Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



Pdf көрінісі
бет11/25
Дата24.01.2024
өлшемі367.35 Kb.
#489813
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
аза тілі (о ыту аза тілінде) п нінен то санды жиынты ба ал

Барлығы 
40 
минут 
30 


Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі 
«Қазақ тілі Т1» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 
 
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма  
1. 
Мәтінді оқып шығыңыз. Тақырыбын ашып, автор көзқарасын талдап, мазмұндауда 
қолданыңыз, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты 
тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. 
Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп 
санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, 
пікіріңізді білдіріңіз. [10]
 
1-
мәтін 
Бір айдаһар аюды қуып бара жатады. Мұны көрген аңшы батыр айдаһарды өлтіріп, 
аюды құтқарып алады. Аю өлімнен құтқарып алғаны үшін батырға шексіз алғысын білдіріп, 
аңшы қайда барса, соның артынан қалмай жүретін болады. Көрген елдің бәрі «Аю – 
жыртқыш аң. Абай бол!» – десе, аңшы: «Айдаһардан құтқарып алғаным үшін бұл аю менің 
адал, сенімді серігім болды», – дейді. Елдер: «Ақымақтың достығы жамандығынан да жаман. 
Сен аюға сенбе!» – десе, батыр: «Мұның бәрін қызғаныштан айтып отырсыңдар. 
Қарасаңыздаршы қандай сүйкімді! Бейшара аюдың мені қатты жақсы көретінін қалайша 
түсінбейсіңдер», – дейді. Ақымақтың махаббаты алдамшы болатынына сенбейді. Аюдан бас 
тарта алмайды. 
Бір күні аңшы ұйықтап жатқанда, бір маса бетіне келіп қонады. Аю батырдың 
ұйқысын мазалап тұрған масаны қуып ұшырып жібереді. Маса ұшып-ұшып, қайтадан 
жігіттің бетіне келіп қонады. Мұны көрген аю әбден ызаланып, маса отырған жерге үлкен 
таяқ лақтырады. Сол кезде маса ғана емес, жақсы көрген аңшыны да өлтіріп жібереді. 
Осылайша жақсылық жасаймын деп, жақсы көргенді өлтіреді. 
2-
мәтін 
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес 
білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын 
бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның
ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, 
ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. 
Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, 
достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар
ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ. 
Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін 
тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер 
бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің 
төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет