B.
Қарттар үйін паналаушылардың көбеюі, баланың ата-
анасына деген сүйіспеншілігінің жоғары болуынан.
C.
Халқына жаны ашымаған адамдар жемқорлыққа
салынады.
2.
«Адам баласының достық сезімі адаммен бірге жаратылады» деген тұжырым бар.
Сіздің ойыңызша, достық сезімі адамның бойында туылғаннан бола ма, әлде өсе келе
қалыптаса ма? 4-5 сөйлеммен жауап беріңіз.
[3]
__________________________________________________________________
Ә мәтіні
Достар
Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, 3 баласы бар. Екіншісі - бойдақ.
Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын.
Күннің бірінде бойдақ жігіт ішінен: «Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз
дұрыс болмады», – деп ойлайды. «Мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп
қажеттілігім де жоқ». Осындай оймен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын
түрде досының үйі алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: «Өнім
мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым
бар – қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ,
қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды», – дейді. Осылайша бұл досы да түн
жамылып, үйден шығып, досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Екеуі
қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде
бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғысып қалады. Сонда ғана болған
жағдайды түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып, достар бір-біріне деген адал ниеті мен
достығы алдында көз жастарын тия алмады.
1.Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз.
[2]
№
Тұжырым
Дұрыс
Бұрыс
A.
Жалғыз тұратын адамның қажеттілігі де, шығыны да аз
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |