Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары
Сынып: 7 (оқыту өзге тілдегі сыныптар үшін)
4-бөлім. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ҚАЛАЛАРЫ ЖӘНЕ ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ
Сыныбы _________________
Күні ___________________
Білім алушының аты-жөні ___________________________
1-нұсқа
Оқу мақсаты:
7.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру
7.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау
7.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу –келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу;
7.2.5.1 диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші -тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру
7.5.1.2 Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы, шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану
Бағалау критерийі:
- тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап береді
- прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдайды;
- эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу –келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады;
- диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші -тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады;
- Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы, шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолданады
Тыңдалым. Мәтінді тыңдаңыз. Мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңыз. 0,5 балл
Ежелгі Түркістан
Түркістан "Екінші Мекке" атанған қасиетті өлке.Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама, тарихшы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген өңір.
Түркістан – араб, қытай, парсылар мен еуропалықтар көз тіккен "Ұлы жібек жолының" ортасындағы ең үлкен қала, күллі түркі жұртының тарихи астанасы.
Түркістанда жүздеген хандарымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен ақындарымыздың, әулие-әмбиелеріміздің мазарлары бар. Бабалар сөзімен айтқанда Түркістан – түмен бап жатқан киелі қабірстан.
Сонымен бірге, Түркістан қазақ хандығының және басқа да сұлтандықтар мен хандықтардың астанасы болған орда жұрты.
(91 сөз)
https://e-history.kz/kz/contents/view/5081
Түркістан туралы не білесіз?
_____________________________________________________________________________
Не себепті Түркістан "Екінші Мекке" деп аталады.?
_____________________________________________________________________________
Қожа Ахмет Яссауи кім?
_____________________________________________________________________________
«Түркістанды күллі түркілерге ортақ қала» дейді. Осы пікірмен келісесіз бе?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Оқылым. Төменде берілген мәтінді мұқият оқып, кейіпкерлеріне талдау жасаңыз 1 балл
Сонау орта ғасырларда елі мен жерін жау найзасынан қорғаған Қарахан есімді батыр өмір сүрген екен. Талай алыпты тағынан түсіріп, қарсыласының алдында тайсалмаған Қарахан батыр қас жауының қызына ғашық болады. Көп ұзамай қыз әкесінің бұл некеге қарсы болатынын білген соң сүйгенін алып қашады. Екі жастың қол ұстасып қашып кеткенін білген әкесі сарбаздарына оларды өлтіруді бұйырады. Қуған нөкерлерден қашамыз деп ғашықтар ұзақ жол жүреді. Арада біраз уақыт өткен соң тоқтаусыз шапқылай беруден шаршаған ару Асу атты өзеннің жағасында аялдауды ұсынады. Хан жарлығын бұлжытпай орындауды жөн көрген сарбаздар Қарахан мен Айша бибіні көре салысымен қыздың сәукелесіне жылан салып қояды.
Судан шыққан Айша бибіні жылан шағып алады. Осы сәтте ғашығының қолында мерт болып бара жатқанын көрген Қарахан алай-дүлей күйге түсіп, мына өмірден баз кешеді. «Бұл жалғанда бірге болу бұйырмаса да, о дүниеде жұбымыз жазылмасын» деп сүйгенін жақын маңдағы молдаға алып барады. Жас жігіттің Мәжнүндей қайысқанын көрген молда ғашықтарға батасын беріп, некесін қияды. (148 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |