Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым



бет1/3
Дата02.01.2022
өлшемі73.92 Kb.
#453680
  1   2   3
Жумабек Е БОЖ КАЗ ТАР



БӨЖ-дік жұмыс.



  • Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым.


Орындаған : Жұмабек .Е

Тобы: И(о)-19К

Тексерген:Бимаханова.З



Петропавл,2021

Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым.

  • 1.Республика азаматтарының сауаттылық деңгейі.

  • 2.Ағарту мекемелері жүйесінің кеңеюі.

  • 3.Емтихан сынақтарының енгізілуі.

  • 4.Ұлттық мектептерге орыс тілі пәнін енгізу.

  • 5.Мәдениеит мекемелерінің патриоттық тәрбие беру жұмыстары.

  • 6.Жоғары оқу орындарын ашылуы.


1.Республика азаматтарының сауаттылық деңгейі.

Еліміздің шығыс аудандары мен Қазақстанның халық шаруашылығының түбегейлі мәселелерін зерттеп, соның негізінде жасалынған ұсыныстарынды іске асыруға академи В. О. Комаров бастаған КСРО Ғылым Академиясының және қазақ бөлімшесі Президумының төрағасы, көрнекті ғалым Қ. И. Сәтбаев бастаған республиканың жүзден аса ғалымдары қатысты. Олар қазба байлықтың көптеген жаңа орындарын ашты, олардың майдан мүддесі үшін тез игерілуіне үлес қосты. Ғалымдар, жоғары оқу орындарының ұстаздары, мектеп мұғалімдері және тағы басқалары халық арасындағы идеялық-тәрбие беру саласында үлкен жұмыс жүргізді. Денсаулық сақтау қызметкерлері қажырлықпен еңбек етті. Соғыстың арқасында емханаларда емдеуде болған жаралы жауынгерлердің жетпіс пайыздан астам қайтадан қатарға қосылды. Соғыс кезінде 118 техникумнан 92-сі сақталды, онда оқитын оқушылар саны тек 389 адамға ғана қысқарды. 1941ж дейінгі 20 жоғары оқу орына 1944 ж жаңадан 5 институт қосылды. Олар: Алматы шетел тілдері, Шымкент технологиялық, Қазақ дене тәрбие институттары, Алматы консерваториясы, Қазақ педогогикалық қыздар институты. Республика жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің саны 1941 ж 10,4 мыңнан 1945 жылы 15 мыңға дейін өсті. Осындай қиын-қыстау күндерге қазақ совет әдебиетін дамытуға үлкен көңіл бөлінді. Соғыс кезінде А.Толстой айтқандай, кеңес поэзиясының алыбы Жамбылдың өлеңдері Отан қорғауға шақырған қаһарлы дабыл іспеттес болды. Оның “Ленинградтық өрендерім” атты өлеңінің өнегелік те, тәрбиелік те, мәні зор еді. Майдангер ақын Қ. Аманжолов “Жеңістің, дауыл мен оттың жыршысымын” деп орынды айтты. Н. Тихонов айтқандай, оның “Абдолла” поэзиясының інжу-маржанына айналды. Партизан шоғырының комиссары Ж.С. Саинның шығармаларын есімі естен кетпейтін Назым Хикмет “Кеңес Одағының барлық халықтарының мызғымас достығының белгісі” деп атады. М. Әуезовтің соғыс кезінде “Абай” эпопеясының бірінші кітабын жазуы, қазақ әдебиетінің әлемдік аренаға шығуына жол салды. Қазақ әдебиетімен бірге қазақ өнері де дамыды. Соғыстың алғашқы үш жылы ішіндеҚазақстан өнер шеберлері өздері қамқорлыққа алған ұжымдарда 20 мың спектакль мен концерттер көрсетті олардың ішінде мыңнан астам концерт майдан шебінде берілді соғыс жағдайы ғылым мен мәдениеттің одан әрі өркендеуіне белгілі бір дәрежеде кедергі жасады . Aлайда соғыс кезінен жағдайлары алға қойған міндеттерді орындауға байланысты ғылымның кейбір бағыттарына шапшаң қарқынмен дами бастады

1942 жылы КСРО-ғк Қазақ филиалы жанынан аспирантура ұйымдастырылды соғыс жылдары онда 237 адам оқыды , 63 докторлық және кандидаттық дисертация қорғалды . Ғылыми және ғылыми - техникалық қызметкерлердің саны 1940 жылғы 152 - ден 1945 жылдың аяғында 864 - ке жетті . Олардың ішінде КСРО ҒА - сының академигі мен корреспондент мүшесі , 57 ғылым докторы , 184 ғылым кандидаты . ВАСХНИЛ - дің Қазақ филиалы жүйесінде 600 - ден астам ғылым еңбек етті , олардың ішінде 34 ғылым докторы мен кандидиты болды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет