Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан
бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Алакөл – тұзды ағынсыз көл. Ол Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шегарасында орналасқан. Көлдің оңтүстік-шығыс жағында Жоңғар қақпасы орналасқан. Батыс жағында Көктума ауылы бар, ол қазақ-қытай шегарасынан 80 шақырым жерде жатыр. Шығысында – Қабанбай ауылы. Бұл ауыл дамыған туристік инфрақұрылымымен ерекше, Қабанбайдың шығысында 15 шақырым жерде Барлық-Арасан курорты орын тепкен.
Алакөл көлі – ішкі су айдындарының арасындағы жалғыз ағынсыз көлдер. Соның ішінде оған Емел өзенінің 15 саласы құйылады. Алакөл көлінің суы теңіз суы сияқты.
Орталықта Алакөл аралдары бар: Үлкен, Кішкене Аралтөбе, Белқұдық және т. б. Жағалауының климаты шұғыл континенталды.
1. Алакөл қандай көл?
__________________________________________________________________
[1]
2.Алакөл қайда орналасқан?
__________________________________________________________________
[1]
3. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін тақырыбы бола алады?
А) Ел іші - алтын бесік.
В) Туған жер - алтын бесік.
С) Айлалы батыр алдырмас.
Д) Көп тілегі-көл.
[1]
4. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
а. Жетілген_____________
в. жылдам_______________
с. дара ____________
[1]
5. Мәтіндегі оқиғаларды ретімен орналастырыңыз.
Оқиғалар
|
Реті
|
Орталықта Алакөл аралдары бар.
|
|
Шығысында – Қабанбай ауылы.
|
|
Алакөл – тұзды ағынсыз көл.
|
|
Жоңғар қақпасы орналасқан.
|
|
[1]
Жазылым
Болымды және болымсыз етістіктерді қолдана отырып, Қазақстан халқының бірлік күні қалай тойланатыны туралы досыңызға хат жазыңыз.
__________________________________________________________________
[10]
Достарыңызбен бөлісу: |