«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 8-сынып



бет13/13
Дата15.02.2024
өлшемі188.13 Kb.
#491868
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Тжб 8- сынып

Жазылым


Берілген тақырыптың бірін таңдап, интервью жазыңыз. Жазба жұмысында себеп-салдар, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз. Сөз саны: 160-170.


[10]
Ғарышкерлер мерекесі қарсаңында сіздің мектебіңізде қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровпен кездесу ұйымдастырылады. Сол кездесуде, сізге, мектеп газетінің тілшісі ретінде ғарышкермен интервью жүргізу тапсырылды. Интервьюде оқылым мәтініндегі ақпараттарды перифраздап қолданып, өз ойыңызбен дамытып, интервью жазыңыз.

Айтылым


Бір сұраққа таңдау жасап, сол бойынша өз ойыңыз бен пікіріңізді білдіріп, дәлелді сөйлеңіз. Жұбыңыздың тақырыбы бойынша сөйлеген сөзін мұқият тыңдап, айтылған ақпарат бойынша 1 ашық сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың қойған сұрағына дәлелді әрі толық жауап беріңіз.
[10]



  1. «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!» бөлімі

А) Үштілді ұрпақ тәрбиелеудің еліміздің болашағындағы рөлі қандай? В) Сіздің болашақта еліңіз із үшін қандай пайдалы іс жасайсыз?



  1. «Қазақтың айтыс өнері мен сөз мәдениеті» бөлімі

А) Айтыс өнерінің қоғамдағы маңызы мәселелерді шешуде ықпалы қандай? В) Айтыс өнерін қалай насихаттауға болады?



  1. «Қазақстан - Байқоңыр-Ғарыш» бөлімі

А) Байқоңыр ғарыш айлағын Ресейге жалға берудің еліміз үшін маңызы қандай?
В) Қазақстандық ғарышкерлердің ғарыш саласындағы жетістіктерінің маңызы қандай?

Балл қою кестесі


Тыңдалым, оқылым



Тапсырма

Жауабы

Балл

Қосымша ақпарат

Тыңдалым

1-2

А) Біржан мен Сара айтысында ежелгі қазақ қоғамындағы қазақ әйелдерінің еркіндігі, адамгершілік, шындық мәселелері көтерілді.
В) Біржан сал Жетісуға арнайы Сараны жеңемін деген мақсатпен келеді.

1
1

Әр дұрыс жауапқа 1 балдан

3

  1. с

  2. а

  3. в

1

Кем дегенде 2 немесе 3 жауап дұрыс
көрсетілсе, 1 балл беріледі

4-5

А) өздерінің руларының жақсы- жайсаңдарының
В) 19 ғасырдағы

1

1


Әр дұрыс жауапқа 1 балдан

Оқылым

1

хабарлау-мәлімдеу барлық-бүкіл

1

Екі дұрыс жауапқа 1 балл

2

А,В-шын

2

Әр дұрыс жауапқа 1 балдан

3-4

А) Кеңес Одағының Батыры
В) Туған халқының арманын орындау үшін

1
1

Жазылым


Балл

Мазмұны (5 балл)

Тіл сапасы (5 балл)

5

Өте жақсы
Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Мәтіндегі бірнеше ақпараттарды өте жақсы перифраздап, өз ойымен жүйелі байланыстырып қолданады. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Өте жақсы
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.
Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4


Жақсы
Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Мәтіндегі бірнеше ақпараттарды жақсы перифраздап, өз ойымен байланыстырып қолданады. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.

Жақсы
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.
Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

3


Қанағаттанарлық
Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға

Қанағаттанарлық
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер




тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Мәтіндегі кейбір ақпараттарды перифраздап, өз ойымен байланыстырып беруге тырысады. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

жібереді.
Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

2

Төмен
Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Мәтіндегі ақпараттарды перифраздап беруі, өз ойымен байланыстырып қолдануы төмен. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Төмен
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп
болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.

1

Өте төмен
Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Мәтіндегі ақпараттарды перифраздауы, өз ойымен байланыстырып қолдануы өте төмен. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі.

Өте төмен
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.

Айтылым


Балл

Негізгі ойды ашуы (5 балл)

Сөз қолданысы (5 балл)

5

Өте жақсы
Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.

Өте жақсы
Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Жақсы
Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.

Жақсы
Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.

3

Қанағаттанарлық
Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.

Қанағаттанарлық
Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.
Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.

2


Төмен
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде

Төмен
Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.




қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

1

Өте төмен
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.

Өте төмен
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.
Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет