«Қазақ тілі мен әдебиетінен» эсселер жинағы


Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы оқиғаның тарихи шындық екенін



Pdf көрінісі
бет19/31
Дата30.05.2024
өлшемі336.49 Kb.
#502130
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Эссе жинағы

19. Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы оқиғаның тарихи шындық екенін
дәлелдеп жаз
Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары 
 егжей-тегжейлі айтылған «Бесеудің хаты» - 
қазақ зиялыларының тоталитарлық 
тәртіпке наразылығының бір көрінісі.
(Тұрсын Жұртбай)
Жиырмасыншы ғасырда халқымыздың басынан небір нәубет өтті. Соның бірі -
ашаршылық. Ұжымдастыру науқаны халқымызды негізгі кәсібі мал шаруашылығынан
ажыратып, малынан айырған еді. Малынан айрылған ел жаппай аштыққа ұрынды. Қолдан
ұйымдастырылып, халқымызды қынадай қырған сол зымиян саясатқа ашық қарсылық танытып,
сын сәтте батылдық танытқан қазақ зиялылары да болды. 
Осы аты шулы оқиға туралы жарты ғасырға жуық өткен соң, қайсар жазушы Шерхан
Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасын жазды. Халқымыздың батыр ұлдарына ескерткіш
орнатқаннан да жоғары шығарманың әдебиеттегі салмағы алтыннан да ауыр, көркем шығарма
ретінде жарық көрсе де, тұнып тұрған тарихи шындық. Бұған бірнеше дәлелдер де бар.
Бірінші дәлел, хат Сталинге арналғанымен, Голощекиннің қолына түскен “Бесеудің
хатын” Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков, Мұташ Дәулетқалиев,
Қадыр Қуанышев сынды ел азаматтары бірігіп жазған еді. Наразылық хаты сұрапыл кезеңнің
шындығын көрсеткен құжат ретінде тарихта қалды. Бодандыққа көнгісі келмейтін өр рухтың
бұлқынысынан Кремль де сескенді. 
Екінші дәлел, “Бесеудің хаты”: “... Мал басының қисапсыз кемiп кетуi мен көптеген қазақ
аудандарын қамтып, адамдардың жаппай қырылуына әкеп соққан ашаршылық жөнiнде әлi
күнге дейiн ауыз ашпай отыру қаншалықты дұрыс?..» деген батыл сауалмен басталып, дәлелді
дәйектермен жалғасады. 
Үшінші дәлел, жазушы Ғабит бюро отырысы соңында Голощекиннің көзіне тура қарап:
“Сендер қисапсыз қылмыстарыңнан мәңгі бақи құтыла алмайсыңдар. Ал, атыңдар!” деп
қасқаяды. Жазушы сөзі қазақтың жоқшысы болар азаматтардың бар екенін, әлі де туылатынын
сездірген еді.
Қорыта айтқанда, «Бесеудің хаты» - жас ұрпаққа азаттықтың қандай қасіретпен келгенін
ұғындырар сүбелі туынды. Біз қуғын-сүргін құрбандарын, Алашты қызыл қырғынынан аман
алып қалған арыстарымызды тек мамырдың аяғында, белгілі бір күні ғана еске аламыз. Әлі де
ашыла қоймаған тың деректер көп, құрбандар саны да нақты анықталмаған. 
Бұл жөнінде тарих ғылымдарының докторы, алаштанушы Мәмбет Қойгелді:
Ашаршылық құрбандарының санын, қажет болса, аты-жөнін анықтауымыз керек. Саяси
құрбандарды да түгендеу керек. Алматы мен Астанада ғана емес, облыс орталықтарында,
аудандарда аты-жөні қашалған ескерткіштер болуы керек. Бұл - әлем халықтарының жасап
жатқан әрекеті. Себебі халық, ұрпақ оларды білуі тиіс. 331 сөз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет