) грамматикалық норма бойынша туынды сөздер; күрделі сөздер: зат есімнің мағыналық түрлерін; сын есім, шырай категориясы; сан есім, мағыналық түрлерін; төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі туралы білімдерін кеңейтеді;
5) пунктуациялық норма бойынша төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдануды үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет