«Қазақ тілі мен әдебиетінен» эсселер жинағы


Зияткерлердің сыртқа кетуін қалай тоқтатуға болады?



Pdf көрінісі
бет30/31
Дата30.05.2024
өлшемі336.49 Kb.
#502130
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Эссе жинағы

30. Зияткерлердің сыртқа кетуін қалай тоқтатуға болады? 
Бөтен елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
(Халық мақалы)
Қазіргі таңда мұхит пен теңіз асып, білім қуған жастар саны күннен-күнге артып отыр.
Жыл сайын мемлекеттің білім жүйесін дамыту үшін тілі жат елге барып, отбасынан жырақта
білім алып жатқан жастар қаншама?! Өкінішке орай, олардың көпшілігі елге қайтпай сол елдің
ғылымының көсегесін көгертіп жүр ғой, Оларды елге қалай қайтарамыз?
Жастардың білім алуы үшін Қазақстан Үкіметі арнайы «Болашақ» бағдарламасы арқылы
көптеген талантты жастарға мүмкіндік сыйлады. Мақсат біреу ғана: болашақ отандық
мамандардың сапалы білім алып, отбасына, мемлекетке пайда әкелуіне жағдай жасау.
Халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметтеріне сәйкес, бағдарлама жүзеге асырылып
келе жатқан 26 жылдың ішінде 13 870 стипендия тағайындалды. Ал қазіргі уақытта 1 199
стипендиат шетелде білім алуда. Олдардың 12 мыңы елімізге келіп өз пайлдасын тигізуде екен,
(https://lenta.inform.kz/kz/bolashak-bagdarlamasy-kazakstannyn-brendi_a3590562) ал қалғандары
қайда? Олар елге қайтып келуге неге құлықсыз? Осылардың себебіне нақты үңіліп келген біреу
бар ма?
Соңғы 20 жылда елде зияткерлердің кетуі, олардың Америкаға барып, ірі компанияларда
белді қызметкер болуы біздің елімізге көп зиянын тигізген жоқ. Ғалымдардың зерттеуінше, бұл
– қалыпты үдеріс болып есепетелінеді. Үндістандағы IT мамандарының Америкаға қоныс
аударуы елдегі IT секторының дамуына ықпал етті, көптеген халықтың компьютер ғылымдарын
зерттеуге ынтасы артты. Алайда бәсекелестіктің жоғары болуынан олардың бір бөлігі ғана
шетелге кетуге мүмкіндік алды. Қазақстанда бұл мәселенің өзектене түскенін соңғы он
жылдықта ағылшын тілін меңгеруге бет бұрған адамдар санының көбеюімен түсіндіруге
болады. Отбасы мүшелерінің біреуінің шетелге қоныс аударуы нәтижесінде ата-анасына ақша
жіберіп, бауырларының оқуына мүмкіндік жасап отырады. Ал туған жеріне қайта келген соң,
білікті және сұранысқа ие маман ретінде білімін көрсетіп, ел экономикасын арттыруға ықпал
етеді. Сонымен қатар өз отбасының әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік алады.
Әлемдік тәжірибеде миграцияға шектеу қою да зиян. Инвестиция үзіліп, ғылым мен
инновация дамымай қалады. Жаңа дағдыларды үйрену үшін шетелдегі туыс-достарымен
байланысын үзіп алады. Енді зияткерлерді басқа елге жіберудің де зияны көп. Оны қалай
тоқтататамыз?
Зерттеушілердің пікірінше, таланттардың шетке ағылуын азайту үшін туып-өскен
еліндегі балама мүмкіндіктерді қарастырған абзал. Арнайы жобалар жасау қажет. Онда
таланттарды ашу, дамыту және өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін толықтай көрсетуіне, өзіне


лайықты мансап биігіне көтерілуіне жағдай жасау жолдарын табу міндет. Сонда жоғары оқу
орны түлектері арасындағы жұмыссыздық мәселесі де оңтайлы шешіледі. Елдің
интеллектуалдық әлеуетін көтеру мүмкіндігі артады. https://atamuraweb.kz/?page_id=20022
Меніңше, өзге елде сұлтан болғанша, өзеліңде ұлтан болғаннға не жетсін?!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет