Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектілерінің тiзбесiн және ерекше



жүктеу 30.52 Kb.
Дата15.06.2016
өлшемі30.52 Kb.
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 06.05.2010 20:22:34
Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектілерінің тiзбесiн және ерекше

мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiндегi шаруашылық қызметтi реттеу

құқықтық режимiнiң ерекшелiктерін бекiту туралы Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2004 ж. 21 қаңтардағы N 59 қаулысы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнің 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiліп отырған:

1) ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерінің тiзбесi;

2) ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiндегi шаруашылық қызмет реттеу құқықтық режимiнің ерекшелiктерi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Yкiметiнiң

2004 жылғы 21 қаңтардағы

N 59 қаулысымен



бекітілген

Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің

тізбесі

1. Каспий теңізі

2. Балқаш көлі

3. Зайсан көлі

4. Алакөл көлдер жүйесі

5. Ертіс өзені

Қазақстан Республикасы

Yкiметiнiң

2004 жылғы 21 қаңтардағы

N 59 қаулысымен

бекітілген

Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілеріндегi шаруашылық

қызметті реттеу құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi

1. Қоршаған орта мен өңiр экономикасына басым әсер ететiн, табиғи гидрологиялық жағдайлары, жануарлар дүниесi мен өсiмдiктер дүниесi едәуiр дәрежеде сақталған және сондықтан шаруашылық қызметтi реттеудің ерекше құқықтық режимін талап ететiн неғұрлым iрi табиғи су объектілерi ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi (бұдан әрi - EMMCO) деп танылады.

2. EMMCO-да шаруашылық қызметтi реттеудің ерекше құқықтық режимін енгiзудің мақсаты:

әрбiр EMMCO мен оның бассейнінің табиғи ерекшелiктерiне, су шаруашылығы саясатына және экономикалық жағдайларға сәйкес су ресурстарын басқару жүйесін қалыптастыру;

су шаруашылығы проблемаларын шешу кезiнде билiктің мемлекеттік органдары, жергіліктi өзiн өзi басқару органдары және су пайдаланушылар арасында өзара iс-қимылдың тиiмдi тетiктерін жасау болып табылады.

3. Су ресурстарын кешенді түрде пайдалану мен қорғаудың бассейндiк схемаларын әзiрлеу кезінде мыналарды:

экономика салаларының экологиялық, мәдени және тарихи құрамдас бөлiктерiмен мүдделерi теңдестiрiлуiн, табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жiберу көлемiн, EMMCO-дағы судың қолайлы деңгейін айқындауды;

шаруашылық қызметiн бұзылған аумақтарда су объектiлерiн ластанудан қорғаудың технологиялары мен инженерлiк-технологиялық құралдарын жасауды; ауыл шаруашылығы мен табиғи ландшафтардың сарқынды суынан EMMCO-ны қорғау жөніндегі жүйелер мен iс-шараларды, EMMCO аймақтарында орналасқан қалаларды жауын-шашын мен ерiген қар суынан тереңдете тазарту жүйелерiн әзiрлеудi қамтитын шаруашылық қызметті реттеу режимi жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеуге қосымша талаптар қойылады.

4. EMMCO бассейніндегi шаруашылық қызмет режимi мынадай қағидаттарға сай болуы тиiс:

1) санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық ахуалды сақтауға әрi жақсартуға бағытталған қызмет түрлерiнің басымдылығы;

2) шаруашылық қызметтiң су объeктiлерiндегi экологиялық жүйеге және санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға әсерiн ұдайы азайту;

3) орнықты даму қағидаттарына негiзделген әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешудiң теңгерiмдiлiгi және ЕММСО-ны қорғау;

4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың мiндеттi түрде жүргiзiлуi;

5) су объектілерiнің жай-күйiне, қоршаған ортаға, халықтың экологиялық қауіпсiздігі мен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына терiс әсер етуi мүмкiн шаруашылық және өзге де шешімдердің дайындалуы мен қабылдануы үшiн қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.



5. EMMCO аумағында тыйым салынған шаруашылық қызметтің түрлерi Қазақстан Республикасы Су кодексiнің 130-бабында айқындалған.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет