Березовск селолық округі әкімінің 2012 жылғы есеп беру кездесуінде селолық округтің ТҰРҒындары алдында есеп беруі



жүктеу 74.17 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі74.17 Kb.
БЕРЕЗОВСК СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ

2012 ЖЫЛҒЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІНДЕ

СЕЛОЛЫҚ ОКРУГТІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АЛДЫНДА

ЕСЕП БЕРУІ

Құрметті село тұрғындары!

Қзақстан Республикасы Президентінің бастамасымен барлық деңгейде Әкімдердің халық алдында есеп беруі дәстүрге айналды.

2011 жыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Еліміздің негізгі мейрамын екі ондық бұрын еліміздің дамуындағы табысты да жігерлі жолдар айқындап берген жаһандық өзгерістерді мойындай отырып отанға деген ерекше мақтаныш сезіммен қарсы алдық.

Қазақстанда Тәуелсіз жылдарда саяси шешімдерді жүзеге асыру мен қабылдаудың тұрақты жүйесі құрылған, демократиялық институттар нығайтылып, азаматтық қоғам дамуда. Республиканың суверенитеті халықаралық дәрежеде танылған, оның беделі аймақтық және дүниежүзілік масштабта жылдан жылға жоғарылауда.

Еліміздің негізгі мерекесін мейрамдау барысында бүкіл Қазақстан бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған қайырымдылық акциялары өткізілуде.

Селолық округтің тұрғындары, кәсіпкерлер мен ұстаздар «20 жарқын іс» акциясына қатысып, 1 мил.13 мың 600 теңге сомасында 24 іс жасалынды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне «Агро-Алтай» ЖШС механизаторы Серғазы Анерұлы Құрмамбаев пен «Тегерек» шаруа қожалығының бастығы Владимир Александрович Силин мемлекеттік наградалармен марапатталды.

2011 жылдың қаңтар айындағы жиында Березовск селолық округі әкіміне төмендегі сұрақтар қойылды:



«Қаратай» ш/қ жылқыларын жаю орындарын анықтау - Б.К.Имамбаевқа Березовск селосы аумағынан атжарысы базасының жанынан 16,87 га көлемінде жер телімі бөлініп берілген, жер телімі қоршалған, онда өскін шөптер өсуде. Ш/қ тиесілі ауылшаруашылық малдары ш/қ жерінде жайылыуы керек.

«Тегерек» ш/қ малдар ауласын село шетіне орналастыру - «Тегерек» ш/қ малдар ауласы аталмыш қожалыққа тиесілі жерде орналасқан. Зырян ауданы ДҚСЭҚ басқармасы жағынан ескертулер жоқ.

Маяк селосын сумен қамтамасыз ету желісін ҚӨ «Су Арнасы» коммуналдық меншігіне беру - «ТКШ және автомобильді жолдар бөліміне» ММ төлқұжаттандыру мен инвентаризациялауды жұмыс жоспарына енгізу туралы өтініш айтылған хат жіберілді. 2011 жылға төлқұжаттандыру мен инвентаризациялау жұмыстарын жүргізуге ақшалай қаражат бөлінбегені жөнінде жауап алынды.

Аудан орталығынан Подорленок селосына автобус қозғалысын ұйымдастыру –

26 наурызда Аудан орталығы – Подорленок с. жолаушыларды тасымалдау бойынша

маршрут ашылды. 25 шілдеде жолаушылардың аздығына байланысты автобус маршруты қозғалысы тоқтатылды. Бір-екі адам ғана жүреді.

Подорловск ТОМ ыстық тамақпен тамақтандыруды ұйымдастыру – асхана өз жұмысын 2011 жылдың қазанына бастады.

Зырян-Подорленок жолдарына бірқатар жөндеу жұмыстарын жүргізу - бөлінген қаражат шегінде жазғы жолдарды жөндеу жұмыстары атқарылды.

Подорловск ТОМ оқушыларын «Орел» таушаңғысы комплексіне апаруды ұйымдастыру - 2011 жылдың ақпанында «Орел» таушаңғысы комплексіне оқушылар апарылды.

Восточное селосының кіреберіс жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу - бөлінген қаражат шегінде жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Восточное селосында үш қоғамдық суқұбырлары колонкаларын орнату - 2011 жылдың 11 тамызында «ТКШ» ММ өкілдері мен селолық округтің әкімі бірлесе отырып Восточное с. тұрғындарының ауласындағы құдықтар мен колонкаларды анықтау мақсатында үй-үйді аралап шықты. Селода 25 аулада 15 суменқамтамасыз ету көздері (құдықтар, колонкалар) бар, соның ішінде үшеуі істен шыққан. Барлық көздер жеке аумақта орналасқан. Сонымен қатар тұрғындардың сукөздері аймағынн сәулеттендіру мен қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізбейтіні анықталды. Селода қоғамдық суқұбырларын орнату мүмкіндіктері жоқ.

Округ селоларында жылсайын Әкімнің тұрғындар алдында есеп беруі мен жиындар өткізіледі. 2011 жылы Маяк, Березовск, Восточное және Подорленок селоларында селолық округі Әкімінің есеп беру кездесулері өткізілді. 2011 жылға барлығы 10 жиын және 4 есеп беру кездесуі өткізілді.

2011 жылы селолық округі әкімімен – 78 құқықтық акті қабылданды. Қабылданған өкім мен шешім сапасы бойынша ескертулер жоқ, құқықтық акті бойынша прокуратурадан қарсылық білдіргендер жоқ.

Селолық округ тұрғындарының саны 1766 адам тіркеуде, 1557 адам нақты түрде өмір сүруде.

01.01.2012 жылға ірі қара мал басының саны 707 басты (сиыр 352) құрайды, ш/қ 139 бас (сиыр 57), тұрғындарда қой – ешкі 603 бас, ш/қ қой-ешкі (294) бас, шошқа 648 бас, тұрғындар жылқылары 178 бас, ш/қ жылқылар саны 264 бас, әртүрлі құстар 2665 бас.

Селолық округ аумағында құрамында 53 адам жұмысшылар саны бар 14 –шаруақожалығы мен 70 адам санымен 5- ЖШС тіркелген. Шаруақожалықтары мен ЖШС өсімдік өсірумен және мал өсірумен айналысады.

2011 жылғы орташа астық өнімділігі: дәнді дақылдар – 16 ц/га қайта әзірлеуден кейін, күнбағыс – 10 ц/га қайта әзірлеуден кейін.

2012 жылға 425 га күздік қара бидай, 518 га бидай өнімі себілген.

2011 жылға ауылшаруашылық өнімнің көлемі 786300 мың. теңгені құрайды.

Селолық округ бойынша орташа айлық жұмыс ақысы 33000 теңгені құрайды.

Березовск селосының «Луч» шаруақожалығында 8 адам жұмыс жасайтын өсімдік өнімдерін өндіретін цех жұмыс жасап тұр.

Шаруа қожалықтар дамытылуда, жаңа ауылшаруашылық техникалар сатылып алыныуда.

Березовск селолық округінде 5 сауда объектілері бар.

Маяк селоосында құрамында 92 адам оқитын Орта мектеп бар. 2011 жылы жылыту жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді, мектеп дәліздеріне жаңа линолеум төселініп және шатыры жөнделінді. Демалыс уақыттарында жұмыс жасайтын шағын орталық ашылды.

Подорленок селосында 40 адам оқитын толық емес орта мектебі бар. Мектепке косметикалық жөндеу өткізілді. Шағын орталықты ұйымдастыру бойынша 322 мың теңге бөлінді, өз жұмысын 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастады.

Маяк селосы мектебі толық көлемде жанар-жағармаймен қамтамасыз етілген.

Маяк селосында клуб жұмыс жасауда, бюджеттен электрлі жылытқыш пеш орнатуға және жұмысшыларға еңбекақы төлеуге қаражат бөлінді. Құрал- жабдықпен қамтамасыз ету бюджет шегімен іске асырылады. Клубта үйірмелер жұмыс жасайды.

2011 жылы жергілікті бюджет есебінен 329250 теңге сомасында кітапханалар қоры 504 данаға толықтырылды.

2011 жылдың 10 айғы қорытындысы бойынша арнайы тіркелген жұмыссыздардың саны 2 адам, өткен жылмен салыстырғанда 13 адамға азайған.

Жұмыспен қамтамасыз ету органдарына жұмысқа тұру сұрақтары бойынша өтініш білдіргендер саны 25 адам, 2010 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда өтініш берушілердің саны 1 адамға көбейген.

Жұмыспен қамтамасыз ету органы арқылы 2011 жылы жұмысқа орналасқандар саны- 12 адам.

Өткен кезеңің қоғамдық жұмысқа 11 жұмыссыз адам қатысты, 3 адам арнайы тексеруден өткізілді.

2011 жылға 1 тұрғылықты іс ресімделді.

ӘӘК, 5 жанұяға балалар жәрдемақысы төленді .

3 зейнеткерге материалды көмек көрсетілді.

2011 жылға «Березовск селолық округінің әкім аппаратына» ММ жеке тұлғалардан 23 жазбаша үндеулер, заңды тұлғалардан 2 жазбаша үндеулер келіп түсті. Барлығына заңнамамен белгіленген мерзімде жауаптар берілді.

2011 жылы мемлекеттік бюджеттке кіруге 496308 теңгені құрайды.

Салық және басқа да бюджет төлемдері 100% жиналды.

Селолық округ аумағында «Березовск селолық округі әкім аппаратының» ММ мамандары мен Зырян ауданы салық комитеті өкілдері бірлесе отырып шаруа қожалықтарға, ЖШС, сауда объектілеріне және жеке аулаларға бюджетке салық төлемдерінің түсуін арттыру мақсатында рейд жүргізіледі.

2011 жылы «Қаладағы аудан, аудан маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтерде автомобильді жолдардың жұмыс істеуін қаматамасыз ету» Бағдарламасы бойынша Восточное, Алтынсай, Подорленок селоларының кіреберісіне дейін жолдарды тазалауға 2080 мың теңге бөлінді.Маяк селосының мектебіне және зиратқа дейін, Подорленок с. мектебінің кіреберісіне дейін жол тазалау жұмыстары әлі де жалғасуда.

«Ауылдық( селолық) жерден оқушыларды мектепке дейін және кері жеткізуді тегін ұйымдастыру» Бағдарламасы бойынша 1118 мың теңге бөлінді. Восточное және Алтынсай селолары оқушыларын Зырян қаласы мектептеріне дейін жеткізу іске асырылуда. Ландман селосы оқушыларын Малеевка селосы мектебіне дейін жеткізу іске асырылуда. Ақшалай қаражат толығымен жұмсалынды.

Барлық Бағдарламалар бойынша баға ұсыныстарының негізінде келісімшарттар жасалынған.

2011 жылға «Березовск селолық округі әкім аппаратының» ММ бас маманымен 17 нотариалды әрекеттер жасалынды. 2402 теңге мемлекеттік салық жиналды.

Мал дәрігері бас маманымен Березовск селолық округі бойынша ауылшаруашылық малдарының теңестіру базасы жүргізілуде. « Мемтапсырыс» ветеринарлы-профилактикалық іс-шараралардың жүзеге асуын бақылау мен ұйымдастыру іске асырылуда. Ветеринария саласында ҚР Заңнамасын бұзушылықты бақылау қамтамасыз етілген.

«Березовск селолық округінің әкім аппараты» ММ мемлекеттік қызметтерді атқарады: 440 дана көлемінде мал саны туралы анықтамалар мен қолғабысшы шаруашылық туралы мәліметтер берілді, барлық анықтамалар дұрыс ресімделіп белгіленген мерзімінен ұзартылмай берілуде.

«Березовск селолық округінің әкім аппараты» ММ жылына екі рет шаруашылық кітапты анықтау бойынша селолық округтің селоларын аралап шығуды жүзеге асырады.

«Березовск селолық округінің әкім аппараты» ММ жанындағы АҮТ ҚР Президентінің 29 қаңтар 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы мен «Қазақстан 2030» Стратегиясы, Салауатты өмір салтымен, «Қазақстан Республикасының Конституция Күні», «ҚР Еңбек Кодексі», « Мемлекеттік рәміздер туралы» ҚР Заңы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Селолық округ селоларында өз жұмысын учаскелік инспектор полициясы Р.Мұздыбаев басшылығымен жүзеге асыратын ерікті халықтық жасақ құрылды. ЕХЖ құрамына мектеп ұстаздары, шаруа қожалық өкілдері, жай серіктестік төрағалары мен «Березовск селолық округі әкім аппаратының» ММ қызметкерлері кіреді.

Селолық округ мектептерінде, Маяк селосы бос уақыт орталығында және Подорленок селосында тұрғындар жиынында учаскелік инспектор селолық округі тұрғындары мен жастар арасында, оқушылар жағынан құқықбұзушылықты юолдырмауға бағытталған кездесулер мен әңгімелесулер өткізеді.

Селолық округ аймағында 4 құқықтық мектеп жұмыс жасайды, оның оқыту жоспарына «Сыбайлас жемқорлық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын оқыту енгізілген.

«Березовск селолық округі әкім аппаратының» ММ мемлекеттік қызметшілері заңнамамен орнатылған мерзімде кірісі туралы декларация тапсырады.

2011 жылы «Зырян таңы» газетіне селолық округтің әкімі «Өзіңнен баста» айдарына өзіне тиесілі мүлік және кіріс жөніндегі ақпаратты жариялады.

2011 жылға Восточное, Алтынсай селоларының кіре берісіне, Подорленок, Маяк селоларының мектебіне, Маяк селосының зиратына дейін қысқы жол тазалау жұмыстары жоспарлануда.

Восточное, Алтынсай және Ландман селоларының оқушыларын жеткізу іске асырылуда.



Халықтың нашар қорғалған тобына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары жалғасуда.

Березовск селолық округінің әкімі Е.Факеева


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет